Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Германияда әдебиет форумы өтеді

1613
Германияда әдебиет форумы өтеді - e-history.kz
Форумның мақсаты – қазақстандық мәдениеттің әлемдік мәдени кеңістікке интеграциялануы болып табылады

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Астананың 20 жылдық мерейтойы аясында Қазақстан Жазушылар Одағымен бірлесіп «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» атты Қазақстанның мәдениет және әдебиетінің кезекті Халықаралық форумын Берлин қаласында өткізеді.

Форумның мақсаты – қазақстандық мәдениеттің әлемдік мәдени кеңістікке интеграциялануы болып табылады.

Қазіргі уақытта аталмыш форумдар Сеул мен Лондонда өткізілген болатын. Айта кетейік, іс-шаралар аясында әдебиет, мәдени алмасу мен ынтымақтастық саласындағы соңғы үрдістерді түсіну, мәдениет пен өнер саласындағы мамандардың ұлттық идеясы шеңберіндегі күш-жігерін біріктіру үшін көпфункционалды жұмыстар атқарылды. Іс-шаралар жоғары деңгейде өткізілді, сонымен қатар, өзара әріптестік аясында шығармашылық және ғылыми интеллигенция өкілдері үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы шетел әріптестерінің қызығушылығын тудырды.

Форум аясында Қазақстандық авторларының: Сәуле Досжанованың «Өгей жүрек» кітабының неміс тіліндегі, Баянғали Әлімжанның «Доброжелательный Аскар» және «Сказ 100-летнего степняка»  кітаптарының тұсаукесері өтеді. Сондай-ақ, «Мәдениет және өнер»  фотокөрмесі және Берлиннің Ұлттық кітапханасында «Қазақстан әдебиеті мен мәдениетінің» орталығы ашылады.

Орталықтың ашылуына ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, соның ішінде, Елбасының әлемдік саяси аренадағы орны мен рөліне арналған кітаптары, сондай-ақ, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі қазақстандық авторлардың кітаптары ұсынылады. Барлығы 200-ден аса кітаптар тапсырылады

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіпов, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Мұңалбаева, ҚР Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, жазушы, публицист Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің телерадио және қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Ғаділбек Шалахметов, театр және кино режиссеры, Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Талғат Теменов, ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдык келісім» РММ директоры Александр Тараков, журналист Биргит Брауэр (Германия), Ұлыбританиядағы «Hertfordshire Press» басылымының директоры, «Open Central Asia Book Forum & Literature Festival» ұйымдастырушысы Марад Ахмеджанов, Қазақстан Жазушылары Одағының мүшесі, «OpenEurasianLiteratureFestival & BookForum-2017» (Швеция) атты «проза» номинациясы бойынша жүлдегері Сәуле Досжанова, балалар жазушысы, Ресей Жазушылар одағының мүшесі Дария Түкенқызы, жыршы-термеші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Баянғали Әлімжанов, Берлин мемлекеттік кітапханасы Шығыс Азия департаментінің ғылыми қызметкер Миерсулитан Айсыма (Германия), айтыскер ақын Балғынбек Имаш қатысады.

 

 

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?