Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Мемлекеттік хатшы қабылдады

1304
Мемлекеттік хатшы қабылдады - e-history.kz
Кездесуде Елбасының бағдарламалық мақалаларында көтерілген келелі мәселелер және Тәуелсіздік жылдарындағы отандық тарих ғылымының жағдайы жайлы әңгіме қозғалды

2019 жылдың 12 наурызында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының директоры, ҚР Ұлттық кеңесінің мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Ғелманұлы Аяғанды қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларында көтерілген келелі мәселелер және Тәуелсіздік жылдарындағы отандық тарих ғылымының жағдайы жайлы әңгіме қозғалды.

Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласының кіріспесінде айтылғандай, біз өз Отанымыз – Қазақ елі мен оның байырғы халқы – қазақ халқын, басқа өркениетті елдермен салыстыра отырып, тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан өркениет ретінде қарастыруымыз керек. «Бұл - тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның түйінін шешуге мүмкіндік туады» деген тұжырым Қазақстан тарихшыларына үлкен сенім, әрі міндет артып отыр.

Қазіргі кездегі Мемлекет тарихы институты ғалымдарының республикалық және облыстық мұрағаттарды мұқият зерттеу арқылы жүргізіліп жатқан Отан тарихын жергілікті материалдармен толықтыру бойынша ғылыми-ізденіс жұмыстары туралы айтылды. Жастар жылына арналып өткізілгелі отырған конференция жайлы да айтылмай қалмады.

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?