Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Елім деп соққан ұлы жүрек» көрмесі ашылды

2195
«Елім деп соққан ұлы жүрек» көрмесі ашылды - e-history.kz
Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің Ғылыми кітапханасында ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Елім деп соққан ұлы жүрек» атты кітап көрмесі ашылды.

   Көрменің мақсаты – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірінен мағлұмат беріп, жүріп өткен сара жолын келер ұрпаққа таныстырып, Ұлы даланы әлемге танытып жатқан, көз алдымызда қарыштап дамып келе жатқан тәуелсіз мемлекетіміздің өткенімен болашағын тануды дәріптеу.

   «Көрмеде Президенттің ғұмырнамасынан бастап, туып-өскен жері, білім алуы мен қызмет жолының бастау алуынан бастап әлем таныған ұлт көшбасшысы болуына дейінгі сәттер мен уақытты баяндайтын дүниелер қойылған. Сондай-ақ, Елбасының әлем елдерінің басшыларымен кездесуінің көріністері мен халықаралық айтулы шараларда сөйлеген сөздерінің жинағы орын алған. Одан бөлек, көрменің бір бөлігін Астанаға арнадық. Өйткені елорданың өткені мен бүгіні Елбасының атымен тығыз байланысты екенін бәріміз білеміз Көрме желтоқсан айының соңғы күніне дейін жалғасады. Барлықтарыңызды тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын», – деді көрмені көрермендерге таныстырған ҚР Ұлттық музейінің ғылыми кітапхана жетекшісі Толқын Дариш.

 

   Көрме ұйымдастырушыларының айтуы бойынша, Президент туралы кітаптар орыс, беларус және украин тілдерінде де бар екен.

Елбасына арналған көрмеге мектеп оқушылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?