Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Тәуелсіздікке - 25 жыл»: Білім белестері

2202
«Тәуелсіздікке - 25 жыл»: Білім белестері - e-history.kz
NATIONAL DIGITAL HISTORY интернет порталы Тәуелсіздік күніне орай 25 жылдағы білім беру саласын саралап «Білім белестері» атты арнайы жобасын ұсынады

Тәуелсіздік алған күннен бастап қолға алынған іргелі реформалардың бірі білім беру саласын дамыту, жетілдіру. Көптеген зерттеулер мен тәжірибелер, сараптамалар мен эксперименттер, заңдар мен реформалар нәтижесінде адами ресурстарды даярлаудың сапасына, жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған ұлттық білім беру моделі қалыптасқан прогрессивті құрылымдық реформалар жүргізілді. Білім және ғылым салаларының нормативтік құқықтық базасы қалыптастырылды. «Білім туралы», «Жоғары білім беру туралы», «Ғылым туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» және тағы басқа Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданды. Тәуелсіздік жылдары ішінде білім беру жүйесін дамытуға бағытталған 5 мемлекеттік бағдарлама іске асырылды (Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың 1997-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «Білім» мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы, Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы). Қазақстандық білім беру жүйесінің құрылымы Білім берудің халықаралық стандарттық жіктеуішіне сәйкес келтірілді.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында балабақшаның 82%-ден астамы жабылған. Мектепке дейінгі біліммен қамтылған балалар саны 10,6%-ға дейін қысқарған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балабақшаларды салу және қалпына келтіру қамтамасыз етілді, бұрын жалға алынған және жекешелеген балабақшалардың ғимараттары қайтарылды, ашылған жекеменшік балабақшалар мен шағын орталықтар саны артты. Қабылдаған шаралардың нәтижесінде балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, 1999 жылғ 10,2%-дан 2015 жылы 81,6%-ға, яғни 8 есеге артты. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі 9,3 мың бірлікті құрайды, оның ішінде 2,2 мыңы жекеменшік болып табылады. Тәуелсіздіктің 25 жылында 500-ге жуық балабақша салынды. Мектепке дейінгі тәрбиеге заңнамалық тұрғыдан мемлекеттік білім беру тапсырысы енгізілді, мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау шаралары жеңілдетілді, міндетті мектепалды даярлық енгізілді. «Балбөбек», «Қайнар», «Алғашқы қадам», «Зерек бала» және басқа бағдарламалар әзірленді және жүзеге асырылуда. Соңғы бес жылда мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог кадрлар саны 44,7 мың адамға өсті және 80,8 мың адамды құрады. Олардың сапалық құрамы да жақсарды. Жоғары және бірінші санатты мамандар 30,5% құрады, ол 2011 жылмен салыстырғанда шамамен 17%-ға артқан (23,6%).

Орта білім инфрақұрылымы жақсаруда, үш ауысымды және апаттық жағдайдағы мектептер жойылуда. Республикада 25 жылда барлығы 1400-ге жуық мектеп салынды. Бүгінгі күні республикада 2,7 млн. оқушы білім алатын 7 мыңға жуық күндізгі жалпы білім беретін мектептер бар. Мектептерді Бүкіләлемдік Интернет желісіне қосу үшін ауқымды жұмыс атқарылды. 2016 жылы мектептерді интернетпен қамту шамамен 76 % -ға жетті. 2001 жылы 1 компьютерге 62 бала қосылса, қазіргі уақытта бір компьютерге 11 оқушы қосылады. 2005 жылмен салыстырғанда лингафондық мультимедиялық кабинеттері бар мектептердің саны 2079 бірлікке артты (2005 ж. – 789, 2015 ж. – 2868). 2015 жылы физика, химия, биология пәндері бойынша жаңа модификациядағы кабинеттері бар мектептердің үлесі 68,1% (4876) құрайды. Мектептерде «Онлайн оқыту жүйесі» жобасы енгізілуде. Оқушылардың білім сапасын арттыру үшін ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) түрінде тәуелсіз сыртқы бақылау енгізілген. Жалпы жұмыс істеу жылдары ішінде ҰБТ-ға барлығы 3,4 миллион түлек қатысты. Жыл сайын ҰБТ нәтижелерінің өсімі байқалуда (2007 жылмен салыстырғанда 2015 жылы жалпы орташа бал 8,5 балға өсіп, орташа бал 79,5 ұпайды құрады). 20 Назарбаев Зияткерлік мектеп жұмыс істеуде, олардың орта білім берудің мазмұнын жаңғырту бойынша тәжірибесі кезең-кезеңмен бүкіл білім беру жүйесіне тарататын болады. 30 пилоттық мектептердің 1-сыныптарында жаңартылған оқу бағдарламалары мен жоспарлары, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері апробациялаудан өтті. 2016-2017 оқу жылынан бастап еліміздегі барлық 1-ші сыныптары жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытылатын болады. 2013 жылдан бастап республиканың 5 облысының (Ақтөбе, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Батыс-Қазақстан облыстары) 63 пилоттық мектеп негізінде жан басына қаржыландыру апробациялануда. Республикада инклюзвиті білім беруді дамытуға арналған Тұжырымдама бекітілді. Жалпы инклюзивті білім берумен 46 мыңнан астам бала немесе мектеп жасындағы балалар санынан 32% қамтылған. 1991 жылмен салыстырғанда педагогтердің сапалық құрамы әлдеқайда жақсарды (1991 жылы жоғары білімі бар педагогтердің үлесі 66% құраса, 2015 жылы 91%-ға жетті). Педагог еңбегін ынталандыру мақсатында жыл сайын «Үздік педагог» республикалық байқауы өткізіледі, 48 жеңімпаз 1000 АЕК көлемінде ақшалай қаражатпен марапатталады.

