Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ғасырларға созылған қасірет

2262
Ғасырларға созылған қасірет - e-history.kz
Бүгін ҚР ҚК Әскери-тарихи музейінде Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің бірлесіп ұйымдастыруымен Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын

еске алу күніне арналған «Ғасырларға созылған қасірет» көшпелі көрмесі өтті.

Іс-шараның басты мақсаттарының бірі жас ұрпақтың санасына, жүрегіне отаншылдық қасиетті ояту және жазықсыз жандардың рухына тағзым ету. Сондай-ақ қала тұрғындары мен музейге келуші шетел азаматтарына мұражайда қойылған дүниені көрсету.

«Алжир» мемориалды-мұражай кешенінің маманы Гүлнұр Төлепбергенованың айтуы бойынша бұл көрме Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Бұл – сол замандағы қанды  оқиғалар қайтадан қайталанбасын деген ниетпен сол замандағы ата-бабаларымыздың шеккен қасіреті ұмыт қалмасын деген мақсатпен ұйымдастырылып отырған ілкімді шара. Көрмеге сол кезеңдегі  тұлғалардың фотосуреттері, отбасылары туралы мағлұматтар мен жеке заттары да қойылды

Сондай-ақ, ҚР ҚК Әскери-тарихи музейінде өтіп жатқан көрмеге қуғын сүргін құрбандарының ұрпақтары және «Ұрпақтар ұмытпайды» халықаралық жобасына қатысушылардың мұражай қорына тапсырған фотосуреттері мен мұрағат құжаттары, сондай-ақ Хасен Нұрмұхамедов және оның жұбайы Кира Берсенованың, «АЛЖИР» тұтқындары Мұхамедқали және Шәкітай Тәтімовтердің, Шәкір және Ғайнижамал Гайсиндердің, Сұлухан Бігізбаева, Клара Брон және Енты Лихтейнштейндердің  материалдар кешені қойылған.

Көрмеге қойылған заттардың ішінде: Ғазима Алманиязованың сандығы, Мария Даниленконың 20-30 жылдардағы көйлегі, Бибіжамал Сырғабекованың көйлегі, Лидия Френкелге тиесілі «Голубой ларец» иіссуының түпнұсқасы, Мая Кляшторнаның 4 айлығында анасы АЛЖИР лагеріне әкелкендегі балар жамылғысы, АЛЖИР лагерінде Анцис Мариям Лазаревнаның жасаған түпнұсқалық кестелері, сондай-ақ АЛЖИР лагеріндегі анасы Кира Берсеневаға Леонид Нұрмұхамедовтың жазған балалық хаттары және тағы басқа да заттар қойылған.

Көрмеге келушілердің айтуынша, қойылған заттардың барлығы дерлік қызығушылық танытып отыр.   

Өтіп жатқан көрмеге ҚР ҚК Әскери-тарихи музейінің бастығы подполковник Асилов Нұртаза Тұрарбекұлы, «Қарулы Күштердің ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесі төрағасының орынбасары, запастағы генерал-майор Нағуманов Марат Сералиұлы, Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм кұрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің директоры Тергембаев Самат Ілиясұлы АЛЖИР тұтқыны Шәкітай Тәтімованың немересі Ғаббасов Сырым Ғаббасұлы, АЛЖИР тұтқыны Садвокасова Елизавета Александровнаның немересі Садуақасова Перизат Құрманқызы және ғалымдар, жас мамандар,  докторанттар, магистранттар, студенттер және  оқушылар, қала тұрғындары мен қонақтары, БАҚ өкілдері қатысты.

«Менің атам Сәдуақасов Жанайдар 1937 жылы ұйымдастырылған саяси-қуғын сүргіннің құрбаны, мемлекет және қоғам қайраткері. 1938 жылы небарі  39 жасында Жоғары Үкіммен ату жазасына кесілген. Ал, әжем- Елизавета Сәдуақасова Отанын сатқан мемлекет қайраткерінің жұбайы ретінде  8 жыл Ақмол кентіндегі АЛЖИР лагерінде тұтқында отырды. Бүгінгі тақырып – саяси  қуғын –сүргін  репрессия тақырыбы-менің отбасыма жанама емес, тікелей кесірін тикізген зобалаң. Бұл барлық Қазақстан тарихында қанмен жазылған бет деп айтқым келеді. Бұл біздің қасіретті тарихымыз», - деді АЛЖИР тұтқыны Садвокасова  Елизавета Александровнаның немересі Перизат Сәдуақасова

Көрмеде қойылған суреттерді көре отырыңыздар: «Ғасырларға созылған қасірет» атты көшпелі көрме

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?