«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Бауыржан Еңсепов: Темірбек Жүргенов елге ғана емес, алты Алашқа да қызмет еткен

2999
Бауыржан Еңсепов: Темірбек Жүргенов елге ғана емес, алты Алашқа да қызмет еткен
Жалпы бүгінгі күнге дейінгі зерттеулер мен оқулықтардың барлығында Т.Жүргеновті Тәжік ССР-інің қаржы наркомы ретінде көрсетеді. Біз осының нақты құжатына қол жеткіздік

Бауыржан Бердіқожаұлы,  сіздер біраз жылдар бұрын Өзбекстан және Тәжікстан мұрағаттарында жұмыс істеп келгендеріңізді айтқан болатынсыздар. Не жаңалықтарыңыз бар?

Иә, әріптес-досым, тарихшы-ғалым Уалихан Серікұлы Ибраев екеуміз2014 жылдың қаңтар айының 4-і мен 12-сі аралығында Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбе қаласында болып, Орталық мемлекеттік мұрағатта жұмыс істедік. Соның нәтижесінде мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргенов туралы тың деректер мен еш жерде жарияланбаған жаңа фотосуреттер табылды. Атапайтқанда, ВКП(б) Орталық Комитеті Ортаазиялық бюросының қаулысы бойынша 1929 жылы Т.Жүргенов Тәжікстанға жіберіледі. Жалпы бүгінгі күнге дейінгі зерттеулер мен оқулықтардың барлығында Т.Жүргеновті Тәжік ССР-інің қаржы наркомы ретінде көрсетеді. Біз осының нақты құжатына қол жеткіздік.

Бұл дегеніңіз қазақтың оқыған-тоқыған интеллигент азаматтарының тек қазақ елі ғана емес, сонымен бірге түрік тілдес, алты алашқа да айтулы еңбегі сіңген болып тұр ғой.

Сіз дұрыс аңғарып отырсыз. Ал, мұрағат құжаттарына қарасақ 1929-1930 жылдары Т. Жүргенов Тәжік АССР-ның Орталық Статистикалық Басқармасының бастығы қызметін атқарған. 1929 жылдыңаяғындаТәжік АССР-інің мемлекеттікқұрылымынТәжік ССР-і етіп өзгерту жөніндегіқұрылған комиссия құрамына қатынасып, өзі басқарып отырғанстатистикалық басқармадан тағыда 4 біліктімаманды комиссия құрамынақатыстырған. Ол Орталық Статистика басқармасының басшысы болып жүрген уақытындаТәжік елінің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағынан тұрақтануына, мемлекеттік аппарат қызметтерінің қалыптасып, жүйелі жұмыс жүргізуіне зор еңбек сіңіреді.Орталық Статистика басқармасының басшысы қызметінде абыройлы жұмыс жүргізіп, таза әрі әділетті еңбек ете білген Т.Жүргеновті, 1930 жылдың сәуір-мамыр айларында Тәжік ССР-інің Қаржы халық комиссары (НАРКОМ ФИН) етіп тағайындайды.

Темірбек Жүргеновтің Тәжікстанға бір кісідей еңбек сіңірген екені құжаттармен айғақталып отыр екен. Біздің көптеген тарихшы ғалымдарымыз тар аяда қалып қоятындай көрінеді де тұрады. Осылардың басты көсемі деп танылған Әлихан Бөкейханды да әлемдік ұлы қайраткерлердің қатарында десек, қарсы шығатындар табылады. Тәжік саяси қауымы мен ғылыми ортасы Жүргеновті қалай таниды?

Тәжікстанның экономикасы мен шаруашылығын көтерген, Өзбекстан мен Қазақстанның білімі мен мәдениетін жолға қойған Темірбек Қараұлы Жүргеновке Душанбе мен Ташкент қалаларынан ескерткіш орнатып көше беру баба аруағына жасаған құрметіміз болар еді.

Қаржы наркомы ретінде елдің экономикалық тұрғыдан өсуіне мүмкіндігінше мол қаражат бөліп, жергілікті ұлт өкілдері жастарының Совет мемлекетінің білімі мен ғылымы шоғырланған ірі орталықтары Мәскеу, Петербор, Томск, Ташкент секілді қалаларда білім алып, жоғары білікті маман болып қалыптасуына үлкен еңбек сіңіреді. Дегенмен қазіргіТәжікеліндегі элита өкілдерініңТемірбек туралы білімінің төмендігін көріп, таңқалдық. 2013 жылы Тәжікстан Қаржы министрлігін басқарған басшылар туралы кітапшада 1930 жылыТәжік қаржы наркомы Т.Жүргенов туралы жазылмаған, яғни, 1929-1930 жылдарды аттап кеткен. Осы жылдары басқарған Темірбектің есімі неліктен аталмаған деп сұрағанымызда документ табылмағандықтан жазбағанын айтып құтылды. Соныменбірге, Тәжікстан Орталық мемлекеттік мұрағатының қорларындағы құжаттаржәне оның сақталуы өте төмен деңгейде. Көптеген құжаттар жоғалған. Орталық мұрағаттағы құжаттардың жалпы саны 2000-дай ғана.

Табылған құжаттарды Қазақстанның тарих ғылымына қостыңыздар ма? Ғылыми жинақ болып жарық көрді ме? Тарихшылардың бағасы қандай?

2014 жылы «Фолиант» баспасынан тарихшы ғалымдар Айтжан Жұмабайұлы Оразбақов, Уалихан Серікұлы Ибраев және Бауыржан Бердіқожаұлы Енсепов құрастыруларымен Темірбек Жүргенов мұрағат құжаттарында атты 10-баспа табақ көлемінде құжаттар жинағы шықты. Онда Т.Жүргеновтың қызметіне қатысты Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан Орталық мемлекеттік мұрағатындағы құжаттар көрсетілді. Сонымен бірге жоғары жоғарыда аталған авторлар «Сыр бойы» газетіне Т.Жүргеновтың Тәжік еліндегі қызметі тақырыбында мақала жариялады. 2014 жылы қыркүйек айында өткен «Орта Азия мен Қазақстанның білімі мен мәдениетін дамытудағы Т.Жүргеновтің рөлі және рухани мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Т.Жүргеновтың өмірі мен қызметі туралы біршама зерттеулеріміз жарық көрді. Қазіргі таңда ғылыми айналымға енді.

 

 

Заңғар КӘРІМХАН

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)