Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Кейкі батыр бейнесін жасаған зертхананың жұмыс күні

1606
Кейкі батыр бейнесін жасаған зертхананың жұмыс күні - e-history.kz
Кейкі батыр мен Әбілқайыр ханның бейнелерін жасаған Мажарстандағы Жаратылыстану ғылымдар музейінің антропологиялық жұмыстарға зерттеу жүргізу жұмыстарынан фоторепортаж ұсынамыз

Мажарстанның Жаратылыстану ғылымдары музейі – ел астанасы Будапешт қаласында орналасқан көрікті ғимараттарының бірі. 200 жылдан астам тарихы бар музей 1802 жылы құрылады. Алғашқы музей экспонаттарын атақты коллекционер және граф Ференц Сечени сыйлаған. Кейіннен музейге  палентология үлгілерінің, бірегей сирек өсімдіктер түрлерінің жинақтарымен толықтырылады. 

Бүгінгі таңда Жаратылыстану ғылымдар музейі Людовик академиясында орналасқан. Музейдің жалпы коллекциясы өте көп және қызықты. Музей қорында 10 млн. астам экспонат сақталуда. Бұл жерде неолит заманынан бастап бүгінгі  заманға дейінгі жәдігерлерді зерттеп, көрерменге ұсынып келеді. 1968 жылы музей жәдігерлері әлемдік құндылықтар қоры бойынша алтыншы орынға ие болса, қазіргі таңда ең озық ондыққа кіреді.

Мажарстанның Жаратылыстану ғылымдары музейі бірнеше бөлімдерден тұрады. Бұл жерде антропология, зоология, өсімдіктану, палеонтология, минералогия салаларынан сирек және қызықты экспонаттар ұсынылған.  Мұражайдың антропологиялық бөлімі 70-ке жуық бет бейнені қалпына келтіру жұмыс өткізді, оның ішінде Әбілқайыр ханның бет бейнесі де бар.

Мажар антропологтары Кейкі батырдың бет бейнесін қалпына келтіру жұмыстарында осы музейдің қабырғасында жүргізді.  Жаратылыстану ғылымдары мұражайының  Бас директоры Золтан Коршош бас сүйекті  қабыл алып, мажар мамандары заманауи технологияларды пайдалана отырып, сапалы жұмысты орындайтындығына сенім білдірген болатын. Реконструкциялық жұмыстармен мұражайдың антропологиялық бөлімінің басқарушысы Агнеш Куштар айналысты.

Сондай-ақ, антропологиялық сараптаманы Андраш Жолт Биро мен Шандор Евингер жүргізді. Ал Кейкі батырдың бет-бейнесін қалпына келтіру жұмыстарымен Агнеш Куштар айналысады. Осыған дейін, 2011 жылы Агнеш Куштар Әбілхайыр ханның (1693-1748 жылдары) бейнесін қалпына келтіру жұмыстарымен айналысқан.

Әзірлеген: Олжас БЕРКІНБАЕВ, Алтынбек ҚҰМЫРЗАҚҰЛЫ

Материалды әзірлеуге қол үшін созған ҚР Мажарстандағы Елшілігіне алғыс айтамыз.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?