Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Латын әліпбиі – әлемдік кеңістікке жол

1814
Латын әліпбиі – әлемдік кеңістікке жол - e-history.kz
Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамы қазақ тілін латын графикасына көшуін іске асыру үшін ғылыми талдаулар мен тұжырымдар әзірлеуде өз білімдері мен біліктіліктерін жұмсауға әзір екендіктерін білдірді

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: латын графикасына көшу үдерісінің тарихи маңызы және оның қолданысының әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі» атты Халықаралық ғылыми форум өтті.

Шараға Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдары және БАҚ өкілдері қатысты.

Халықарарлық ғылыми форумда латын әліпбиіне көшу үдерісінің әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуін және оның перспективаларын талқылау мәселелері көтерілді.

Дөңгелек үстелде форматында өткен жиында латын графикасына көшу үдерісінің тарихи маңызы, қазақ тілі төл әріптерінің латын графикасында белгіленген жолдары, латын әліпбиіне көшу үдерісінің әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі және оның перспективалары баяндалды. Сондай-ақ Қазақстан әйелдер қоғамының үндеуі таныстырылып, куәліктер мен сертификаттар тапсыру рәсімі болды.

National Digital History порталы Қазақстан ғалым әйелдері қоғамының Үндеуі мәтінін толық беріп отыр

         Қыбатты форумға қатысушылар!

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасына сай мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесі бүгінде барша қазақстандықтардың, оның ішінде ғылыми қауымның назарында.

Қазақстан ғалым әйелдері қоғамының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: латын графикасына көшу үдерісінің тарихи маңызы және оның қолданысының әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі» атты Халықаралық  ғылыми форумы өз жұмысында – латын графикасына көшу үдерісінің тарихи маңызы, қазақ тілі төл әріптерінің латын графикасында белгіленген жолдары, латын әліпбиіне көшу үдерісінің әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі және оның қолданысының перспективалары тақырыптарында ой бөлісіп, өзіндік пікірлерін білдірді.

Атап айтар болсақ: қазақ тілінің төл әріптерін латын графикасында белгілеудің ұсынылған варианттары талқыланып, жаңа ұсыныстар айтылды. Латын әліпбиіне көшудің әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі мәселесі және болашақта атқарылатын істер айқындалды.

Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамы мемлекеттік тілдің латын графикасына көшуін іске асыру үшін ғылыми талдаулар мен тұжырымдар әзірлеуде өз  білімдері мен біліктіліктерін жұмсауға әзір екендіктерін білдірді. Латын әліпбиіне көшу – қажеттіліктен туындаған уақыт талабы екендігін түсіне отырып, білім мен ғылым саласында және қоғамның басқа да салаларында жаңа графиканың еш зиянсыз енуіне ат салысамыз.  Себебі, қазақ жазуына латын графикасын енгізу еліміздегі көп тілділіктің дамуына жағдай жасайды.Қазақстанның әлемдік экономика мен коммуникацияларға, ғылым мен мәдениетке интеграциялануы үшін, экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымына кіру үшін, қоғам өмірінің барлық салаларын цифрландыру принципінде үшінші жаңғырту жүргізу үшін  ұзақ мерзімді әсер бере алады. Бұл инвесторлар мен шетелдік туристерге және Қазақстанға қызығушылық танытқандардың барлығына біздің елімізді қолжетімді де тартымды ете түседі.

Заманауи қазақстандық ғылыми жетістіктерді  жаһанда ілгерілету үшін жаңа перспективалар ашады. Шетелде тұратын отандастарымыз үшін ана тілі мен жазуды дамытудың, тарихи отанымен жақындасудың жаңа мүмкіндіктері пайда болады. Латын әліпбиін енгізу – еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және Қазақстанның әлемнің неғұрлым дамыған елдерінің «отыздығына» енуіне бағытталған, жаңғырту реформаларына толығымен сай келетін және олардың ажырамас бөлігі болып табылатын прагматикалық сындарлы қадам болып табылады.

Біз еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттік тілдің жаңа әліпбиін талқылау және қабылдау бойынша жұмысты қолдауға, қуатты да өркендеген Қазақстанды құруымыз үшін Мемлекет басшысының осы бастамасын тиімді іске асыруды қамтамасыз етуге шақырамыз!

Латын әліпбиі – әлемдік ғылыми кеңістікке енуге апаратын жол!

 

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?