Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүркітбай Аяған: Назарбаев Тәуелсіз Қазақстан елін құрды

2088
Бүркітбай Аяған: Назарбаев Тәуелсіз Қазақстан елін құрды - e-history.kz
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кетуі ол бір жағынан тарихи, үлкен жаңалық. Елбасының жоғары деңгейдегі азамат екендігін көрсетеді

Қазақстанның Конституциясы бойынша Елбасы өзі кетемін деген жағдайда, не бір басқа жағдай болса. заң бойынша Жоғарғы Парламенттің, Сенаттың спикер болу керек. Ол өте маңызды.

Біріншіден. Конституцияны бұзбай өтті. Естеріңізде болса 2-3 ай бұрын ол Конституциялық Кеңеске арнайы хат жазған.

Екіншіден. Елбасының президенттіктен кетуіне ешқандай қарсылық болмады. Мысалы, Алжирдегі болған жағдайда ел шықты, сонда амалсыздан кетіп қалды. Бізде ондай қозғалыстар жоқ, ешкім талап тұрған жоқ. Сондықтан кету туралы шешім қысым емес, өзінің шешімі.

Үшіншіден. Елбасы саясаттан кеткен жоқ. Ол кісі президенттіктен кеткенімен саясаттан кеткен жоқ. Конституциялық Кеңестің мүшесі болып қалды. Қауіпсіздің Кеңестің төрағасы, әрі «Нұр Отан» партиясының төрағасы. Яғни, бұл кісі саясатта қала береді. Бір жағынан Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен кеңесіп, кездесіп отыруға мүмкіндігі бар.

Төртіншіден. Қасым-Жомарт Кемелұлы сырттан келген адам емес.  Президенттік өз командасының адамы. Менің есімде үкіметте істеп жүрген жап-жас Тоқаев министрдің орынбасары болатын. Содан кейін, министр болды, содан вице-премьер, премьер, содан спикер болды. Яғни, Назарбаев моделін өзгертпейді. Ол жақсы нәрсе, дәстүр жалғасып жатқаны жақсы. Ең жаманы қазір бізге керек емес революциялық жол. Соңғы мәселе. Менің ойымша Назарбаев әлі де президенттіктен кетпеу керек еді.  Бірақ, шешім қабылданды. Ел Н.Ә. Назарбаевты сыйлайды, себебі ол кісі тәуелсіздікті салып берген, тәуелсіз Қазақсанның негізін қалаушы.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?