Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ізденіс үстінде

1909
Ізденіс үстінде  - e-history.kz
ХХ ғасырдың 30-40-жж Қазақстан жер аударылған поляк халқын қабылдады, көбісі тұрақтап қалып қойып, кейбірі КСРО ыдыраған соң еліне оралды. ЭКСПО қарсаңында Польша өкілдерімен сұхбат.

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Астанаға маршал (Польшада әкімшілік басшысын осылай атайды) Ежи Лещинскийдің басшылығымен Польшаның Подляск воеводасының делегациясы келді. Делегация шағын болғанымен, қамтылуы кең: азық-түлік, металл өңдеу, машина жасау, автокөліктерге арналған газ қондырғысы, түрлі құрылыс материалдары өндірісі саласындағы фирмалар мен компаниялардың өкілдері. Қатысушылардың айтуынша, польшалық өнімдер қазақстандық нарықта бұрыннан бар, бірақ кез-келген бизнес бір орында тұрып қалмауы керек, сондықтан олар Қазақстанға экономикалық ынтымақтастық бойынша серіктестер табу мақсатында ұшып келген.

- Подляск воеводствосы – Польшаның солтүстік-шығысы, Литвамен және Беларусиямен шекаралас орналасқан, Еуропа мен Шығысты қосып Ұлы Жібек жолында тұр, - деп, Ежи Лещинский ауданның стратегиялық маңызын баса айтты. Біз арқылы ВИА Балтика, ВИА Карпатиа жылдам автомагистральдары, балтық жағасы мемлекеттерін қосатын «Рейл Балтика» теміржолы өтеді. Беларусь арқылы Подляс воеводствосына апаратын «Жаңа Жібек жолы» бағдары Польша үшін көлік дәлізінің маңызды бағыты болып табылады. Воеводствоның шаруашылық қызметінің басты саласы – ауыл шаруашылығы. Бұнда Польшада өндірілетін барлық сүттің 20% өндіріледі. «Mlekovita», «Пятница» компаниялары Польшада өндірілетін барлық сүттің 40% өңдейді. Бүгінгі күні басты назар құрғақ сүт өндірісіне бөлінуде. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы машиналарын жасау белсенді дамуда. KAN және Unisell ірі компаниялары құрылыс саласын және ағаш өңдеу өнеркәсібін ұсынады.

Өндірістің тағы бір маңызды саласы – люкс санатындағы яхталар мен ұзындығы 90 метрге жететін House boats катамарандарының өндірісі. Люкс санатындағы яхталарды жасау бойынша Польша әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр.

Табиғат пен ұлттық парктер Подляск воеводствосының байлығы болып табылады. Беловеж тоғайы мен Бебжан батпағы Еуропаның көне қорықтарына жатады. Бұнда экологияға аса қамқорлықпен қарайды.

Подляск воеводствосы – Польшадағы ең аз ластанған өңірлердің бірі, энергетикасы жаңғыртылатын энергия көздеріне негізделген. 2020 жылға дейін жаңғыртылатын энергия көздеріне Еуропалық одақпен 180 млн еуро бөлінген.

Воеводствоның барлық экономикалық сұрақтары білім беру жүйесімен қиылысады. Белостокта 4 жетекші жоғары оқу орны орналасқан: Белосток мемлекеттік университеті, Белосток политехникалық университеті, Медициналық университет, Қаржы және Басқару университеті. Студенттер өндіріс үрдісіне белсенді тартылып, ірі кәсіпорындарда оқытудан өтіп, кәсіби дағды алады. Польшалық студенттердің жетістіктеріне марстық жол талғамайтын көлікті жатқызуға болады, сол үшін олар халықаралық сыйлық иегерлері атанды. Тағы бір техникалық жетістік Photon emotional robot – сәбимен бірге өсетін әлемдегі тұңғыш робот! Бұл инновациялық жүйе балаларға ойын арқылы жаңа технологияларды, программалауды және логикалық ойлауды үйретуге арналған.

