Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Махашов Жангелді: Архив ісі сандық жүйеге көшеді

2974
Махашов Жангелді: Архив ісі сандық жүйеге көшеді - e-history.kz
Елбасының бүгінгі «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына «Қазақстан Республикасының Ұлттық Архиві» Республикалық мемлекттік мекемесінің директоры Жангелді Махашов сараптамалық пікірін білдірді

Бүгінгі елбасымыздың мақаласын оқып, үлкен қуанышқа кенеліп отырмыз. Оның ішінде еліміздің тарихы және бізге тиесілі тұсы – «Архив-2025» бағдарламасы. Әрине, елімізде архив саласына үлкен мән беріліп отыр.

Өздеріңізге белгілі, «архивті цифрландыру және дамудың жаңа траекториясы» атты республика көлемінде конференция өтті. Оған он жеті өңірдегі архившілер қатысты. Ол жерде бірінші мәселе – Елбасының тапсырмасы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша архив саласын дамыту мақсатында 2019 жылға арналған бағыттарымызды жоспарлағанбыз. Сол конференциядан кейін осы мақала бізге үлкен серпініс пен рух берді деп айтсақ болады.

Елбасы тарихқа бұрыннан бері мән беріп келеді, осы жолғысы айрықша. 2007 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында біз Қазақ хандығына қатысты біраз құжаттарды Мысыр, Өзбекстан, Қытай және Ресейден алып келгенбіз. Осы жылы қыркүйек айында біздің делегация Түркия елінің арнайы шақыруымен Стамбұл қаласындағы Осман мұрағатында болды. Ол жерде бізге 1715-1720 жылдардағы Қайып ханмен Осман басшысы арасындағы қарым қатынасы жайлы, солардың қолжазбаларының көшірмелерін берді. Сол сияқты, біздің де мұрағатта көптеген аударылмаған, оның ішінде шағатай тілінен, көне қытай тілдерінен құжаттар бар. 

Мақалада айтылғандай көптеген аудармаларды аударып, ғалымдармен, тарихшылармен бірге жұмыстар жүргізу керек. Өйткені Қазақстан тарихына көптеген сұраныстар болып жатыр. Әсіресе , Ұлттық Мұрағатқа көптеген жастар келіп, сұраныс білдіруде. Әрине, БАҚ құралдары болсын, интернет желісі арқылы біздің ата-бабамыздың жорықтары, ұлан ғайыр жерімізді сақтап қалғаны жайлы жастарға жеткізу керек. Сондықтан осы берген мақала өте қажет және біз мұрағатшылар белсене қатысамыз.

Ендігі мақсатымыз – осы мұрағатты цифрландыру пайызын жоғары көтеріп, осы рухпен көптеген жоспарларды жүзеге асыру.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?