Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ә.БӨКЕЙХАНҰЛЫ: «ТІРІ ТҰРҒАНДА – ҚАЗАҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТПЕЙ ҚОЙМАЙМЫН»

1496
Ә.БӨКЕЙХАНҰЛЫ: «ТІРІ ТҰРҒАНДА – ҚАЗАҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТПЕЙ ҚОЙМАЙМЫН» - e-history.kz
Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында «Алаш» партиясының құрылғанына 100 жыл толуына орай «Алаш: замандастар көзқарасы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

«Алаш» партиясының, «Алаш Орда» үкіметінің тарихы – тәуелсіз мемлекет үшін күресі туралы қазақ халқының жадында қалатын тарихтың ерекше беттері. Бұл күресте Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек, Аймауытов, Жақып Ақпаев, Халел Ғаббасов, Ахмеджан Қозыбағаров, Мұхамеджан Тынышпаев, Әлімхан Ермеков және басқа да көптеген ұлттық зиялы қауым өкілдері маңызды рөл атқарды. Қозғалыстың және «Алаш Орда» үкіметі өкілдерінің осы күнге дейін сақталып жеткен құндылығы бойынша бірегей құжаттары жаңа, қазақ мемлекеттілігі қалыптасуында қалдырған өшпес ізінің жарқын дәлелі». Конференцияға отандық және Ресейдің Томск, Омбы, Орынбор қалаларынан, Татарстан мен Өзбекстаннан келген шетелдік тарихшылар, мұрағатшылар қатысты.

Сонымен қатар ҚР Парламентінің депутаттары, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының астаналық филиалының өкілдері, жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері, қоғам өкілдері қатысты. Конференцияға қатысушылар шетелдік мұрағаттардан табылған құжаттарды таныстырды.

Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Е. Қабылдинов «Алаш зиялылары – ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының мүддесін білдірушілер» тақырыбында баяндама жасады. Оның кейбір тезистері мынадай: - ХХ ғасырдың басында елде қалыптасқан жағдай түбегейлі өзгеріп, діни қайраткерлердің орнына Әлихан Бөкейханұлы бастаған алаш элитасының оқыған, көші ашық бөлігі біртіндеп келе бастайды. Бірінші кезекте олар дін мәселелерін көтерді – қажылыққа рұқсат беру, кезінде патша үкіметі шектеу қойған мешіттер мен медреселерді еркін салу. Бұдан әрі олар қазақ облыстарында бір персонамен ғана шектелмей, молдалар санын арттыруды; қазақ неофиттерінің қайтадан ислам дініне өтуіне рұқсат беруді жақтады.

Қазақ даласында мынадай жағдай да орын алған, Ресей империясы 1881 жылы «Қырғыз миссиясын» құрған, сол бойынша қазақтарды екпінді түрде христиандандыру жүргізіліп, 1897 жылғы Ресей империясының жүргізген халық санағы бойынша біздің республикамыздың аумағында 660 неофит болған, яғни әр түрлі себептер бойынша православиені қабылдаған адамдар. Олардың кейбіреуі ислам дініне қайтып оралғысы келгенімен, патша үкіметі бұлай жасауға үзілді-кесілді тыйым жасады. Сондықтан да алаш зиялылары олардың қайтадан дәстүрлі қазақи исламға оралуына рұқсат беруді талап етті. Алаштықтар қазақ қоныстарына сол кезде қазақ даласында толып жүрген миссионерлердің баруына қарсы болды. Олар дін істерінің Ішкі істер министрлігіне емес, тек Азаматтық ведомствоға, Әділет министрлігіне бағынуын, және бұрынғыдай Орынбор мүфтиятына бағынуын сұрады. Қазақ зиялылары күнкөрісі төмен отбасылары балаларының Ресей империясының және одан тыс жерлердегі оқу орындарында білім алулары үшін қор құруды жақтады.