Катажина Рутковская, АС S.A. (автокөліктерге арналған газ қондырғысы) компаниясының президенті:

- Мен Қазақстанға, Астанаға тағы да келгеніме қуаныштымын. Мен бұнда осыдан бір жыл бұрын болған едім. Қазақстанда біздің серіктесіміз де бар. Біз автокөліктерге арналған газ қондырғысын әлемнің 50 елінде, соның ішінде Қазақстанда да, жинап, сатамыз. Осындай серіктестікке біз шындап қуанамыз. EXPO-2017 «Болашақ энергиясы» ұраны бізді болашақ туралы ойлануға мәжбүрлейді. Біздің жүйелеріміз Польшаның 3 млн автокөлігіне орнатылған. Компаниямыз 2011 жылы Варшада құрылған, қазір 2 мыңнан астам жұмысшы жұмыс істейді, 60 серіктесіміз бар, Перу мен Италияда 2 компания құрдық. Біз дизельдік отыннан газға ауысудың жүйесін жасадық. Дизельдің қоршаған ортаға өте зиянды екендігі белгілі. Біз табиғатты, қоршаған ортаны сақтауға барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз. EXPO-2017 біз үшін пайдалы болады деп үміттенемін.

Себастьян Рынкевич, металл өңдеу кластерінің өкілі:

Қазіргі таңда біздің 20 стратегиялық серіктесіміз бар. Біз литвалықтармен, Германиямен, Чехиямен, Италиямен жақсы жұмыс жасаймыз. Қазақстанда кластер дәрежесінде жақсы серіктес боламыз деген сенімдеміз. Польша Еуропалық одаққа енгеннен кейін интернационалдандыру үшін ақша алдық. Жыл сайын әртүрлі елдерде 20-дан астам көрсетілімдеріміз болып тұрады. Біз тек өзіміздің әлеуетімізді ғана емес, сонымен қатар серіктестеріміздің де әлеуетін көрсетуге келдік. Қазір ауыл шаруашылық қайта өңдеу бойынша қазақстандық бір фирмамен серіктестік жөнінде жоба әзірленуде. Қазақстандық әріптестермен жақсы қарым-қатынастар орнатамыз деген сенімдемін.

Мирослав Ангельчик, «Дары Натуры» фирмасының директоры:

Менің «Дары Натуры» фирмамның негізі 1990 қаланды, Польшадағы ең көне компаниялардың бірі болып табылады. Ақырындап дами отырып, 26 жыл ішінде ол Польшадағы экологиялық таза, органикалық өнімдерді шығаратын жетекші өндірушіге айналды, оның өнімдері үш құрлықтағы елдердің дүкен сөрелерінде тұр. Фирмада 150 адам жұмыс істейді. Тауар айналымы жыл сайын 30% өсуде. Біз үнемі ірі халықаралық көрмелерге қатысамыз. Бүгін біз Астанаға келдік, өйткені Қазақстан біз үшін – Орта Азия елдеріне апаратын қақпа.

Қысқаша таныстырудан кейін Қазақстан мен Польшаның шағын және орта бизнес өкілдері экономикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша ойларымен бөлісті. Брифинг аяқталған соң біз бірнеше сұрақ қойып үлгердік.

- Ежи Лещинский мырза, сапарыңыздың нәтижесі туралы білсек деп едік. Ымыра, шарттар бекітілді ме?

- Поляк делегациясының Астанаға жасаған сапары қаншалықты пайдалы болды? - Нәтижелер туралы айтуға әлі ерте. Біз келдік, Астана мен Алматыда өтетін форумға қатысамыз. Алматыда құрылыс саласының 11 фирмасы қатысып жатқан көрме өтуде. Химия бойынша да фирмалар бар. Құрылыстан басқа, біз, құрылыспен және құрылыстық химиямен байланыстының бәрін де ұсынамыз. Бұл жерден де нәтиже күтудеміз. Біз өз өлкемізді, оның әлеуетін көрсеткіміз келеді. Польша Президенті Анджей Дуданың қатысуымен және ЭКСПОдағы Польшаның Ұлттық күнін өткізген соң нәтижелер туралы сөз етуге болады.

- ХХ ғасырдың 30-шы, 40-шы жылдарында Қазақстан жер аударылған поляк халқын қабылдады. Бұл сіздердің тарихтарыңыздың қайғылы парақтары. Кеңестік кезеңде сіздермен іргелес өмір сүрдік. КСРО ыдыраған соң көптеген поляктар Польшаға оралды.

- Тарихи отанына оралған поляктар туралы не ойлайсыз? Қызмет барысында олармен қалай араласасыздар? Польшаның дамуына олар қандай үлес қосты? Қазіргі іскерлік қызметте, өздеріңіздің экономикалық қызметтеріңізде олардың білімдерін қолданасыздар ма?

- Әкімшілік оралмандарды қабылдап, олар Польшада жұмыс істейді.

- Сізге рахмет. Екі ел арасындағы іскерлік және мәдени байланыстар тек қана нығая береді деген сенімдеміз.

- Көп рахмет!

фото: Артем Чурсинов

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?