Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Белгілі ғалым, тарихшы Камал Бұрханов өмірден озды

1306
Белгілі ғалым, тарихшы Камал Бұрханов өмірден озды - e-history.kz
Тарихшы ғалым, Мемлекет және қоғам қайраткері Камал Бұрханов өмірден озды, деп хабарлайды Qazaqstan Tarihy. Қайғылы хабарды Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Facebook парақшасында жариялады.

«Жалған өмірай... Ұстазым, досым, әріптесім Камал Бұрханов дүниеден озыпты. Соңғы екі жыл төсек тартып жатып калған еді. Мағрипа жеңгем қолдан келгенше барлығын жасады. Амал нешік, бәрі бір жаратқанның қолында. Бақұл бол адал дос. Жаның жәннатта болғай Камал аға!»,- деп жазды сенатор.

Ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Қамал Низамұлы 1954 жылы 31 наурызда Ташкент облысы Янгиүл ауданы Шуролисай ауылында дүниеге келген.

1977 жылы Ташкент мемлекеттік университетін, 2003 жылы Мәскеу мемлекеттік әлеуметік университетін бітірген. Саяcаттану ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолын 1977– 1978 жылдары Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде ғылыми қызметкер ретінде бастап, 1978–1979 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында аға лаборант, 1979–2002 жылдары ҚазМУ-де (қазіргі ҚазҰУ) аға лаборант, ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор, деканның орынбасары, тарих факультетінің саяси тарих кафедрасының меңгерушісі, тарих факультетінің деканы, философия және саясаттану факультетінің деканы, саясаттану кафедрасының меңгерушісі болып істеді.

2002-2004 жылдары Абай атындағы АМУ-нің заң факультетінің деканы, 2004-2006 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің бас сарапшысы, 2006 -2007 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры қызметтерін атқарды.

2007 – 2011 жылдары ҚР төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

2012 жылғы қаңтардан бастап - V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша сайланған.

Камал Бұрханов – қазіргі заманғы Қазақстан тарихы және саясаттану ғылымына айрық үлес қосып, 40-қа жуық ғылыми еңбектерген жазған ғалым. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?