Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ұлттық музейде «Елбасының үндеуі – жаңарудың жаңа қадамы» атты дөңгелек үстел өтті

2054
Ұлттық музейде «Елбасының үндеуі – жаңарудың жаңа қадамы» атты дөңгелек үстел өтті - e-history.kz
Елбасы өзінің жолдауында Президенттің әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеудегі біршама өкілеттіліктерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға тапсыратынын айтты

ҚР Ұлттық музейінде «Елбасының үндеуі – жаңарудың жаңа қадамы» атты дөңгелек үстел өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауын Мемлекет және қоғам қайраткерлерімен бірге талқылау. Жолдауда айтылған маңызды мәселелер бойынша пікір алмасу, ой қорыту шарасына Мемлекет және қоғам қайраткерлері, тарихшы-ғалымдар мен мәдениет саласының қызметкерлері, музей қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Рухани жиында Президент Жолдауының жаңаша, мағыналық, мазмұндық жағын кемелдендіру және саяси тәрбие беру мақсатында ғалымдардың ой-пікірлерін ортаға салу көзделгенін ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай тілге тиек етті.   

 «Қазір қоғам басқа, біз жаңа бағытқа қарай қадам бастық, халықтың сапалық деңгейі де өсті. Қоғамның алға басқаны саяси мәдениеттен де, саяси талқылаудан да көрініп жатыр. Сондықтан, Елбасының үндеуінен және Қазақстан халқына жолдаған Жолдауынан кейін арнайы басқосуда пікір алмассақ деген мақсатта дөңгелек үстел ұйымдастырып отырмыз.  Оның үстіне тек айтып қана қоймай, қазіргі саяси ахуалды халыққа түсіндіріп насихаттау да маңызды мәселе деп ойлаймыз. Сәйкесінше, Жолдауды толық түсініп, талдау жасай алатын сарапшылардың пікірі маңызды болмақ»,-деді Д.Мыңбай.

Айта кетейік, Елбасы өзінің жолдауында Президенттің әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеудегі біршама өкілеттіліктерін Үкіметке  және басқа да атқарушы органдарға тапсыратынын айтты. Мемлекет басшысы бұл салаға Үкімет, министрлік және әкімдіктер толықтай жауап береді  және өкілеттіліктерді беру тиісті Заңдарды өзгерту арқылы іске асатынын мәлімдеді. Мемлекет басшысы билік тармақтарын да үлестіру барысында 40-қа тарта Президенттік құзыреттің Парламентке және Үкіметке берілетінін атап өтті. Еліміздің өркендеп өсуі үшін, әлемдік тарих сахнасында өз орнын ойып алу үшін бұл жолдаудың маңызы баршамызға ерекше болмақ.

Озғанбаев Өмірзақ, ҚР Ардагерлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары:  «Жолдаудағы бес басымдылықтың ішіндегі  бір мәселеге тоқталғым келіп отыр. Ол – адам факторы мен адам капиталы. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің көпшілігінде осы мәселеге баса назар аударылады. Яғни, білімді азаматтар, сапалы мамандар дайындау. Осы орайда біз де ұлттық қасиеттерімізді дамыта отырып, халқымыздың сапасын арттыруымыз керек. Бұған қоса, жас ұрпақтың еңбекке деген көзқарасын өзгерту де басты мақсатымыз болуға тиіс»

Алтынбек ҚҰМЫРЗАҚ,  Дәулет ІЗТІЛЕУ

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111) 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?