2004 -2016 жылдар аралығындағы ҰБТ нәтижесінің статистикалық көрсеткіші

Жылдар

Барлық түлектер

ҰБТ-ға қатысқан түлектер

Қаз/орыс

Қала/ауыл

Межелік балды жинағандар

Межелік балды жинай алмағандар

Орташа балл

«Алтын  белгіні» ақтағандар

 

 

1

2004

235540

179216

76,1%

Қаз – 105599

   Ор -   73617

Қала – 95375

Ауыл  - 83841

135866

75,8%

43350

24,2%

52,3

733(52%)

2

2005

219190

182383

83,2%

Қаз – 106956

   Ор -   75427

Қала – 96707

Ауыл  - 85676

157847

86,5%

24536

13,5%

60,4

1564(67,3%)

3

2006

190948

159483

83,5%

Қаз – 93331

Ор -  66152

Қала – 82767

Ауыл - 76716

120005

75,2%

39478

24,8%

63,2

1215(39,3%)

4

2007

174356

142707

81,8%

    Қаз – 83301

    Ор -  59406

Қала – 70183

Ауыл - 75526

99088

69,4%

43619

30,6%

71,1

1855 (58,9%)

5

2008

145758

116280

79,8%

Қаз – 68860

    Ор-    47420

Қала – 56294

   Ауыл  - 59986

104415

89,8%

11865

25,6%

68,0

1107 (35,8%)

6

2009

132461

106805

80,6%

Қаз – 64538

    Ор -  42267

Қала  – 51211

Ауыл  - 55594

91329

85,5%

15480

14,5%

74,9

1703 (57,2%)

7

2010

138162

107545

78%

Қаз – 67745

    Ор -  39800

Қала  – 51124

Ауыл  - 56421

95949

89,3%

11596

10,7%

84,8

2647 (71,8%)

8

2011

160201

126168

79%

    Қаз – 84120

    Ор -  41989

Қала – 57283

Ауыл  - 68826

114034

90,4%

12134

9,6%

86,7

3259 (65,4%)

9

2012

156974

117432

75%

Қаз – 80941

    Ор -  36392

Қала – 53545

Ауыл  - 63788

74278

63,2%

43154

36,8%

70,9

1445 (25%)

10

2013

139102

95487

69%

Қаз – 66660

    Ор -  28795

Қала – 45431

Ауыл  - 50024

68022

71%

27465

29%

74,5

1553 (34%)

11

2014

133226

87593

65,7%

Қаз – 61654

    Ор -  25910

Қала – 43675

Ауыл  - 43889

67357

77%

20236

23%

76,9

1956 (44,5%)

12

2015

124382

83263

67%

Қаз – 60129

    Ор –  23134

Қала  – 42519

Ауыл  - 40743

67795

81%

15468

19%

79,5

2356 (54,1%)

13

2016

121092

84079

69%

 

Қаз – 61739

    Ор –  22340

Қала  – 42916

   Ауыл  - 41125

67332

77%

20232

23%

81,2

2371

(50%)

