Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

1961 ЖЫЛЫ 11 ҚАЗАНДА ЖЕР АСТЫ ЖАРЫЛЫСЫ БОЛДЫ

3403
1961  ЖЫЛЫ 11 ҚАЗАНДА ЖЕР АСТЫ ЖАРЫЛЫСЫ БОЛДЫ  - e-history.kz
Тарихымыздың қайғылы беттерінің бірі – халқымыздың басына зор қасірет алып келген Семей полигонында сынақ жасалған кезеңі

Полигон жұмысының нәтижесіне әділ бағаны оның тарихи кезеңдерін ашып көрсетпестен беру мүмкін емес. Одан да бетер қасірет алып келген жер асты жарылыстары болды. Ол 1961 жылдың 11 қазанынан бастап 1989 жылдың 19 қазанына дейін жалғасты. Бұл жарылыстар мынадай үш жұмыс алаңында өткізілді:

 • Дегелең тау сілемі (штольняларда); 

 • Балапан алаңы (ұңғымаларда); 

 • Сарыөзен және Телкем алаңы (ұңғымаларда). 

ce3a9c6c5d4fc2f78d643a99a791e365.jpg

 Ядролық сынақтар тарихы 1949 жылдың 29 тамызынан басталады, дәл сол күні алғашқы ядролық жарылыс жүзеге асырылған болатын. Полигонда барлығы 340 жер асты ядролық сынақтар өткізілді, онда 500 ядролық зарядтар жарылды. Қоршаған ортаның қатты ластануына алып келген екі жер асты жарылыстары 1965 жылдың 15 қаңтарында 1004 ұңғымасында және 1965 жылдың 14 қазанында 1003 ұңғымасында өткізілді. Осы екі сынақтан кейін Шаған және Ащысу өзендерінің қосылатын жерінде жарылыс салдарынан пайда болған үйілген бөгет арқылы құрғақ далада жасанды су қоймасы пайда болды. 

27a0d4107d0f2379eb354483539ad0b7.jpg

Семей полигонында қуаты 1 кт тротил эквивалентін құраған алғашқы жер асты сынағы 1961 жылдың 11 қазанында В-1 штольнясында жүргізілді. Сынақтардың негізгі мақсаты жер астында радиоактивті заттарды сақтай отырып, жер асты ядролық жарылыстарын өткізу технологияларын өңдеу және есептеу болды. Үш ортада (ғарышта, ауада және суда) ядролық сынақтарды өткізуге тыйым салу туралы халықаралық шарт жобасы дайындалып жатқандықтан, Кеңес Одағында ядролық қарудың жер астында, ұңғымалар мен штольняларда өткізуге дайындық басталды. «Ядролық сынақ» және «ядролық жарылыс» деген екі ұғымның арасында түбегейлі айырмашылық бар. Өйткені, бір ядролық сынақ ішінде бірнеше ядролық жарылыстар болуы мүмкін. Мысалыға, Семей полигонында бір сынақ барысында бір мезгілде бес ядролық жарылыс болған. Барлығы 30 жыл ішінде (1961-1990 жж.) КСРО-да 496 ядролық жарылыс өткізілген, оның ішінде Семей полигонында – 340. КСРО-ның жер астында жарылған ядролық жарылыстардың жалпы саны – 750 заряд, оның ішінде Семей сынақ полигонында – 491. 

А. СҮЛЕЙМЕНОВ 

Пайдалынылған әдебиет: 

Семипалатинский полигон (создание, деятельность, конверсия). – Алматы, 2003. – 344 б.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?