Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Елбасы жолы. Астана» фильмнің тұсаукесері

1695
«Елбасы жолы. Астана» фильмнің тұсаукесері - e-history.kz
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі, «Қазақфильм» АҚ және «Satai Film» киностудиясы ұйымдастыруымен

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың шығармалары желісімен түсірілген «Елбасы жолы» киноэпопеясының тұсаукесері өтті. 

«Елбасы жолы. Астана» фильмінде елордамыз – Астананың қалыптасу тарихы және оны салу үдерісіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың басты рөл атқарғаны жөнінде баяндалған. Кинокартинада 1994 жылғы шілде айында ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қабылданған маңызды шешімге байланысты оқиғалар көрсетілді.

Аталған фильмде елбасын рөлін сомдаған актер Мұрат Ахманов. Фильмде елбасының  сыртқы келбетін әрлеген танымал голливудтық гример Марк Кульер жасады.

   Сондай-ақ, фильмге танымал актерлар Азат Сейтметов, Асқар Ілиясов, Жан Байжанбаев, Олег Ли түсті. Бұл туындының сценарий авторлары Әділбек Жақсыбеков және Тимур Жақсылықов.

Түсірілім жұмыстары 2017 жылдың желтоқсан айында басталып, 2018 жылы жазында аяқталған.

Фильмнің соңында елбасы Н.Ә.Назарбаев фильмге түскен актерлерге алғыс білдірді және туындыны түсірген өнер иелері  халықтың қошеметіне бөленді.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?