Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Нұрлы жол» вокзалында миллионшы жолаушы

1766
«Нұрлы жол» вокзалында миллионшы жолаушы - e-history.kz
Бүгін, 2017 жылғы 8 тамыз күні жергілікті сағат 18:35-те Астана «Нұрлыжол» вокзалы өзінің 1-миллионыншы жолаушысын қарсы алды

«ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі қарсаңында ашылған жаңа вокзалдың бақытты мәртебесіне Астана қаласының тұрғыны, теміржол саласының бұрынғы қызметкері Жүсіпбек Шуринге бұйырды.

Отбасымен бірге «Астана-Атырау» тальго поездімен Атырау қаласына қыдырып бара жатқан қарияны вокзал қызметкерлері ереше ықыласпен қарсы алып, құттықтады. Сыйлықтар табыстап, «миллионшы жолаушы» деген арнайы естелік куәлігін табыстады.

«Нұрлы жол» вокзалының қызметкерлері, қуанышты жаңалықты теміржолшылардың кәсіби мерекесі қарсаңында болып қалатын шығар деп күткен екен. Бірақ өз нәтижесін беріп тамыздың 8-күніне бұйырыпты. Миллионшы билетті электронды жүйе арқылы анықтаған.

«Біздің вокзал маусым айында ашылды. «ЕХРО»  халықаралық мамандандырылған көрмесі қарсаңында. Біз  миллионшы жолаушыны теміржолшылардың кәсіби мерекесі қарсаңында болып қалар деп күттік. Өкінішке орай олай болмады. Өзінің нәтижесін беріп, бүгін анықталып отыр. Біз бұл шараны дәстүрге айналдыратын боламыз. Әрбір миллионшы жолаушыны күту біз үшін үлкен мәртебе. Қазір біз Қазақстандағы үлкен вокзалмыз. Бүгінгі таңда «ЕХРО» көрмесіне келген қонақтарды және барлық жолаушыларды вокзал ішіне кіргеннен бастап, шығарып салғанша күтіп жатырмыз. Бұл біздің жаңа ашылған вокзалдың имиджі үшін. Миллионыншы билетті сатып алған құрметті жолаушы электрондық жүйе арқылы анықталды»,-деді жаңа вокзал басшысы Дінмұхаммед Құсайынов.

Бір қызығы миллионшы жолаушы мәртебесіне ие болып отырған Шурин Жүсіпбек ағамыз теміржолшы болып шықты. Жұбайы Гүлсара Шурина да көп жылдар бойы теміржол саласында қызмет атқарған.

«Қуанып кеттік. Біріншіден бір түрлі болдық. Қазір көңіл-күйіміз жақсы. Ауылға демалысқа тойға бара жатырмыз. Жұбайым екеуміз Атырау облысында дүниеге келгенбіз. Сонда жұмыс атқардық. Өзім теміржол саласында 36 жыл істедім. Кассир болып еңбек демалысына шықтым. Жолдасым теміржолда машинист болып қызмет атқарды. Қазіргі таңда Астана қаласында тұрамыз», - дейді миллионшы жолаушының жұбайы Гүлсара Шурина.

Айта кетейік, «Нұрлы жол» вокзалына алғашқы пойыздар 1-маусымнан кіріп, шыға бастады.

Вокзал кешені – жалпы алаңы 126 мың шаршы метр болатын алты деңгейлі ғимарат. Оған пойыздарды қабылдап-жөнелтетін алты жол жалғасады. Жолаушыларды пойызға отырғызу мен түсіру үшінші қабат арқылы жүргізіледі. Вокзал жолаушылар ағынын, адамдар кезегін, қауіпсіздікті, билетті электрондық тәсілмен сату ісін басқару мен бақылаудың заманауи озық интеллектуалдық жүйелерімен жабдықталған.

Фото: Артем ЧУРСИНОВ

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?