Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тарихшылар алдыңғы қатарда

1663
Тарихшылар алдыңғы қатарда - e-history.kz
2017 жылғы 25 мамырда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де Тарихшылар ұлттық конгресі «Қоғамдық сананы жаңғырту және тарих ғылымындағы жаңа міндеттер» тақырыбында кезекті IV Конгресін өткізді

Конгресс жұмысында республикамыздың тарих-гуманитарлық ғылымдары және білім саласының көрнекті өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, сонымен қатар шетелдік қонақтар қатысты. Сонымен қатар музейлердің, мұрағаттардың, жалпы білім беретін мектептердің, әскери, ардагерлер ұйымдарының өкілдері де таныстырылды. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Е.Б. Сыдықов іс-шараны ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы, ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұлттық  комиссия төрағасы Ә.Р. Жақсыбековтың Қазақстан тарихшыларының IV конгресіне қатысушыларды құттықтау хатымен ашты, хатта жаңа жаңғырту тарихи тәжірибе мен ілгерілеуге бұрынғыдай менмендікпен қарамау керектігі, керісінше, ол үздік дәстүрді жаңғырту табысының алғышарты болғызуы керектігі айтылған. Тарихшы-ғалымдар халықтың рухани негізін, оның өткенін, бүгіні мен ертеңін жалғастыратын ұлттық кодты сақтау мен дамыту бойынша зерттеу және тәрбие жұмыстарын жүргізуде алдыңғы қатарда болулары керек.

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Б.С. Әбдірасылов Қазақстандағы тарихи ғылымды дамытудағы оң тенденцияларды атап өтті. Біріншіден, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулерге ғалымдарды тарту әжептәуір өсті. Гранттық қаржыландыру бойынша 1551 және бағдарламалық-мақсатты негізде 56 жоба жүзеге асырылуда. Бұл зерттеулерге 20 мыңнан астам ғалымдар тартылған. Тарих саласында біздің ғалымдармен 46 гранттық жоба жүзеге асырылуда. Екіншіден, Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде еліміздегі ғылыми ұйымдардың желсі 2 есеге жуық өсті. Бүгінгі күні үш жүзден астам ғылыми мекемелер, ҒЗИ-ы жұмыс жасауда. Үшіншіден, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі Болон процесі стандарттарына сәйкес реформалануда. Қазақстанның ғылыми кадрларды дайындауда үш сатылы жүйеге көшуі осының нәтижесі болып табылады. Тарихшыларды дайындау еліміздің 42 ЖОО-да жүзеге асырылады. Жоғалтқан әлеуетті қалпына келтіру үшін соңғы жылдары едәуір күш жұмсалуда. Егер былтыр магистрларды дайындауға мемтапсырыс 7000, докторантураға 485 адамды құраса, биыл магистратураға 9500 және докторантураға 1250 адамға дейін орын саны көбейіп отыр. Біздің тарих ғылымы магистранттар және докторанттар тұлғасында жақсы толықтыруларды алады.

Болатбек Әбдірасылов Конгресс қатысушыларымен жақсы жаңалықпен бөлісті. Ғылыми институттаттар базасында ғылыми кадрларды дайындар қайтадан қолға алынды. Бұл болашақ ғалымдарды дайындауды сапалы түрде жақсартуға мүмкіндік берді. Бұдан аса отырып, Парламентке «Білім беру туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы енгізілді, онда магистратура мен докторантурада зерттеушілерді ғылыми-зерттеу институттары базасында дайындауға көшу жаңалықтардың бірі болып саналады. Егер түзетулер қабылданса, онда қазақстандық ҒЗИ-ы тағылмдарды да дайындайтын болады. Төртіншіден тарихи ғылымның халықаралық ғылыми кеңістікке интеграциялануы жалғасуда.

Жарияланымдар динамика оң тенденцияға ие. 2016 жылы рейтингтік әлемдік журналдарда жарияланған жарияланымдар саны 2011 жылғы көрсеткіштен үш есе асып түсті.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры профессор Е.Б. Сыдықов 2017 жылғы 12 сәуірде Президенттің «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» тарихи және стратегиялық маңызды бағдарламалық мақаласымен көпшілікке сөз сөйлегенін атап өтті. Қоғамдық сананы жаңғырту позитивтік тарихи тәжірибені, халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын түсіну, ұлттық кодты сақтау арқылы рухани жаңару негізі ретінде ұсынылады. Бұл тұрғыдан бізді нақты істер мен жобалар күтіп тұр. Бұл бағыттағы жұмыстар басталып та кетті. Өңірлерде және бірқатар министрліктерде арнайы комиссиялар құрылып, сараптамалық кеңестер жұмыс істейді. ЕҰУ базасында орталық сараптамалық кеңестің отырысы өтті, оны Еуразия университетінің ректоры Е.Б. Сыдықовқа басқару сеніп тапсырылды.

Е.Б. Сыдықов Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласына қатысты бірнеше ұсыныстарды алға тартты. Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жобасы бойынша. Конгресс атынан ректор Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысын қолдады. Бұл ел Президентінің интегративті идеяларының бірі. Бұл кезеңде тарихшылар латын әліпбиіне көшу үшін қажетті әлемдік әдебиет тізімін пысықтаулары қажет.  Бұл тізбе 80 мың кітаптан тұруы мүмкін. «Туған жер» жобасы бойынша өлкетану бойынша курстар мен бағдарламаларды енгізу. Бағдарлама әзірлеу және мектептер мен колледждер үшін өлкетану бойынша оқулықтар шығару қажет. Жергілікті жоғары оқу орындары мен колледждеріне жазғы уақытта студенттерді тарихи-археологиялық және фольклорлық экспедицияларға жіберуді ұсынамыз.  ЕҰУ «Туған жер тарихы» кітаптар сериясын шығарады. Арнайы тақырыптық музейлер құру қажеттілігі пісіп-жетілді. Мысалы, «Ұлы Дала Алтыны» музейі, немесе «Көшпелі өркениет», тіпті «Қазақ киіз үйі» жеке музейінің тақырыбы. Бұндай музейлер музей экспозицияларының рухани бастамасын шоғырландырады. Алты тілдегі «Қазақстан» көптомдық экспедициялар басылымын қайтадан пысықтау және басып шығару керек. Бұл ретте оның құрылымын «Британика» энциклопедиясы стандарттарына жақындату қажет. Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы бойынша монографиялар шығару керектігі көзделді. Наурыз мейрамын өткізу бойынша арнайы модельді әзірлеу қажет.

«Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» жобасы аясында осы нысандарды «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты бірыңғай тақырыптағы қажетті баспа, әдістемелік, медиа әдебиетпен қамту жоспарын құруды ұсынамын. Бұл жұмыста аймақтық университеттер ғалымдарының қатысу басымдылықта болуы керек. 100 жаңа есім жобасы бойынша әлемде мойындалған жас ғалымдардың есімін көрген дұрыс болар еді. Конгресс жұмысы барысында президенттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында «Туған жер» «Астана: прошлое и настоящее» (З.Е. Кабульдинов), «Саржал» (Б. Теміров), «Алаш қозғалысы» 2 томдық (М. Қойгелдиев) бірнеше кітаптардың тұсаукесері өткізілді.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?