«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Ғасырдан астам тарихы бар Ахмет қалпе мешіті

3007
Ғасырдан астам тарихы бар Ахмет қалпе мешіті
Мешіттің аты неліктен Насыр Ахмет қалпе атында десеңіз. Ахмет қалпе мешіт біткен жылы дүниеге келіп, 1937 жылы большевиктер қолынан қазақ табады.

Ақтөбе облысының Темір ауданындағы Ахмет қалпе мешітінің 110 жылдық тарихы бар. Мешітті 1905 жылы Орынбордан келген көпес Мәжит Батхуллин салдырған. Орынбордан келген бай Мәжит Темір ауданында екі рет болып, Қарақамыс жәрмеңкесіне қатысқан. Жергілікті тұрғындардың көпшілігі Мәжит Батхуллинді қазақ десе, кейбірі татар дейді. Десе де Орынбор көпесі мешітті салуға патша өкіметінен рұқсат алып, өз қаражатына салдырған.

e7da87f42b8036c0daa331f470a70ce6.jpg

Мешіт тастан қаланып, шатыры қаңылтырмен жабылған. Мешіт – сипаттамасы солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытталған тікбұрышты (10х22 м) екіқабатты ғимарат. Мешіт қабырғасы сұрыпталып, әктас пен цемент қоспаларымен өңделген. Солтүстік қасбетте ағаш шатырлы жапырақты темірмен қаптаулы жарты айлы 8 қырлы минарет қондырылған. Дәл осы қасбетте ғимаратқа кірер есік қондырылған. Қабырға екі қатарлы терезе мен қабатаралық ернеулермен бөлінген. Ғимарат жабындысы алғашынан жапырақталған темірден болған. Ғимарат интерьері жоспар бойынша құранды 3 бөліктен тұрады. 

Ғимараттың аты неліктен Насыр Ахмет қалпе атында десеңіз. Ахмет қалпе  мешіт біткен жылы дүниеге келіп, 1937 жылы большевиктер қолынан қазақ табады. Мәжит көпес салдырған мешітте имамдық қызмет атқарып, медресе жанынан балаларды оқытады. ХХ ғасырдың басында халықтың діни ағартушылық бағытында аянбай қызмет атқарып, жергілікті халықтың қошеметіне бөленген Ахмет қалпенің есімі осылайша  мешіт атына берілген. Кеңес өкіметі кезінде көне ғимарат интернаттың жатақханасы қызметін атқарды. 

62c56047d3af3dbd6a7027c3a8b55773.jpg

Қысқасы, Меккеде қонақ үй салдырған Досжан хазіреттің туған топырағында, салынғанына кемі жүз жыл болған еңселі мешіті бар жерде теріс ағымның таралуына мүмкіндік бермейтін керемет тарих пен дәстүр жатыр. Бәріміздің міндетіміз тек соның барынша жарнамасын келістіріп, атамыз бен апамыз дініне берік болғанын насихаттау болса керек. Осы кезге дейін Ақтөбеден екі жүз шақырымдай алыста, даланың ортасында жүз он жылдық тарихы бар керемет мешіт барын біліп пе едіңіз? 

Өркен КЕНЖЕБЕК