Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Бесеудің хаты»

9703
«Бесеудің хаты» - e-history.kz
Іс-әрекеттері халықтың аштықтан қырылуына әкеліп соқты деп Ф. Голощекинді айыптап қазақ интеллигенциясы Мәскеуге хат жазды

Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру нәтижесінде Қазақстанда 1930-1932 жылдары Қазақстанда ашаршылық етек алды. Ашаршылықтан, эпидемиядан және басқа да себептерден халықтың 40%-ы қырылды. 1930 жылы аштықтан 313 мың адам, 1931 жылы 755 мың адам қайтыс болды. 1932 жылы қайтыс болғаны немесе көшіп кеткені 769 мың адамды құрады. 1931-1933 жылдары арасында республиканың 6,2 млн адамының 2,1 миллионы қайтыс болды, оның ішінде тұрғылықты емес халықтың – 0,4 миллионы қырылды.  Қуғын-сүргін мен ашаршылық халықтың жаппай көшуіне әкеп соқты. Республикадан тыс жерлерге бір миллионнан астам қазақ, олардың ішінде 616 мыңы – қайтпады, ал 414 мыңы ақырында Қазақстанға қайтып оралды.  1933 жылдың 1 қаңтарында республикада бар болғаны 4,5 миллион ғана мал басы қалды, ал ұжымдастыру алдында 40,5 миллион бас мал болған болатын.  Аштық туралы, індеттің салдары туралы 1932 жылы БКП(б) Өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И.Голощекиннің өзіне бір топ республика қайраткерлері: жазушы Ғабит Мүсірепов, Қазақ мемлекеттік баспасының меңгерушісі Мансұр Гатаулин, Комвуз проректорының орынбасары Муташ Дәулетқалиев, осы оқу орнының проректоры Емберген Алтынбеков және ҚАССР Мемжоспардың энергетикалық саласының меңгерушісі Қадыр Қуанышев хат жазды. Мәскеуге және үкіметтік органдарға тек қана жекелеген лауазымды тұлғалар, қазақ зиялыларының өкілдері ғана емес, сонымен қатар қарапайым тұрғындар да жазды, олардың көпшілігі қуғын-сүргіндердің құрбанына айналды.

Голощекиннің билігі нығая түсті, сөйлеген сөздері мен баяндамаларында ол республикада болып жатқан саяси және экономикалық іс-шараларға көзқарасы басқа тұлғаларды барынша «анықтауға» күш-жігерін салды.

Көрнекті қазақ мәдениетінің қайраткерлері жазған «Бесеудің хаты» Қазақстан тарихында ерекше орын алады. Хатта еріктіліктің лениндік қағидаттарының бұзылуы, ауылдың ерекшеліктерінің ескерілмеуі, байлармен бірге орташалардың жойылуы айтылады. Хатта еріктіліктің лениндік қағидатының бұзылғандығы, ауылдың ерекшелігінің ескерілмегендігі, орташалар мен байлардың жойылғандығы туралы айтылады. Сонымен қоса, олар Голощекинді ұжымдастыруды өткізу бойынша партияның басты бағытын бұрмалады, мал шаруашылығын дамытуға деген халықтың ынтасын жойды, бұл мал шаруашылығына деген жиіркеніштің тууына себепші болды деп айыптады. Хаттың авторлары бәрі де Коммунистік партияның мүшелері болатын. Осы жағдайды ескере отырып, хатқа осы қадамның мотивін түсіндірген қысқаша ғана жазба қосылды: «Осы сұрақты қоюшылар, ешбір жағдайда да «ренжіген» адамдар болып табылмайды, сондай-ақ олар мансапты да аңсаушылар емес. .. Біздің жалғыз ғана мақсатымыз –  біздің партиямыздың басты қаруы болып табылатын партиялық демократия аясында және өзін-өзі сынау тәртібінде Өлкелік комитетке өзімізді толғандырып жүрген сұрақтарды большевиктер сияқты тура қоя отырып, жекелеген маңызды олқылықтарды көрсетіп, Қазақстанда социализмді құруға көмектесу. Сондықтан да біздің сұрақтарымызға, оларға орташа партия белсенділерінен шыққан ұсыныс ретінде қарап, Сіз жауап береді деп үміттенеміз.

Өкінішке орай, шығармашыл зиялылардың сөздері ұлтшылдықтың көрінісі, байшылдықты аңсау ретінде қабылданды. Хат авторлары ұлтшыл, байлардың мүдделерін қорғаушылар ретінде айыпталды. Оларға партиядан шығарамыз, қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытты. Өлкелік комитет хатпен танысқаннан кейін, оның авторларына көрсетілген психологиялық қысым олар үшін ауыр сын болды.

1932 жылғы 5 шілде Қазақ Өлкелік комитеті мен Өлкелік бақылау комиссиясының бюро отырысында олардың «күнәлері» кешірілді, ал хат келесідей бағаланды: «...Қазақстанның социалистік қайта құруының және ұлттық саясаттың барлық жетістіктері толықтай боямаланып, тек қана жағымсыз сәттері көрсетіліп, Өлкелік комитет жүргізіліп отырған бағытына сын тағылған». Бұл хаттың, билік құрылымдарына түскен, SOS белгісі бар алғашқы құжат болмағанын айта кету қажет, бірақ бұл коммунистерден, оның ішінде қатардағы емес, елеулі әлеуметтік мәртебесі бар тұлғалардан түскен алғашқы хат еді. Осы хаттан кейін басқа да хаттар жазылды. Бұндай құжаттардың БКП(б) ОК кадрлық саясатына тигізген әсері туралы біржақты баса айту қиын, бірақ фактінің аты факт: 1933 жылғы қаңтарда Ф.И. Голощекин республикадан шақыртылып алынды. 44 жасында атылып кеткен, Орта Азиядағы советтік мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың да хаты батылдығымен таңғалдырмай қоймайды: 1933 жылдың наурызында Т. Рысқұлов осы туралы Сталинге хат жазады: «Сізден, осы жазбамен танысуыңызды және осы іске араласып, аштықтан өлім аузында жатқан көптеген халықтың өмірін арашалап қалуыңызды сұраймын». Хатта республикадан тыс жерлердегі қазақтардың саны туралы мәлімет келтіріледі:  Орта Волгада – 40 мың адам, Қырғызстанда – 100 мың адам, Батыс Сібірде – 50 мың адам, Қарақалпақстанда – 20 мың адам, Орта Азияда – 30 мың адам, көшпенділер тіпті Калмыкия, Тәжікстан, Солтүстік өлке сияқты шет жерлерге дейін шығып кетті, халықтың бір бөлуге Батыс Қытайға қоныс аударды. Хатта елді жайлаған қасіреттің ауқымы туралы мәліметтер келтіріледі: 1930 жылы Ақтөбе облысында 1 012 500 адам тұрды, 1932 жылы 725800 адам қалды (немесе 7%); Қызылорда облысындағы ауылсоветтердің көпшілігінде 15 – 20 % ғана халық қалды; Балқаш ауданындағы 60 мың адамның 12 мыңы көшіп кеткен, 32 мыңы қайтыс болған, қалғаны 12 мың адам.

Бұл қасіреттің ауқымының кеңдігі сонша, 1930-1932 жылдары болған аштық, тарихқа «Ұлы жұт» жылы ретінде қазақ халқының ұлы трагедиясы болып енді. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?