Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Мұның ешқашан қайталанбауын тілейміз

1319
Мұның ешқашан қайталанбауын тілейміз - e-history.kz
1989 жылдың 15 ақпаны – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңес әскерлерін шығару күні, Жауынгер-интернационалистерді еске алу күні ретінде атап өтіледі

Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында 1979-1989 жылдардағы Ауған соғысының ардагерлерімен, Ауғанстандағы жауынгерлік іс-қимылдарға және локалдық соғыстарға қатысушылармен кездесу өтті. 

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, ауған соғысы кеңес солдаттары мен офицерлері қатысқан ең үлкен қарулы қақтығыс болды. 1979 жылғы 12 желтоқсанда КОКП ОК Саяси бюросының кезекті отырысында ауған халқына интернационалдық көмек көрсету үшін кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданады. Ауғанстандағы соғыс тоғыз жылдан астам уақытқа, дәлірек айтсақ, тоғыз жыл бір ай он тоғыз күнге созылды.

Іс-шараға Ауғанстандағы ұрыс әрекеттеріне тікелей қатысқан жауынгерлер қатысты: «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі» РМКК Бас директорының орынбасары генерал-майор Серік Сералыұлы Нагуманов, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының Бас директоры Жангелді Меңлібайұлы Махашов, Астана қаласындағы Ауған соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағының төрағасы Серік Мүбаракұлы Кенжебеков және Ауған соғысының басқа да ардагерлері, елорда мұрағатшылары, қоғам өкілдері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттері, Астана қаласының № 64 мектебінің оқушылары қатысты.  

Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының директоры Б.С. Баймағанбетованың кіріспе сөзінен кейін, кездесуге қатысушылар қаза болған жауынгер-интернационалистерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Қаза тапқан жауынгер-интернационалисттің анасы Нина Федоровна ХАЛЯВКА ұлы туралы айтып берді. Ол мектепке оқыған, 1984 жылдың желтоқсанында әскер қатарына шақырылып, оқу-жаттығулардан соң олардың ротасын Кандагарға бағыттайды. Ол адал қызмет етіп, минаға жарылып қаза табады. Бұдан ұлынан айырылған ананың қасіреті сезіледі. Бұл енді ешқашан қайталанбасын деген тілегін білдірді Нина Федоровна.

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі» РМКК Бас директорының орынбасары генерал-майор Серік Сералыұлы Нагуманов биыл кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 29 жыл толғанын атап өтті. Осы уақыт ішінде Қазақстаннан 22 269 адам әскери қызмет өткерген, оның 924-і қаза тапты. әскерлердің шығарылғанын баяндай келе Громов өзінен кейін Ауғанстанда бірде-бір солдат қалған жоқ деген. Бірақ, қазақстандық 19 сарбаз із-түзсіз жоғалып, Ауған жерінен қайтпады. Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін 40-шы армия қазақстандық армияның негізіне айналды.

Жауынгер-интернационалист Жанайдар Жирентаевтың жесірі Нәзкен Мүсірепжанқызы ЖИРЕНТАЕВА Жанайдардың әскерге 1980 жылы шақырылғанын айтып берді. Жараланғаннан кейін Ташкентте емделіп, қайтадан Ауғанстанға оралған. Әскерден кейін органдарда жұмыс істеп, әрқашан әділетсіздікпен күрескен. 1994 жылы Педагогикалық институт жанында қарулы қылмыскерлер байқалғаны туралы хабар келіп түседі. Ол жедел топпен сол жерге шығып кетеді. Тұрғын үй ауласында ойнап жүрген балаларды көріп, Жанайдар қарулы қылмыскерге қарсы жүріп, соққыны өзіне қабылдайды.

Мұрағат қызметкерлері мұрағат қорларының фотоқұжаттар, Ауғанстандағы соғыс туралы газет мақалаларының көрмесін ұйымдастырды.

Жауынгер-интернационалистер ауғанстандағы әскери қызметтері туралы әңгімелеп берді. Жуырда 70-ке толған Паджшердің зәресін алған Қара майор, Борис Керімбаевты да еске алды.

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ғалия Рамазанова мен Астана қаласының №64 мектеп-лицейінің оқушысы Байбөринов Бекарыс қонақтарға музыкалық сәлем жолдады.

Адамдар қаза табатын соғыс ешқашан әділетті болмайды. Локалдық соғыс ардагерлері туралы заң қажет деп санайды жауынгер-интернационалистер.

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?