Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Бабалар ізімен» экспедициясы елге оралды

1476
«Бабалар ізімен» экспедициясы елге оралды - e-history.kz
Грузин, әзербайжан халқы қыпшақтан тарауы әбден мүмкін, Еуропадан әкелінген 100 келіге жуық кітаптардан тарихымыздың тың беттері ашылады, кәрі құрлықтан ортағасырдағы қазақ жерінің картасы табылды

 

 

Қазақстандық саяхатшы Сапар Ысқақовтың жетекшілігімен басталған «Бабалар ізімен» атты экспедициясы аяқталып, Астанаға оралды. Олар 2017-жылдың 4 мамырынан бастап 10 шілдеге дейін, 67 күннің ішінде келесі бағыт бойынша жүріп өтті: Қазақстан (Қостанай облысы, Ақтөбе облысы, Батыс Қазақстан облысы, Атырау облысы), Ресей Федерациясы (Кабардино-Балқар Республикасы, Қарашай-Шеркеш Республикасы, Дағыстан Республикасы), Әзірбайжан, Армения, Грузия, Украина, Молдава, Белоруссия, Литва, Польша, Германия, Франция, Венгрия, Италия, Рим (Ватикан).

Олар 20 000 шақырым жүріп өтіп, оның ішінде жолсыз жерлермен 15 000 шақырым өтіп шықты. Cөйтіп, «Бабалар ізімен» атты ғылыми экспедициясы ұлтаралық қарым-қатынасты бекітіп қана қоймай, әртүрлі ұлттардың мәдениетін, тілін, тарихын сақтап қалу мақсатында өз үлесін қосады.

Экспедициядан басқа, ғылыми топ мүшелері болған елдерді көрсететін деректі фильмдер топтамасы жарыққа шығады. Бұл фильмдер топтамасында біздің бабаларымыздың болған жерін және мәдени, архитектуралық ескерткіштерді көрсетіп қана қоймай, белгілі тарихшы мен зерттеушілердің сұхбаттары көрсетіледі. Бұл фильм топтамасы - халықтардың бірін-бірі туралы білімін арттырып, ортақ бай тарихымыз бен мәдениетімізді көрсетіп, ата-бабаларымызбен мақтануға мүмкіндік береді. 

 2018 жылы ғылыми экспедиция келесі елдер бойынша өз жалғасын табады: Жапония, Корея, ҚХР, Үндістан, Сирия, Иордания, Палестина, Ливан, Израиль, Түркия, Болгария, Румыния, Македония, Словения, Косово, Хорватия, Албания, Түркменстан және т.б.

Ысқақов Сапар, экспедиция жетекшісі:

- Елбасының «Рухани жаңғыру» жобасын мен өз басым 2015 жылы идея пайда болып, қолға алғанмын, яғни сол жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы кең көлемде аталып өтілді, осы тұрғыда тек қана тойлатып қана өтпей, тарихымыздың тамырын тереңінен қазу ойы мені мазалады, одан бөлек мен әлемнің көптеген елдерін аралап көрдім, біздің бабаларымыздың ізін аралап сол жерлерден тарихта ашылмаған парақтарын ақтару, осы ойдың жетегі мен «Бабалар ізімен» экспедициясына алып келді.

Мақсат сырттағы сырлы тарихымызды, тарихымыздың біз білмейтін тұсын тауып, зерттеп халыққа ұсыну. Міне көріп отырғандарыңыздай, мамырда жолға шыққан экспедиция өз жұмысын тәмамдап елге аман-сау оралды, экспедиция жұмысына келсек біраз еңбек пен қатар көптеген құнды дүниелерді алып-келдік деп айтуға болады. Қосымша айтарым, алдағы күзге осы экспедиция аясында үлкен халықаралық ғылыми конференция өткізу ойымызда бар, одан бөлек ортағасырлардағы Дешті Қыпшақты ғылыми зеттеу орталығын құру ойда бар, мақсат шығысы Алтай мен батысы Дунайға дейін мекендеген қыпшақ хандығының бүгінгі дейін тараған өрісін анықтау.

Сәбитов Жақсылық, тарих ғылымдарының докторы, ДНК шежіре жобасының ғылыми жетекшісі:

- Біздің экспедицияның мақсаты әлем елдерін аралап, тарихи жәдігерлерді тауып қана қоймай, сонымен қатар ғылыми зерттеулер жүргізу, оның ішінде ДНК шежірелері арқылы. Біз аралаған елдеріміздің тұрғындарынан 10 адамнан ДНК сараптамасын алдық, одан басқа сол елдің тарихшы ғалымдарымен тығыз жұмыс жасадық. Зерттеу барысындағы бізді таңқалдырған дүниелер аз болмады, мысалы, Украинаның батыс өңірінде, яғни Молдовия жағында тұратын халықтардың қыпшақтардың (половцы) ұрпағы екенін жергілікті халықта, ғалымдарда алға тартып отыр және қарашай-балқарлардың да қыпшақ ұрпақтарынан тарағанын білдік, ендігі мәселе аталған болжамның шындығын анықтау ғана, осы мақсатта біз алынған ДНК сараптамаларын арнайы зерттеуге АҚШ-қа жібердік, нәтижесі осы жылдың қазан-қараша айларында дайын болады. Одан өзге біз аралаған елдерден тарихқа қатысты, 100 келіге жуық кітаптар олжаладық олар өз кезегінде біздің тарихымызды байытатынына сенімдімін.

Тағы бір айтарым, біз білеміз, Грузияда әзербайжандар молшылықты құрайды (5-10%). Біз Грузияның Боршалы ауданында болғанда, сол жердің тұрғындардың өзі және біздің болжауымызша қыпшақтың боршағлы руының атауынан шыққан болуы ғажап емес.

Дегенмен айта кеткіміз келеді, бұл болжамның барлығының соңғы нүктесін арнайы ғылыми зерттеу нәтижесі береді, ол өз кезегінде әрине уақыт алады, жылдың аяғында біз сіздерге нәтижесімен міндетті түрде таныстыратын боламыз.

Фото: Артем Чурсинов

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?