Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Шин Шокита: Кеңістікте қайнаған өмір болуы керек

1661
Шин Шокита: Кеңістікте қайнаған өмір болуы керек - e-history.kz
Жапон дизайнері, сәулетші Шин Шокита Қазақстанда өзінің бірегей тұжырымдамаларымен және сәулеттік бастамаларымен белгілі. Ол Астанаға «Астананың мәдени мәтіні» конференциясына қатысу үшін келді

Сәулетші Шин Шокита «Астананың мәдени мәтіні» конференциясына баяндама жасады. «Сырт көз – сыншы» дейді халық даналығы. Шин Шокита да Астананың сол жағалауының қала кеңістігіне шетелдіктің көзімен қарап көруге талпынды. Ол Сулы-нулы желекжолдың сәулеттік ерекшеліктері туралы әңгімелесуді ұсынды.

Қала орталығына баратын бағыт бойынша ось бойынша түрлі әдемі ғимараттар орналасқан. Мысалы, Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің бас ғимараты – «Нұр Әлем» алыстан көзге шалынады. Бірақ қаланың орталық көшелерінде адам қарасы көрінбейді. Егер тура жүре берсеңіз британдық сәулетші Норман Фостер жобалаған, киіз үй іспеттес «Хан Шатыр» СОО  келіп тірелесіз. Астана жоспарында Батыстан Шығысқа қарай бағытталған ось анық көрінеді. Бұл ось астана құрылысы басталар кезде Кисе Курокава мырза ұсынған қаланың бас жоспарында көрсетілген.

«Хан Шатырдан» бастап ось бойымен серуендеп келе жатқан жапондық дизайнер кейбір сәулеттік ғимараттарға қарап, таңданысын жасырмады. Мысалы, «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ ғимараты қақпа түрінде салынған, одан «Бәйтеректі» көруге болады. Ол нүктеге дейін автобус немесе машинамен баруға болады, бірақ осы осьтің кеңістігін сезіну үшін жаяу жүріп өткен абзал.

«Хан Шатырмен» бірге осы осьте астананың символы – «Бәйтерек» орналасқан. «Қазмұнайгаздан» төмен қарай «Бәйтеректі» бетке алып жүрер болсаңыз әдемі субұрқақты кездестіресіз. Дөңгелек пішіндегі субұрқақ «Қазмұнайгаздың» дөңгелек ғимаратын еске түсіреді. Осьтің тура бойында «Бәйтерек» орналасқан, ал оның жан-жағында түрлі көпқабатты ғимараттар бой түзеген. «Нұржол» желекжолынан кеңістік жазық болып көрінеді, зеңгір көкке қарай бой түзеген ғимараттар ортасындағы «Бәйтерек» алыстан сағымдай болып көрінеді.  

Бұл променадтың орталық сызығы бойынша түрлі зоналар орналасқан, бірақ ол жерлерге адам өте алмайды. «Нұржол» желекжолының орталық алаңында дөңгелек субұрқақ орналасқан. Бұл жер ең биік жер болғандықтан, оған баспалдақ арқылы көтерілесіз. Бұл кеңістіктің екі жағында жаяу жүргіншілерге арналған шағын жол жасалған. Бұл осы променадтың солтүстік нүктесі.

Дегенмен де, адамдар субұрқақтың ортасына қайта айналып келе алмайды. Ауданда адамдардың болмауы осы жердің бостығын көрсетеді. «Хан Шатыр», «Қазмұнайгаз», «Бәйтерек», «Алтын Мұнаралар» және «Ақ орда»резиденция ғимараттарының жүйелілігі қалыптасқан. Бірақ осы осьте адамдардың белсенділігін байқау қиын.

«Нұржол» желекжолының бойында «Керуен» сауда орталығы орналасқан. Бұл қоғамдық кеңістіктердің бірі. «Керуен» мен «Нұржол» бір-бірімен үйлесімді жалғасқан деп айту қиын. Өйткені ось бойынша қоғамдық кеңістік қоршаған ортадан шеттеу орналасқан. «Нұр жол» қоғамдық кеңістігі қаланың негізгі бөлігі, бірақ ол қоршаған ортадан оқшау орналасқан.

Кеңістікке жаңа мән беріп, осы осьты қалайша қоршаған ортамен қосуға болады? Қоғамдық кеңістікті адамдармен және қызған өмірмен толтыру қажет. Желекжол бойындағы ғимараттардың бірінші қабатында кеңселер орналасқан. Адамдар демалатын орынды табу өте қиын. Адамдар демалып, бір-бірімен араласып, бос уақыттарын өткізетін қоғамдық кеңістік керек. Осы осьты айналадағы жағдаймен толтырып, «Керуеннің» жанындағы ашық кеңістікті осьтен бөлмей, үйлесімді біріктіру өте маңызды.

Қала кеңістігін қайнаған өмірге толтыру керек.  Бұл үшін пейзажды қолдану керек. Бұл белсенділікті тудырып, оны жазық кеңістікпен біріктіріп, көлденең жазықтағы сыртқы ортаны толтыруға мүмкіндік береді.  Қала кеңістігі мен қоғамдық кеңістікті кеңейтуге болады. Бұл да қала кеңістігінде белсенділіктің артуына әкеледі. Бос кеңістікке осылайша мән беруге болады. Қалайша осы жерде адамдар белсенділігін арттырып, осьты тартылыс орталығына айналдыруға, Астананың орталығын қалай жаңа орталыққа айналдыруға болады деген сұрақтар Шин Шокитаны мазалайды.  

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?