ҰБТ-ға 13 жыл ішінде 1 млн. 587 мың түлек қатысты 

Қазақстан БҰҰ-ның Балалар құқықтары жөніндегі Конвенцияға қосылды. 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс жасайды. 2015 жылы аз қамтылған отбасылардың мектеп жастағы балалары 100% ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Балалардың 91%-ы мектепке тасымалдаумен қамтамасыз етілді. 860 қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасайды, онда 670 мыңнан аса (84%) бала білім алады немесе 2 миллионнан астам бала балаларды сауықтыру орталықтарымен қамтылған. Республикада жетім балаларды тәрбиелеуге қабылдаған қазақстандық отбасыларды материалдық сүйемелдеу жүзеге асырылады. 2004 жылдан бастап патронаттық тәрбие дамытылуда, 2011 жылдан бастап қамқоршылар мен қорғаншыларға 10 АЕК көлемінде ай сайынғы еңбек ақы төленеді. 2015 жылғы қаңтардан бастап баланы асырап алған қазақстандық отбасыларға 75 АЕК көлемінде бір жолғы қаржылық төлем жүзеге асырылады. Қабылданған шаралардың арқасында елімізде соңғы 10 жылда жетім балалардың саны 21 мың адамға қысқарған, балалар үйінің тәрбиеленушілері 10 мың балаға қысқарған. Жетім балаларға арналған ұйымдардың саны 2006 жылғы 204-тен 2015 жылғы 146-ға қысқарған. 2006 мен 2014 жылдар аралығында 2,5 мың тәрбиеленушілер тұрғын үймен, оның ішінде 2014 жылы – 541 адам қамтамасыз етілген. 2015 жылы 1,4 мың жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрғын үйге ие болды.

1991 жылмен салыстырғанда ТжКБ ұйымының желісі 114 бірлікке артты, бұл 807 колледжді құрады, оның ішінде 42,7% жекеменшік болып табылады. Білім алушылардың құрамы 35,5 мыңға немесе 9,3% -ға артты. ТжКБ мамандарын даярлау экономика салаларының 32 бағыты бойынша жүзеге асырылады. Кәсіби-техникалық кадрларды даярлау бойынша Ұлттық кеңес, 14 салалық және 13 аймақтық кеңестер қызмет етуде. ТжКБ-ның әлемдік тәжірибесін тарату мақсатында «Кәсіпқор» холдингі құрылды. Астана, Алматы, Қарағанды, Орал, Щучье және Шымкент қалаларында ТжКБ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша өңіраралық орталықтар қызмет істеуде. 2010 жылдан бастап ТжКБ Ұлттық жүйесі Турин процесінің белсенді қатысушысы болып табылады. Соңғы екі жылда Қазақстан World Skills халықаралық қозғалысының қатысушысы болып табылады. Жұмыс күшін үлестіруде аймақтық үйлеспеушілікті шешуге бағытталған «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» атты әлеуметтік жобасы іске асырылуда. Индустриялды-инновациялық дамытудың басым жобаларын жүзеге асыру үшін 10 базалық колледж анықталды. Дуальді оқыту жүйесінің шеңберінде еліміздің 348 колледжі кәсіпорындармен серіктестікте білім беру қызметін жүзеге асыруда, ынтымақтастық туралы 1718 шарт жасалды.

131 жоғары оқу орны жұмыс істейді, оның ішінде 9 университетке ұлттық ЖОО ерекше мәртебесі берілді. 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен құрылған «Назарбаев Университетіне» алғаш рет талапкерлер қабылданды, оның тәжірибесі республикамыздың басқа жоғары оқу орындарына таратылуда. Білім беру қызметтерінің экспорты ұлғайып келеді. 2001-2014 жылдар аралығындағы кезеңде шетел студенттерінің саны 10 мың адамға өсті. Тәуелсіздік жылдарында жоғары білімі бар 2,7 млн. кадр дайындалды. Мәселен, егер 1991 жылы жоғары білімі бар мамандар оқытып шығару 42 мың адамды құрса, 2015 жылы 142 мың адамды құраған. «Болашақ» халықаралық бағдарламасы іске асырылуда, іске асыру кезеңінде 11 727 стипендия берілді, шетелде 8 000-нан астам жоғары білімді мамандар даярланды. Оқытушы-профессорлар құрамында сапалық өзгерістер болды (1999-2000 оқу жылында жоғары оқу орындарының ПОҚ дәрежелігі 24%-ды құраса, ал 2015-2016 оқу жылында 50%-ды құрады). 2010 жылдан бастап Қазақстан Болон процесіне қатысушы болып табылады. Кадрлар даярлаудың үш сатылы моделіне көшу іске асырылды: бакалавриат - магистратура - докторантура. 2006 жылдан бастап жыл сайын 200 үздік ЖОО оқытушысына ғылыми зерттеулер жүргізу үшін «ЖОО үздік оқытушысы» гранты беріліп келеді. Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. 3 мыңға жуық студент шетелдік үздік жоғары оқу орындарында білім алды. 11 жоғары оқу орнында Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы-2 (ИИДМБ-2) бағдарламасын іске асыру үшін білікті кадрлар дайындау жүргізледі. 24 инновациялық білім бағдарламасы бойынша 1900 маман дайындау басталды. Ұлттық қор қаражатының есебінен қазіргі заманғы жабдықпен қамтылған жаңа зертханалар құрылды. Еңбек күші артық өңір жастарының еңбек күші тапшы өңірлердің жоғары оқу орындарында оқуын қарастыратын «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» әлеуметтік жобасы іске асырылып келеді. Білім мен ғылымды ықпалдастыру мақсатында 4 жоғары оқу орны ҒЗИ-мен бірге ғылыми кадрларды дайындауды бастады (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында; Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰЗТУ базасында; ҚазҰБА базасында; С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ базасында). Қазақстанның жетекші университеттері әлемдік рейтингтерде ұсынылды. 2015 жылы Quacquarelli Symonds World University Rankings (QS) рейтингінде Қазақстанның 9 жоғары оқу орны атап өтілді. Оқудағы табыстар үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Назарбаев стипендиясы» бекітілді. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі жұмыс істеп келеді.