Сондықтанда олар ХХ ғасырдың басында жаппай ашыла бастаған қазақ мектептерінде түрік, парсы, және араб тілдерінде оқытуға рұқсат беруді талап етті, сұрады. Жер мәселесіне қатысты алаш элитасы Ресейдің еуропалық бөлігінен қазақстандықтарды көшіру мәселелерін көтерді. Олар, мысалы, Қарқаралы петицияларын жазды: «егер көшіргілеріңіз келсе, онда бізбен діндес халықтарды, Еділ жағасынан – башқұрттар мен татарларды немесе Солтүстік Кавказдың мұсылман халықтарын көшіріңдер», - егер мемлекет осындай саясатты ұстанса. Білім беру және қазақ тілі мәселелері көтерілді, атап айтқанда алаш зиялылары қазақ-орыс мектептерінде православие негіздерінің оқытылмауын үзілді-кесілді талап еткен. Бұндай тәжірибе болған, және Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов: «қазақ балаларын бастауыш мектепте православие негіздеріне үйрету керек емес – бұл біздің дініміз емес, біздің ата-бабаларымыздың діні емес»,-деп талап етті. Бұның үстіне, қазақ интеллигенциясы бастауыш мектепте, яғни оқытудың бастапқы үш жылында, басқа ешбір тілді, оның ішінде орыс тілін де араластырмай, білімнің міндетті түрде тек қана ана тілінде берілуін жақтады. Бұл жерде, білім берудің земстволық қызметкерлерінің, алдыңғы қатарлы орыс зиялыларының алаш қайраткерлерін қолдағандығын мойындау керек деп ойлаймын, Нижний Новгородта, Мәскеуде, Санкт-Петерборда өткізілген жыл сайынғы земство съездерінде олар қазақ балаларына, орыс халқының баласы еместерге мектептегі оқытудың бастапқы сатысында шет тілдерін ғана емес, сонымен қоса орыс тілін де оқытуға қатаң тыйым салу қажет, әйтпегенде баланың басында хаос пен бейберекеттілік орын алады деп жазды. Сондықтан да алаш зиялыларының көтерген мәселелері бүгін де өзектілігін жойған емес.

Қазақстандағы білім реформасы үшін Әлихан Бөкейхановтың және басқаларының тәжірибесі, дәстүрі қажет сияқты – оларды есепке алу керек пе? Қазір біздің 6-дан аспаған балаларымызға бірден үш тілді үйрену қиын емес пе?

Алдымен бала өзінің ана тілінде ұғымдық аппаратты қалыптастырып барып, ержетуіне қарай екінші, үшінші, оныншы тілдерді қосуға болады. Әлихан Бөкейханұлы бар өмірін қазақ халқына қызмет етуге жұмсағысы келді. Ол: «Тірі тұрғанда – қазаққа қызмет етпей қоймаймын»,-деген. Шыңғыс ханның ұрпағы болған Әлихан Бөкейханұлы арғы атасы Әбілқайыр ханның 1731 жылы ант беріп, қазақтарды Ресей бодандығына өтуге көндіргені үшін өзін кінәлі санаған.

Сонымен қатар, Зиябек Ермұқанұлы біздің сұрақтарымызға да жауап берді:

- Зиябек Ермұқанұлы, осы сәтке конференцияның қандай нәтижесін көріп тұрғаныңызды айтыңызшы.

- Бүгін Қазақстанның барлық өңірлерінде, барлық оқу орындарында, ғылыми мекемелерінде, мұрағаттық-музейлік ұйымдарында Алаштың зор мұрасын зерделеу мен насихаттау белсенді жүруде деп ойлаймын. Өйткені, 91-ші жылдан басталатын бүгінгі біздің мемлекеттілігіміздің бастауы, дегенмен, сонау ХХ ғасырдың басынан басталады. ХХ ғасырдың басында Әлихан Бөкейханұлы басқарған қуатты ұлт-азаттық Алаш қозғалысы туындады. Осы кезде Алаш партиясы, Алаш Орда үкіметі, Алаш автономиясы туындап, оның құрамына ондаған-жүздеген оқыған қазақ зиялылары кіреді, олардың ішінде басқа ұлт өкілдері де болды, мысалы, этникалық орыс Григорий Николаевич Потанин Алаш қозғалысының бастауында тұрған. Олар қазіргі мемлекеттілігіміздің іргетасын қалады. Олар Алаш партиясының бағдарламасын құрды, үкімет құрды, ондағы 25 орынның 10-ы өзге ұлт өкілдеріне берілді, үкімет төрағасы, президент, баламалы негізде сайланды. Алаш Орда үкіметіне сайлау кезінде өз дауыстарын ұсынған төрт негізгі кандидатураның ішінде Әлихан Бөкейханов бірінші орынды, екінші орынды Айдархан Тұрлыбаев және басқалары иеленді. Бүгінгі «Алаш: замандастар көзқарасы» конференциясы Алаштың бүгінгі Қазақстан үшін де маңыздылығына ғылыми қоғамдастықтың, ел азаматтарының назарын аударуға бағытталған. Өйткені, осыдан тура 100 жыл бұрын Алаш зиялылары көтерген проблемалар бүгінгі күні де өзектілігін жойған жоқ: бұл – сайлау жүйесінің мәселелері, бұл кәсіби қарым-қатынастар саласындағы мәселелер, бұл – биліктің орталық органдарының қатысуына қатысты мәселелер, бұл – этнос аралық консолидация мәселелері, бұл сол кезде міндетті түрде ескерілуі керек салт-дәстүрге белсенді бетбұрыс мәселелері. Елбасының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласы да тарихты, халқымыздың салт-дәстүрінің үздік үлгілерін жаңғыртуға, ұлттық кодты қайтаруға және осы бағыттарда жұмыс істеуге шақырады.

