Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ұлттық құрама III Дүниежүзілік Көшпенділер ойынына аттанды

1492
Ұлттық құрама III Дүниежүзілік Көшпенділер ойынына аттанды - e-history.kz
Бүгін Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде қазақстандық спортшыларды III Дүниежүзілік Көшпенділер ойынына шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды National Digital History порталы.

Байрақты бәсекеге аттанып бара жатқан Ұлттық құрама спортшыларын шығарып салу шарасына Спорт және дене шынықтыру істері Комитет төрағасының орынбасары Бекболат Байжанов, Жамбыл облысы спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков, КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жаһит Марат. Сонымен қатар, елімізге белгілі спортшылар, Ақжүрек Таңатаров қатысты.

Шараның ашылу салтанатында Спорт және дене шынықтыру істері комитет төрағасының орынбасары Бекболат Құстүтінұлы сөз алып, үшінші мәрте ұйымдасфтырылып отырған көшпенділер ойынына қатысатын спортшылар сәттілік тіледі. Сондай-ақ аталған жарысқа қатысатын спортшылардың дайындығы туралы айтып берді.

«Бүгін ұлттық құрама мүшелері Қырғызстан елінде өтетін үшінші көшпенділер ойындарына аттанып бара жатыр. Команда құрамына сәттілік тілейміз. Салтанатты шығаруы салу рәсімі Қасиетті Тараз қаласында өтіп отырғаны біз үшін қуаныш. Өйткені Әулиеата өңірінен еліміздің даңқын әлемге паш еткен спортшылар дүниеге келген. Біздің Ұлттық құрама көшпенділер ойынына жақсы дайындық жұмыстарын жүргізді. Оқу жаттығу жиындарын өткізіп, бүгінде барлық жаттығуларды аяқтады. Ойынға сақадай сай.  Өз кезегінде, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спортшыларға жан-жақты қолдау білдіріп жатыр. Енді, бар үміт спортшыларда»,-деді Бекболат Байжанов.

Сонымен қатар,  шығарып салу рәсімінде ту тапсыру рәсімі болып өтті. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров Қазақстан Республикасының туын ресми түрде көшпенділер ойынына ту ұстап баратын Азияның аударыспақтан үш дүркін чемпионы Сырым Ізбасаровқа табыстады.

«Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында еліміздің намысын қорғап, биік тұғырдан көрініп бар күш жігерімді саламын. Еліміздің көк туын сеніп тапсырға барлықтарыңызға алғыс білдіремін. Барлық спортшылардың атынан,  III  Көшпенділер ойынының ережелерін сақтай отырып, барлық спорттық әлеуетімізді көрсетуге, еліміздің туын көкте желбірутеге ант етемін», - деді Сырым Ізбасаров.

Өз кезегінде, Жамбыл облысы спорт басқармасының басшысы Жүнісбеков Нұрбол мен КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Жаһит жігіттерге байрақты бәсекеге сәттілік пен табыс тіледі.

Естеріңізге салайық, ІІІ Дүниежүзілік Көшпенділер ойыны 2-8 қыркүйек аралығында Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында өтеді. Спорттық сайыстар ұлттық спорт түрінің 37 түрі бойы өтеді. Оған әлемнің 80 мемлекетінен 3000 спортшы қатысады деп күтілуде.  

Еліміздің Ұлттық құрамасы атынан 200-ден астам спортшы барады. Олар ұлттық спорт түрлерінің 30 түрінде сынға түседі.

Қысқаша айта кетер болсақ, Қазақстан Республикасының құрама командасы тұңғыш рет  2014 жылғы 8-14 қыркүйекте Чолпон-Ата қаласында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 28 медальға қол жеткізіп, олардың – 11 алтын, 9 күміс, 8 қола медаль, жалпы командалық есепте 18 мемлекеттен ІІ орынға ие болды.   

Фото суретте: автордікі

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?