Жастар саясатының негізгі басымдықтары 1999-2003 жылдары Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылған. Жастар саясатының «Қазақстан жастары», «Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы», «Жастар саясатының 2005- 2007 жылдарға арналған бағдарламасы», сондай-ақ «Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөнiндегi 2006- 2008 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы» салалық бағдарламалары іске асырылды. 2013 жылдан «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы іске асырылуда. 200 жастар ресурстық орталығы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктері жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестер қызмет жасайды. 200 мыңнан астам жастарды қамтитын «Жасыл ел» жобасы іске асырылуда. 2014 жылы жаппай спорт түрлері бойынша Ұлттық студенттік лигалар құрылды. Жастар халықаралық ынтымақтастығы жастар саясаты саласындағы ынтымақтастық туралы 12 мемлекетпен (Украина, Түркменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Беларусь, Сауд Арабия Королдігі, Грузия, Катар, Германия Федеративтік Республикасы, Египет, Иордания) екі жақты келісім, бірлескен хаттама негізінде және 3 халықаралық ұйымдарда қатысуымен (Тәуелсіз мемлекеттер достастығының жастар саясаты жөніндегі кеңесі, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары бойынша жастар кеңесі, Шанхай ынтымақтастық ұйымы) жүзеге асырылады. 1000 астам түрлі жастар ұйымдары жұмыс істейді.

1990-жылдары Қазақстанда ғылыми-зерттеу және конструкторлық әзірлемелермен айналысатын 289 ғылыми ұйым болған, ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын қызметкерлердің жалпы саны 50,6 мың адамды құрады. 1991-1999 жылдары ғылыми зерттеулермен және әзірлемелермен айналасатын қызметкерлер саны күрт азайды. 2015 жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелі конструкторлық жұмыстармен 24,5 мың адам және 392 ғылыми ұйым айналысты. Жастардың ғылымға келу ағыны ұлғайды. 35 жасқа дейінгі ғалымдардың саны 2011 жылғы 6,4 мың адамнан 2015 жылы 9,0 мың адамға көбейді. Ғылымды басқарудың жаңа моделі мен ғылымды қаржыландырудың жаңа тетіктері (базалық қаржыландыру, гранттық қаржыландыру, бағдарламалы-нысаналы қаржыландыру) іске асуда. Қазақстан Респуликасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылды, 5 Ұлттық ғылыми кеңес жұмыс жасауда. Ғылыми жобалардың Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың тәуелсіз жүйесі іске асырылуда. Жыл сайын 6 атаулы сыйлық мен 75 мемлекеттік ғылыми стипендия, оның ішінде 50 - дарынды жас ғалымдарға тағайындалып келеді (соңғы 5 жыл ішінде 30 сыйлық пен 375 мемлекеттік стипендия тағайындалды, соның ішінде 250 – дарынды жас ғалымдарға). 2015 жылдың желтоқсан айында алғаш рет Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы жаңа сыйлықты 40 лауреатқа табыс етті. Қазақстандық ғалымдардың халықаралық рейтингтік баспаларда жариялану белсендігінің артқаны байқалады (2015 жылдың нәтижесі бойынша халықаралық журналдарда 1,9 мыңнан астам ғылыми мақала жарияланған). Ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша 8 халықаралық комиссия және кіші комитеттер шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыстар атқарылуда, 40 халықаралық жобалар іске асырылуда.

Жоба авторы: Дәулет ІЗТІЛЕУ

Статистикалық мәліметтерді ұсынған ҚР Білім және ғылым министрлігіне алғысымызды білдіреміз

 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?