Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақ киносының анасына 100 жыл

2257
Қазақ киносының анасына 100 жыл - e-history.kz
Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты «Қазақ киносының анасы» Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойына орай еске алу кеші өтті

Әмина Өмірзақова 1919 жылы 8 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қараауыл ауылында дүниеге келген. Ә. Өмірзақова 1938 жылы Ленинград институтында студент болып жүрген кезден бастап киноға түсе бастады.

Оның алғашқы түскен фильмдері: «Комсомольск», «Амангелді», «Алыптың әні», «Ақ раушан». Бірақ Әмина Өмірзақованы көпшілікке танытқан «Жамбыл», «Қыз жігіт», «Қанатты сый», «Әрі қалжың әрі шын» фильмдері. Жалпы Әмина Өмірзақова 68 жыл бойы қазақ театрында 150-ге жуық рөлді ойнаған. 20-дан астам фильмге түскен.

1968 жылы экранға қазақ киносының классикасына айналған Ш. Аймановтың туындысы шығады. Актриса ол фильмде басты рөлді сомдады. Бұл кинокартина қазақ аналарының бейнесін, өзінің баласына аяулы махаббатын көрсететін, бір қолымен бесік тербетсе, әлемді тербететін ардақты аналардың образын жасаған.

Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласыда қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр саласындағы және бейнелеу өнеріндегі тұлғалар бейнесін жасау керектігі айтылған болатын. 2019 жылы «Ұлы тұлғалар» сериясының аясында халық әртісі, актриса Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында ауқымды түрде аталып өтетін болады.

Іс-шараға «Өнер тарихы» кафедрасының доценті, кинорежиссер, Қазақстан киноматографистері одағының мүшесі Назира Мұқышева, кинотанушы Дана Әміртаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Бибігүл Жанұзақ және БАҚ өкілдері қатысты.

«Қазіргі кезде қазақ өнерінің өркенетінің және мәдениетінің бір бөлшегі Әмина Өмірзақова. Мұндай тұлғаларды ұлықтау, оларды еске алу, өмірін және өнерін халыққа жеткізу өте жақсы шара деп есептеймін. Бұл шара қазіргі кезде біздің рухани жаңғыруымызға септігін тигізетіні сөзсіз.

Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл ЮНЕСКО көлемінде аталатын болады. Ал ол кісінің өнерін білмейтін қазақ көрермені жоқ деп те айта алмаймын. Себебі бұл тұлға «қазақ киносының анасы» деген атқа ие болған. Егер қазақ киносындағы «ана» бейнесі, «әйел» бейнесі дегенде Әмина Өмірзақов еріксіз есімізге түседі. Осындан келе кино әлемінде Әмина Өмірзақованың өз орны бар», – дейді Қазақстан кинематографистер Одағының мүшесі, кинотанушы Назира Мұқышева.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?