Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Манаш Қозыбаев: Абылай 28 жасында бүкілхалықтық қайраткерге айналды

3361
Манаш Қозыбаев: Абылай 28 жасында бүкілхалықтық қайраткерге айналды - e-history.kz
«National Digital History of Kazakhstan» интернет порталы «Тәуелсіздік күнделігі» айдарымен «Егеменді Қазақстан» жалпыұлттық басылымының тарихи сандарынан арнайы материалдар топтамасын ұсынады

Ақпараттардың легі саяси-қоғамдық өзгерістерге толы батыл қадамдар, тарихи ақтаңдақтарды ашудағы тың жазбалар, сондай-ақ тәуелсіздік тарихының жаңа парақтарымен басталған жаңа тарих материалдарымен қамтамасыз етеді.

Алғашқы санымызда атақты тарихшы, ұлттық тарих ғылымында тәуелсіздік жылдары Бас тарихшы бейресми атағын иеленген энциклопедист ғалым Манаш Қозыбаевтың «Абылай хан» тарихи-танымдық мақаласын ұсынамыз. Мақала «Егеменді Қазақстан» газетінің 1991 жылғы 2 тамыз күні 3-бетінде жарық көрген.

Бас тарихшының қазақтың ханы Абылай туралы тарихи-танымдық мақаласында ұлы ханның қазақ тарихында алатын орны мен саяси-дипломатиялық қызметтеріне айрықша тоқталады. 

«Қарадан шығып хан сайланған» Абылай өмір жолының бұралаң тұстарын ашып көрсетіп, елді екіұдай пікірге салған деректерді көлденең тарту арқылы Абылайдың асқақ бейнесін тарихи дәлдікпен сипаттайды. Ол өмір сүрген кезеңнің жалпы аужайын, көршілес державалардың іс-әрекеттерін бағамдай отыра, Абылай дәуірінің ерекшеліктерін толық баяндайды. 

939f15e9bee340e61840e9912738d4a8.png

Материалды әзірлеу барысында тарихшы М. Қозыбаев қазақтың авторлық әдебиеті көрнекті өкілдерінің өлеңдерінен мысал келтіре отырып әңгімелеп береді. Осылайша Бұқар жырау жырларының мәңгілік құндылығын айғақтайды.

Абылай дәуірінде өмір сүрген шетелік тарихшылар мен жиһанкездерінің еңбектеріне сілтеме келтіріп, ондағы деректерді сұрыптап, Абылайдың абыройына қатысты сөздерді еш өзгертусіз ұсынады. Айталық, А. Левшин, Бартольд, А.Панкратова секілді тарихышалырдың жазбаларында ұлы ханның асқақ бейнесі, ол өмір сүрген дәуір оқиғалары мен оның жүргізген ділгір саясатының жемісі нақты бағаланады. Тіпті Ресей империясының өзі жастай аты шығып даңқы жайылған Абылай және оның інісі Сұлтанбекпен санасып отырғанын жазады. Сондай-ақ тарихшы ғалым Абылай насихаттай білгенге әлемнің ұлы билеушілері Петр І, Елизавета ІІ және Галдан Цэрэннің қатарында аталуға тиіс қайраткер деп біледі. 

Мұндай дереккөздердің ішінде хан немересі, қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың жазған тарихи еңбектерінің алар орны айрықша. Ол атасы хан Абылайдың адами, азаматтық қасиеттерін мейлінше шынайы, нақты дәлелдермен жаза отырып, пенделік мінездерін де қаламынан тыс қалдырмаған. Автор хан Абылайдың келбетіне көлеңке түсіргісі келген кеселді кітаптың жайына да арнайы тоқталады. Осылайша дәлел-дерегі мол, барынша шынайы, барынша әділетті жазылып, ардагер ханның шынайы болмысын сипаттаған көлемді мақала Абылайдың туғанына 280 жыл толуына орай жарық көргенін айта кетсек артық болмас.

 

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?