Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ж. Мәлібеков: «Ақылды киіз үй» жобасын ұсындым

2592
Ж. Мәлібеков: «Ақылды киіз үй» жобасын ұсындым  - e-history.kz
Сәулетшінің өмірбаяны көпшілікке белгілі және ғаламторда қолжетімді. Бірақ Ж. Мәлібековтың кәсіби қызметі туралы мәліметтерді көп адам біле бермейді

Жандарбек Мәлібеков – атақты сәулетші, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторы. Бұл деректер кез-келген оқушыға мәлім. Сәулетшінің өмірбаяны көпшілікке белгілі және ғаламторда қолжетімді. Бірақ Ж. Мәлібековтың кәсіби қызметі туралы мәліметтерді көп адам біле бермейді. Сондықтан біз атақты сәулетшімен оның жұмыс орнында, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің сәулет факультетінің бөлмесінде кездесуге бел байладық.

Өзінің 51 жыл бойғы кәсіби қызметінің барысында ол Астананың және басқа қалалардың ғимараттары мен құрылыстарын салуға үлкен үлес қосты. Олардың ішінде «Нұр Астана» мешітін, Астана қаласы ұлттық нейрохирургия орталығын, «Алатау» ТК жұмыс жобасын, «Егемен Қазақстан» ғимараты кешенінің жұмыс жобасын, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің зертханалық корпусы мен жатақханасын, Ташкент қаласындағы Қазақстан елшілігі ғимаратын техникалық негіздеу. 

eb28cd86785fc39cc415cd3235b224f3.jpg

Танымал сәулетшінің ойында әлі де көп қызықты идеялар бар. Мысалға, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің сәулет факультетінде Түрік академиясының макеті орнатылған. Тағы да бір жобасы бірнеше жылдар бойы мемлекеттік органдардың бюрократиялық сатыларынан өте алмай жүр. Ж. Мәлібеков бірнеше рет ҚР БҒМ-нің конкурсына «ақылды үй» үлгісі бойынша «ақылды киіз үй» жобасын ұсынған болатын. Шын мәнінде, киіз үй – бұл адамдардың ойлап тапқан бірегей тұрғын үйі, ол жинақы, көп қызмет атқарымды, жылы. 

– Ғылыми жұмыстарға уақытыңыз артыла ма? 

– Иә, қазір мен мемлекеттік рәміздердің қалыптасу тарихы жөніндегі кітап жазудамын. Таяуда «Президент Н.Ә. Назарбаев және Қазақстан Республикасының мемлекеттік геральдикасы» атты тарихшы ғалымдардың кітабына сын-пікір жазып болдым. 

– Ол қолжазба туралы не айтар едіңіз? 

– Мен оны мұқият, парақтап қарап шықтым. Мәселенің тарихнамасы, әлемдік геральдиканың қалыптасу тарихы жақсы ашылған, Президент – Қазақстанның мемлекеттік геральдикасының негізін қалаушы деген басты ой келтірілген. Материал өте ауқымды, орынды. Бірақ геральдиканың тарихын аша отырып, оның ұлттық ерекшеліктері туралы, таңба секілді институттардың болғанын айту керек. Таңбаның тарихы сақ заманынан және тіпті сақ заманынан бұрынғы уақыттан бастау алады. Жалпы, қолжазбаны жариялауға ұсыныс жасап отырмын. 

854f6415ce3807c02cc8145bf2bfcdbb.jpg

– Таңба тек көшпелі халықтарға тән бе? 

–- Көшпенділер, көшпелі халық, маған бұл сөз ұнамайды. Көшпенділер – үйсіз, күйсіз жүрген халық. Түркілер, қазақтар ешқашан халық, мемлекет болмағандай, мәдениеті мен өркениеті болмағандай. Бұл тіпті құл да емес. Бірақ біз бұл терминнен бірден алшақтап кете алмаймыз. Мен «көшпенді» деген сөзді қабылдамайтынымды әрдайым ашық айтамын, тіпті І. Есенберлиннің «Көшпенділер» деген кітабын да әдейі оқыған жоқпын. Біз көшпендіміз бе? Біз белгісіз жерден келіп, ешқайда кетіп қалған жоқпыз. Біз ұлы далада өмір сүреміз, біздің өзіміздің ұлы дала мәдениетіміз бар. Әрбір халықтың өз мәдениеті бар, орыстарда, немістерде, америкалықтарда. Ал бізде өзіміздің дала мәдениетіміз бар. Еркін, демократиялық халық мәдениеті. 

– Таңбаны еуропа халықтарының елтаңбаларымен салыстыруға бола ма? - Міне, барлығы неміс елтаңбасына, скандинав елтаңбасына сүйенеді. Бірақ олар – Еуропа, бұл негізінен бір ғана мемлекет, тіпті скандинавтарды да немістермен салыстыруға болмайды. Және біздің неміс геральдикасына сүйенуіміздің қажеті жоқ. 

– Түсіндіріп өтсеңіз, өтінемін. 

– Тәуелсіздікті жариялап, біз жаңа мемлекет құрдық, қазақстандық егемендікке қол жеткіздік. Бірақ біз әлі күнге дейін еуропалық жетістіктерді бағалаймыз. Бізде Еуропаға, Ресейге тәуелділік сақталған. Еуропа қажетті институттар құра отырып, өзінің геральдикасын дамытты, бұл табиғи процесс. Бұл Еуропада да, Ресей мен Америкада да орын алды. Егер бізде елтаңба болмаған болса, бізге сол еуропа елтаңбаларына жалтақтап, оның артықшылығын айта берудің қажеті жоқ. Құлдық ойлаудан арылып, басқа деңгейге көшетін кез келді, ұлттық ерекшелігімізді ашып, тарихымызды жазатын уақыт жетті. 

4e35f2257c8b52328021144ffd4a80e9.jpg

– Қазақстандық геральдика элементтерінің бірі ою болып табылады. 

– Иә, ою – бұл құр сөз немесе сәндік безендірілу емес. Ою – бұл тұтас бір институт, мәдениет, тұтас тіл, қолдаңбалы өнер. Сақ мәдениетінен келе жатқан оюларда аңшылық нақыш бар, соған сүйену керек. Оюлармен көптеген тұрмыс салттары байланысты. Оюлар әр түрлі болады, көлемді-шағын, қолданбалы-қолданбалы емес. Осы бағытта жұмыс жасау керек. 

Қорытындылай келе, Жандарбек Мәлібеков нағыз отан сүйгіш азамат екенін айта кеткім келеді, ол әрдайым ұлттық мәдениетке назар аударады, өзінің көзқарастарын оқыту-тәрбие беру барысында жүзеге асырады.

Арман Сүлейменов

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?