Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Отанды қорғауда» майдандық газеті

2625
«Отанды қорғауда» майдандық газеті - e-history.kz
Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде «Архив және қоғам» шарасы аясында Ленинград түбіндегі шайқаста блокаданы алудың 75-жылдығына арналған шара өткізілді, онда

Түймебай Әшімбайұлының отбасылық архивінде ұзақ уақыт бойы аса ұқыптылықпен, әскери уақыттың раритеті ретінде сақталынған, «Отанды қорғауда» атты газеттердің тігіндісі Архивке мемлекеттік сақтауға тапсырылды.

Бұл газеттік материалдар туралы отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары бірнеше мәрте «Ленинградты қорғаған жауынгер-қазақтардың ерлігі жайлы энциклопедия» деп жазған еді, ал 2008 жылы олар туралы «Отанды қорғауда» атты кітап шығарылған болатын.

«Отанды қорғауда» газеті 1942 ж. 1 қарашасынан бастап, Ленинград әскери округының «На страже Родины» атты газетінің қосымшасы ретінде шыға бастады. Бұл газет аптасына 2 рет Ленинград қорғанысына қатысқан қазақстандық-жауынгерлерге арналып басылып тұрған. Әскери тілшілердің мақалалары мен жарияланымдары 1000-нан астам газет материалдары, 600 фотосуреттер қазақстандық-жауынгерлер туралы материалдарды қамтыды.

Газеттің редакциясында Түймебай Әшімбаев, Ақмұқан Сыздыбеков, Бисен Жұмағалиев, Кәрім Усманов, Асылхан Тұрғановтар жұмыс атқарды.

Бүгінгі күні Түймебай Әшімбайұлы Әшімбаевтың жеке қор құрамы «Отанды қорғауда» газеттер жиынтығымен толығып отыр.

ҚР Президенті Архивінің директоры Ж.Ү. Әбдіқадырова өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың Жеті қыры» атты мақаласында белгілеген «Архив – 2025» бағдарламасында отандық архивтер алдына Ұлттық архив қорының толықтыру көздерін кеңейтуді міндеттегені және олардың қатарында жеке архивтік коллекциялар да болуы тиіс деп айтылғандығына тоқталды. Әшімбаевтар мен Алшановтардың отбасылары тарапынан ҚР Президентінің Архивіне тапсырған «Отанды қорғауда» газет материалдары көптеген зерттеулер жүргізуге арналған дерек көзі ретінде қарастырылатын болады деп атап өтті.

Оқи отырыңыздар: Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы ерлігі

Профессор Р.А. Алшанов «Отанды қорғауда» газетін оқып, зерттеу барысында, онда көрсетілген 1000 астам қазақстандық-жауынгерлердің есімін тапқанын, бірқатар мақалалар ержүрек батырлардың фотосуреттерімен бірге берілгендігі туралы және бұл материалдар тарихқа деген өз қызығушылығын білдеретін барлық зерттеушілер үшін қол жетімді болуы қажет екендігін айтты.

Іс-шараға қатысқан көпшілік назарына Түймебай Әшімбайұлының қажырлы еңбегінің негізгі кезендерін бейнелейтін құжаттардан дайындалған  көрме ұйымдастырылды.

Аталған шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, «Тұран» Университетінің журналистика факультетінің оқытушылары мен студенттері, архив қызметкерлері қатысты.

Жәнібек Зейнелов

ҚР Президенті Архивінің Жинақтау және құжаттама басқармасының басшысы

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?