Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«NDH» порталына 5 жыл

1475
«NDH» порталына 5 жыл - e-history.kz
Бүгін NDH порталына 5 жыл! Осыған байланысты ұжым портал тарихына шағын экскурс даярлады

2013 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин мынадай тапсырма қойды: «Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілетін арнайы оқу, анықтамалық «Қазақстан тарихы» веб-порталын іске қосу және және оны Интернет-ресурстарда белсенді таралуын қамтамасыз ету».

«Қазақстан тарихы» веб-порталын әзірлеу бойынша жұмыс осы хаттамалық тапсырмадан басталды.

«Самұрық-Қазына» АҚ мен Орталық коммуникациялар қызметінің (ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Ержан Бабақұмаров) қолдауымен Рухани бірлік қорының тапсырысы бойынша «Қазақстан тарихы» интернет-порталын kaznetmedia.kz компаниясы жасап шықты.

Порталды толтыру бойынша 50-ден аса адам, оның ішінде Қазақстанның жетекші ғалым-тарихшылары жұмыс істеді. Интернет-порталдың ғылыми тұжырымдамасы мен мазмұнын әзірлеу бойынша жұмыс екі жетекші ғылыми-зерттеу орталығына жүктелді – Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты (бөлім бастығы К.Ш.Әлімғазинов) мен ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты (т.ғ.д. А.М. Ауанасова).

Порталдың алғашқы веб-редакторы Ержан Нүсіпбековке үлкен жүк түсті. 2013 жылдың 25 қыркүйегінде «Қазақстан тарихы» веб-порталының ресми тұсаукесері өтті. Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин қысқа да нұсқа баға берген еді: «тамаша жұмыс, сәтті шешім, әрі қарай жалғастыру керек».

2013 жылғы желтоқсанда e-history.kz ұлттық Award.kz интернет-сыйлығының «Бала тәрбиесі, білім және ғылым» аталымы бойынша білім берудің үздік ресурсы деп танылды. 28 халықаралық және қазақстандық сарапшылардан құралған әділқазылар порталды жасау бойынша істелген жұмысқа жоғары баға берді. 2014 жылғы наурызда портал «Қазконтент» АҚ балансына қабылданды.

«Қазақстан тарихын» порталын түрлі жылдары басқарған басшылар: 2013-2014 жж. – Қалкен Өтепов, 2014-2015 жж. - Диас Есдәулетов, «Болашақ» бағдарламасын бітіруші, 2015-2016 жж. – Раушан Нұрғазина, 2016 ж. – Надежда Шаяхметова (бірнеше ай), 2016 қыркүйек – 2018 жж. қыркүйек – Олжас Беркінбаев.

Контент бірнеше санат бойынша ұсынылған: «Қазақстан тарихы», «Қазақстаника», «Тұңғыш Президент», «Есімнама», «Ұлы дала», «Асыл қазына». Сайттың «Е-кітапхана» электрондық кітапханасында монографиялар, диссертациялар, рефераттар, тарих, археология мен этнография бойынша ғылыми мақалалар жинақтары топтастырылған.

5 жылдың ішінде барлығы 1000-ға жуық электрондық кітап жинақталды.  «Интерактив» бөлімінде тарихи мәселелер, брифингтер, цифрлық білім беру ресурстары бойынша дебаттар жинақталған.

«Тарихи білім» бөлімінде мектеп оқушыларына, студенттерге, оқытушыларға арналған оқулықтар, кітаптар мен әдебиет орналастырылған.
 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?