Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

НАЗАРБАЕВ МОДЕЛІ

1611
НАЗАРБАЕВ МОДЕЛІ  - e-history.kz
Елбасының сарабдал саясаты арқасында жүзеге асырылған әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар, ширек ғасырлық «Қазақстандық жол» тағы бір сараланды

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының Талдау орталығы «Назарбаевтың моделі» кітабының тұсаукесері өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жаңа туындының авторлары – Махмұт Қасымбеков, Бақытжан Темірболат, Тимур Шаймергенов.

Тәуелсіздік алған күннен бүгінге дейін жеткен жетістіктеріміз және бұл үдерістердегі Ұлт Көшбасшысының рөлі кең түрде талқыланған. Мемлекет басшысының тұлғасы, біздің егеменді тарихымыздың барлық оқиғалары орын алды.

Жаңа көзқараспен, үлгімен, тәсілмен ерекшеленетін кітапта Қазақстанның ширек ғасырдағы мемлекеттік құрылысына басқарушылық талдау жүргізілген.

Авторлар күрделі ішкі және сыртқы жағдайда дамудың даңғыл жолына түскен жас мемлекетті басқарудың нәтижелі жүйесін «Назарбаев моделі» деп атайды. Бұл мемлекеттік құрылыстың маңызды кезеңдерінде, Елбасының стратегиялық реформаларында, маңызды шешімдері мен бастамаларында кешенді түрде көрініс тауып отыр.

Бақытжан Темірболат, кітап авторы, ҚР Президенті Кеңсесі басшысының орынбасары: 

Аталмыш кітап мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы тарихының өзекті мәселелерін, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел мемлекеттілігін құрудағы, тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы, қоғамның демократиялануы мен ел экономикасының нығаюы мен дамуы, халықты біріктіру үдерісіне, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, сол сияқты елдің сыртқы саяси стратегиясын айқындауға қосқан үлесін талқылау мақсатында жүзеге асырылды. Жаңа басылым экономикасы қарқынды түрде дамуға бет алған мемлекеттердегі түбегейлі өзгерістер мен жаңғырулар тәжірибесіне қызығушылық танытатындар үшін пайдалы болмақ.

ЖАҢА КІТАПТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Жаңа әдіс. Тек дәйекті деректер, талдау және қатерлер мен стратегиялық менеджментті бағалау тұрғысынан түсіндіру.

Жаңа көзқарас. Қазақстанды Назарбаев үлгісімен басқару технологиясы арқылы еліміздің көпшілікке белгілі тарихы жаңаша түрде ұсынылып отыр.

Жаңаша беру. Қазақстанның қазіргі тарихы жан-жақты анықтамалық материал, бірегей және арнайы дайындалған инфографика, деректерді кәсіби түрде жеткізу.

Жаңа үлгі. Ғылыми-көпшілік жанр үшін дәстүрлі емес оқуға ыңғайлы көлем және дизайнерлік рәсімдеу қарастырылған.

Тәуелсіздіктің мерейлі белесіне арналған жетістігіміздің жалауын желбіреткен тағы бір құнды да,  рухани байлық қалың қауымға жол тартты.

Дәулет ІЗТІЛЕУ

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?