Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Әлем ғалымдары Астанада Елбасы мақаласын талқылайды

1717
Әлем ғалымдары Астанада Елбасы мақаласын талқылайды - e-history.kz
Мамыр айының 26-сы күні Астана қаласында өтетін халықаралық форум Елбасының бағдарламалық мақаласында айтылған негізгі міндеттер мен тақырыптарды талқылауға арналып отыр

Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) ұйымдастыратын «Ұлы дала» ІІ гуманитарлық ғылымдар форумында Америка, Еуропа мен Азия елдерінен келетін көрнекті ғалымдар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылайды. Бұл туралы TWESCO баспасөз қызметі хабарлады.

Мамыр айының 26-сы күні Астана қаласында өтетін халықаралық форум Елбасының бағдарламалық мақаласында айтылған негізгі міндеттер мен тақырыптарды талқылауға арналып отыр. 

Осымен екінші рет ұйымдастырылатын ғылыми шараға халықаралық ұйым басшылары мен өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломаттар мен ғалым-зерттеушілер қатысады деп күтілуде.

Айта кету керек, Форумда рухани жаңғыру жолдары, ғылыми интеграция мен ортақ құндылықтар, әлем өркениетіндегі түркілер мұрасы, түркі тілдері мен әдебиетін зерттеу және дәріптеу, сондай-ақ, тарихи жады мен келешекке көзқарас тақырыптарына арналған жалпы 6 секциялық отырыс болады деп жоспарланған.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?