Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астанада Иштван Қоңыр Мандоки мұрасы насихатталды

1864
Астанада Иштван Қоңыр Мандоки мұрасы насихатталды - e-history.kz
Иштван Коңыр Мандоки – ХХ ғасырдың көрнекті ғалым-түркологы, қыпшақ, венгр тілдеріндегі еңбектердің авторы. Лингвистикалық білімді терең меңгерген

Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада венгр қыпшағы, венгр және қазақ мәдени қарым-қатынасының дамуына зор үлес қосқан түрколог-ғалым Иштван Қоңыр Мандокидың өмірден өткеніне 25 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті. Шара барысында Венгр түркологы Давид Шомфай Қара мен кітап баспа редакторы, венгриялық профессор Адам Мольнардың қатысуымен И.Мандокидың «Newcomers from the East» («Шығыстан қоныстанушылар») атты ғылыми жинағы мен деректі фильмнің тұсауы кесілді.

Тұсаукесерге Венгрия елшілігі мен Түрколог ғалымдар және зиялы қауым өкілдері қатысты.  Ғалымның таңдаулы мақалалары топтастырылған ағылшын тіліндегі бұл еңбекті Түркі академиясының арнайы жобасы аясында венгриялық профессор Адам Молнар әзірлеп, танымал америкалық тарихшы-түрколог Питер Голден алғысөзін жазған.

 

Тұсаукесер рәсімінде сөз алған Халықаралық Түркі Академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Қоңыр Мандоки кітабының тұсаукесері біздің елімізде өткені үлкен қуаныш екенін айтты:

«Біз бүгін ерекше жағдайда жиналып отырмыз. 25 жыл бұрын Мажар елімен, ұлы Қыпшақ даласының батыстағы өкілі, Балхан түбегіндегі елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнаттық. Екі ел арасын жалғап, мәдени көпір салып мәдени байланыс нығая түскенде Иштван Қоңыр Мандоки бахилық болып кетті. Дегенімен 2014 жылы Айша апайдың рұқсатымен Иштван Қоңыр Мандокидың кітапханасы ашылды. Ұлы дала мәдениеті үшін тер төккен ғалым. Бүгінгі кітаптың тұсаукесері біз үшін мақтаныш»,-деп ізгі тілегін білдірді.

Сондай-ақ тұсаукесер шарасына атақты түрколог-ғалымның шәкірті Давид Шомфай Қара қатысты. Ғалымның шәкірті де екі ел арасындағы туыстық байланыстарды зерттеп, қазақ пен мажар халқының рухани және тарихи байланыстарын жақындастыруда сүбелі еңбек атқарып келеді. Давид Шомфай Қара бүгінгі шарада сөз алып, ұстазынан қыпшақ тарихы туралы көп нәрсе үйренгенін айтты:

«Мен ұстазыммен 2 жыл қатарына кездесіп жүріп Қыпшақ тарихы туралы көп нәрсе үйрендім. Дүниеден өткен соң, ұстазым түсіме кіріп, аян берді. Сол кезде Қазақстанға бар, менің еңбегімді жалғастыр деді. 1995 жылы Абай университетінде студент болдым және қазақ тілін меңгердім. 2001 жылы «Қазақстан» арнасы 70 жылдығына арнап тапсырыс берді. Ол үшін Алматыға барып Тұрсынбек Кәкішовтан бата алып, бастап кеттік. Кино «Қыпшақ шырақшысы» деп аталады. Бала күнінде ойнап жүргенде құлағына сыбырлап айтқан екен. «Сен шырақшы боласың»,- деп, совет үкіметі кезінде жағдайды көріп жаны ашып, шырақшы болып жол көрсеткен.сол себепті әлі күнге дейін халық сыйлайды. Келесі «Шығыстан қоныс аударушылар» деп аталады. Қоңыр ағамыз Мажар тілінде жазған, сол жинақтарды міне, түрік дүниесіне түсінікті болсын деп, ағылшын тіліне де аудардық. Ғылыми еңбектерін кітап етіп шығаруға арқау болған Дархан мырзаға ерекше алғыс айтамыз. Иштван Қоңыр Мандокидың әруағы разы болсын. Кітапқа ХІХ ғасырдың ескерткіштерімен жер су аттары және Мажарлармен Түркі халықтарының лингвистикалық мақалалары енген»,-деп ғұлама ғалымның шәкірті ағынан жарылды. 

Иштван Коңыр Мандоки – ХХ ғасырдың көрнекті ғалым-түркологы, қыпшақ, венгр тілдеріндегі еңбектердің авторы. Лингвистикалық білімді терең меңгерген. Қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс, итальян, румын, венгір, татар, башқұрт, қырғыз, монғол және тағы басқа да 30 тілде еркін жазып сөйлей білген ғалым.

Сондай-ақ түркі халқының фольклорын зерттеуде көп еңбек сіңірген, аударма ісімен айналысып, түркологияны жоғары деңгейге көтерген ағартушы. Ғылыми саяхат экспедициясы бойынша Шығыс Еуропадан бастап Қазақстанда, Қырымда, Алтайда, Памирде және Орхон аймақтарымен Орта және Кіші Азияда болып, түркі халықтарының тарихы туралы мәліметтерді толықтырған. Венгр ғалымының аты өткен ғасырдың 80-90 жылдары танымал болған К. Мандокиды Қазақстанның өркениетінің бесігі, ерекше шынайылығы байланыстырды. Ол «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының ортақ тарихи тамыры негізінде Венгрия мен Қазақстан арасындағы мәдени ынтымақтастықтың белсенді жақтаушысы және негізін қалаушылардың бірі ретінде елімізде танымал болған тұлға.

Іс-шара аясында көпшілік назарына ұсынылатын «Путешествие в сердце Азии» фильмінде Шомфай Кара отандасы Дьердь Алмашидің 1900 жылғы төрт айлық саяхатын қайталап, Ыстықкөл аймағынан Хан Тәңірге дейін шолып шыққаны бейнеленді.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?