Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тарихи кітаптар жарық көрді

2264
Тарихи кітаптар жарық көрді - e-history.kz
II Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі аясында өтетін мәдени бағдарламалар аясында ғылыми-көпшілік, тарихи, көркем және балалар әдебиеті бөлімінен шыққан кітаптар тұсаукесері өткізіледі

15 маусым

Кинотанушы, киносыншы, кино тарихшысы, өнертану кандидаты, Қазақ ұлттық өнер университеті Өнертану кафедрасының доценті, Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі Назира Рахманқызының ұлттық кино өнерінің өткені мен бүгіні баяндалатын «Қазақ киносы: кеше және бүгін» кітабының тұсаукесері.

Көрнекті мемлекет қайраткері, түрколог ғалым, руханият жанашыры Мырзатай Жолдасбековтің 80 жылдығына орай шыққан «Дүние, шіркін!» (толғаныстан, терең тебіреністен туған әндері мен күйлері топтастырылған партитуралар жинағы), «Кісілік келбеті» (мемлекеттік мүдде, адамгершілік, кісілік турасында жазған мақалалары мен сөйлеген сөздері жинақталған кітабы) және жазушы, баспагер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Болат Бодаубайдың ел ағасы М. Жолдасбековтің өнегелі өмір жолын баяндайтын «Таңғаламын өмірдің ғажабына» кітаптарының тұсаукесері.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының және Күлтегін сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ғалым әрі жазушы Қойшығара Салғараұлының ежелгі көне заманнан бастап орта ғасырда өмір сүрген түрік халықтарының тарихы жөнінде жазылған «Түріктер» атты зерттеу кітабының тұсаукесері.

Халқымыздың көрнекті қаламгері, ұлт руханиятының жанашыры болған марқұм Ақселеу Сейдімбектің 75 жылдығына орай басылған қазақ этнологиясына қатысты тың пайымдаулар жинақталған «Қазақтың ауызша тарихы» кітабының тұсаукесері. Бұл кітап оқырмандар тарапынан жоғары сұранысқа ие болуына байланысты екінші мәрте басылып отыр.

16 маусым

Презентация книги Мартина Дж. Доэрти «Стрелковое оружие (1945 – по настоящее время)». В книге рассматривается стрелковое оружие периода, который охватывает конец Второй мировой войны вплоть до наших дней, описываюися наиболее известные мировые конфликты.

Жәндіктердің таңғажайып өмірі мен ержүрек құмырсқаның бастан кешкен оқиғаларын баяндайтын Валерий Кастрючиннің «Ержүрек құмырсқа» кітабының тұсаукесері. Кітап мектепке дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларына арналған.

Презентация книги писателя Сауле Досжановой «Мое чужое сердце» раскрывает современные достижения казахстанской медицины. В ней охвачены события, с которых начинается впервые проведенная в нашей стране трансплантационная операция по замене сердца, описаны душевные переживания молодого парня, которому пересадили сердце другого человека, его второе рождение и новая жизнь.

17 маусым

Презентация книг «Греция», «Рим», «Египет», «Китай» из серии «История и сокровища античной цивилизации». Каждая книга рассматривает исторический, археологический и культурный аспекты цивилизации, которая более какой-либо другой повлияла на формирование современной
культуры.

Ақын, жазушы, тарих ғылымының кандидаты Сұраған Рахметұлының Шығыс Түркістан ұлт-азаттық көтерілісінің қолбасшысы – «ХХ ғасырдың алтын аңызы» аталған Оспан батыр Ісләмұлы мен Моңғолияның даңқты маршалы Хорлоогийн Чойбалсан арасындағы қарым-қатынастың жалпы қазақстандық оқырмандар біле бермейтін тұстары тарихи тың деректермен баяндалған «Оспан-Чойбалсан» кітабының тұсаукесері.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ақын Дәулеткерей Кәпұлының «Терісбұрау» өлеңдер жинағының тұсаукесері.

18 маусым

Неміс сәулетшісі, баспагер Филипп Мойзер Астанадағы сәулет өнерінің дамуы мен қала ғимараттарына баға берген «Астана: сәулеттік жолсілтемесінің» тұсаукесері.

Сан ғасырлар бойы ауыз әдебиетіндегі ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келген халықтық тәрбиенің өнеге-үлгілері ертегі арқылы жетіп отырды. Бүгінгі техниканың заманында балаға ертегінің берері көп. Осыған орай «Фолиант» баспасы «Қазақ халық ертегілерінің» қазақша-орысша нұсқасын басып шығарды. «Ер Төстік», «Алтын сақа», «Керқұла атты Кендебай» секілді ертегілерден құралған «Қазақ халық ертегілері» кітабы балаңызды ертегілер әлеміне жетелері анық.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ұлықбек Есдәулеттің сөзіне жазылған халықтың құлағында қалған талантты композиторлардың әндері жинақталған «Періште қыз» кітабының тұсаукесері.

Ақпарат Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі атқарушы дирекциясының баспасөз қызметі  (тел: +7 717 239 60 70) мәліметтері негізінде дайындалды

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?