Мемлекет басшысы өзінің «Тарих тағылымы» атты еңбегінде алаш интеллигенциясының біздің тәуелсіздігімізді жақындатуға қосқан үлесін өте жоғары бағалайды.

- Өзге елдерден келген қатысушылар бүгін өз материалдарымен бөлісті, Алаш туралы Татарстанда да, Өзбекстанда да, Ресейде де мұрағат деректері бар. Бұл еңбектер жүйелендіріледі ме? Яғни, қандай да бір бірлескен жұмыс жүргізіледі ме?

- Бүгін, конференция аяқталысымен, баяндамалар жинағын, сөйлеген сөзер жинағын жасау туралы ұсыныстар болады деп ойлаймын – бұл өте маңызды. Өзбекстан, Татарстан, РФ-тың Томск облысынан келген әріптестеріміз құжаттардың көшірмелерін әкелді, олар тек көрсетілуге ғана қойылмайды, сонымен қатар осы мұрағат қоймасында қалады. Осымен бірге, біз қалалық мұрағат басшылығымен хрестоматиялық жинақ құрастыру және біздің тарихымыздың белгісіз беттерін әрі қарай насихаттаулары үшін оны жекелеген зерттеушілерге беру туралы келістік.

- Енді ғана пайда болған, жаңа фактілердің арқасында көзқарастар эволюциясын байқай аламыз ба?

- Алаш партиясының, Алаш-Орданың жүзжылдығына құжаттар көбейе түседі деп ойлаймын. Олар алаш қозғалысының қызметі бастауына, сонымен қатар большевистік амнистияға, ақтар үкіметімен қарым-қатынасына, большевиктермен қарым-қатынасына, басқа республикалардың ұлттық автономияларымен қарым-қатынасына жаңа көзқараспен қарауға және қандай да бір ортақ жұмыстың бетін ашуға мүмкіндік береді.

- Қазақ зиялылары атқарған зор жұмыстарға қарамастан, Алаш автономиясының ғұмыры қысқа болды.

- Өйткені, 19-шы жылы Алаш автономиясы жариялануына қарамастан, большевиктер алаш қайраткерлерінің жіті қарап, оларды бақылап, аңду жүргізді. Большевиктер үкіметімен түрлі жұмыстарға жіберілгендерімен, олар совет үкіметінің алғашқы жылдарынан-ақ қудалауға ұшырады. Жалпы алғанда, оларға сенбеді, сондықтан олар жиырмасыншы жылдардан бастап қудалауға ұшырады, өйткені, өз халқының тарихын, мәдениетін білетін алаштың алдыңғы қатарлы білімді интеллигенциясы Голощекиннің Қазақстандағы саясатына, байлардың жер аударылуына, ұжымдастыруға қарсы шықты, Қазақстан аумағында орын алған қолдан жасалған аштыққа қарсы шыққандықтан, олар большевиктер үшін үлкен қауіп-қатер еді. 37-ші жылдан бастап Әлихан Бөкейханұлы бастаған дәл осы Алаш элитасын аяусыз, жаппай қудалай бастады. Әлихан Бөкейханұлының өзі 22-ші жылдан бастап атылғанға дейін ешқайда шықпай Мәскеуде отырды – шындығында, оны ол жақтан шығарған жоқ.

Ол большевистік топпен құртылғанға дейін Мәскеуде «құрметті жер аударылуда», үй қамақта болды деуге болады. Конференция кезінде өзге елдерден келген қонақтарға естелік сыйлықтар мен грамоталар тарту етілді. Конференция аяқталған соң үздік баяндамашылар марапатталды. Мұрағаттың бөлім бастығы Фаезова Гузель Наилевна Татарстан Республикасының Ұлттық мұрағаты атынан «Біржан-Сара» айтысының жазбасын, араб жазуымен жазылған журналды, сонымен қоса Қазан мал-дәрігерлік институтының бітірушісі Жүсіп Ізбасаровқа тиесілі дипломды Қазақстанның Мемлекеттік мұрағатына табыс етті.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?