Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Шежіре - қазақтың қаны туралы құжат

2694
Шежіре - қазақтың қаны туралы құжат - e-history.kz

Әулие Мәшһүр-Жүсіптің Шәкәрім қажыға бүй деп шүйлігетіні бар. Мағынасы мынаған саяды: «Шәкәрім шежіресінің бір міні – кімнен қай  туғанның ғана есімінің тізбектеле беретіндігі. Ол адамның еткен еңбегі мен жеткен дәрежесі, жақсылығы мен жамандығының толыққанды  жазылмауы». Бұл – біздің шежіреге деген түсінігімізді түбегейлі басқа арнаға бұратұғын көзқарас. Мәшһүрге сенсек, шежіре – қазақтың қаны туралы құжат. Онда адамның аты  ғана емес, еткен кәсібі мен нәсібі (ырыздығы) түгел көрсетілуі тиіс.  Бұл қағиданың басты шарты – осы арқылы кімнің жаман, кімнің текті атаның әулетінен екендігін оп-оңай-ақ ажыратып алу.

Өкінішке қарай біздің бүгінгі шежіре деп жүргеніміз өзінің осы толыққанды төл фуникциясынан жаңылып,  керісінше руластардың  бірігіп  бабаларын ұлықтау арқылы өзара аруақ жарыстыратын,  сол арқылы бәкене ойлы бейшаралардың  бизнес құралына айналып отыр. 

Ал қазақтың құты саналатын қаракөктіктің критерийлеріне Шәкәрім данышпанның «кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек» іспетті ұлы ұғымдары жата ма, ол өз алдына жеке тақырып.  

Интеллектуал  Зәуре Батаева «Қазақтар негізінде  «текті» деп дәулетті адамның тұқымын емесқиындыққа төзімді, кез-келген жағдайда адамгершілігін жоғалтпаған адамды айтады» дейді.

Тарихымызда кімнің текті, кімнің тексіз екендігі (тіпті ойнастан туғандардың тізімі де) әмәнда ашық айтылып отыратын болған.  Бұған айғаққа «Алпамысты» келтіруге болады.  Бұл жырдағы Алпамыс  ақсүйек (текті) болса, Ұлтан – құл   (тексіз).  Қазақ жыр-аңыздарындағы «құл» ұғымы тек қана тексіздіктің образы.  Осы атаудың адам есіміне қосақталып айтылуында да үлкен сыр (хикмет) жатқан секілді.  Бұл  ескіден жеткен ғұрыптың келер ұрпақ санасына шекіген сақтандыруы мен ескертуінің  жөн-жосығы болуы да мүмкін. «Некесізден жетесіз туып», құнары қожырап, түйіршігі сарқылған сұйық қаннан тек суайттар ғана жаратылып, ел атаулыны жаппай есерлік эпидемиясына ұшыратады.  Бейне бір Алпамыстардың жоқтығы Ұлтан құлдарды  ұлық ететіні секілді (Мұндай жандарға бабаларымыз «отын ағаштан шыққан оқтаулар» деп жеке анықтама берген  ғой).

  Ендеше шежіре – қандағы түйіршігіміздің (ақпараттың) мазмұны. Оған  өкпелеу, өзіңе  өкпелеуің  болып есептеледі емес пе? 

Біз әңгіме барысында «құлдық қоғам» деген сөзді жиі айтамыз ғой. Әсілі, құл басқарған қоғам дегеніміз дұрыс секілді. Құлды тану үшін том-том кітаптарды түгесудің  қажеті шамалы.  Оны оқымай-ақ аңғаруға болады.  Құлдың ең басты қарсыласы – АРИСТОКРАТТАР.  Тек осыны ғана тұншықтыруды бар мақсұты қылады. Тарихта «Алаш арыстары» деген атпен қалған боздақтар өмірінің қанға боялған  ащы тағдыры да осы сөзіміздің айғағы ғой. 

  Біздің бүйректен сирақ шығарып, қолдан қағидат жасамақ еш ниетіміз жоқ. Бір кездері  АРҒА АРАША,  ШЫНДЫҚҚА ТІЛЕКТЕС болған шежіреміздің бар болғандығы жайында ғана сөз шығындап  отырмыз.

Әзірге Аяз ата  мен Ақшақар секілді қолдан жасалған «қайраткер»   жандардан тұратын, мақтанға толы қазақ шежіресінен «нашар атаның балалары» дегенді тіпті емге таппайсыз.

Енді «Елден елді аралап, тектіден текті саралап» жүретін Ақтамберді  арманымыздың  орындалуы  қалай болар  екен?  Осыны ойлап кетсең болғаны кәдімгі жон арқаң  мұздап сала береді...

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?