Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Әлеуметтік бес бастаманың тарихи маңызы зор

2276
Әлеуметтік бес бастаманың тарихи маңызы зор - e-history.kz
Қазіргі таңда көпшіліктің назарында «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» деген тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясында көтерілген мәселелер

Елбасы осы жиында сөйлеген сөзінде аталған бастамалар қазіргі Қазақстанның ең маңызды бес әлеуметтік проблемасын шешуге бағытталғанын айтты.

Мемлекет басшыы өзі ұсынған бес əлеуметтік бастама барлық қоғам мүшелері үшін соншалықты маңызды екендігін түсіндіре отырып, баспана мәселесінің неліктен бірінші қойылғаны туралы айтып өтті. «Бәріміз жайлы тұрмыс үшін баспананың алатын орнын жақсы түсінеміз. Сондықтан мен бұл бағдарламаны бірінші орынға қойдым. Жұмыс істейтін кез келген азаматтың жаңа талаптар бойынша ипотекаға қол жеткізе алуы айрықша маңызды. Бұл дегеніміз – біздің миллиондаған аза­маттарымыз! Олар мерзімі 25 жылға дейін ұзартылған арзан ипотека ала алады. Осыған орай, бастапқы жарна 20 пайыздан аспайтын болады, ал бұрын бұл 50 пайыз болған еді», – деді Елбасы. Мемлекет басшысы аталған бастама аясында арзан ипотеканы алдымен жас отбасыларға беруді ұсынды.

Елімізде осы уақытқа дейін де баспана алу мүмкіндіктерін кеңейту бойынша көптеген шаралар атқарылғаны баршаға мәлім. Ал бізді қуантатыны – «7-20-25» жаңа бағдарламасы əрбір қазақстандық отбасына баспана алудың нақты мүмкіндігін жасап, əсіресе қарапайым тұрғындардың қолжетімділігін арттыратыны.   

Президенттің екінші бастамасында жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту ұсынылды. Осыған байланысты ол өзінің Қазақстан халқына арнаған Үндеуінде: «Салыстырмалы түрде жалақысы төмен қазақстандықтарды қолдау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге азайтып,  1 процент қана салық салуды ұсынамын. Ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға салынатын жеке табыс салығын азайту арқылы олардың салық жүктемесін жеңілдету керек... Нәтижесінде, еліміздегі барша жалдамалы жұмыскерлердің кемінде үштен бірінің, бұл 2 миллионнан астам адам, жалақысы жұмыс берушіге салмақ салмай-ақ көбейетін болады», – деді.   

Президенттің үшінші әлеуметтік бастамасы жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсартуға арналған. Елбасыынң ұйғаруынша, қазіргі жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлу керек. Ал оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі болады. Бұл төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы зор сұранысқа ие болатын  инженерлер, ақпараттық технология, робот-техника, нанотехнология саласының сан мыңдаған жаңа мамандарын даярлауға мүмкіндік береді. Елбасы қазір жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету мəселесінің өзекті екендігін айта отырып, 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырды. Аталмыш міндетті жүзеге асыру үшін мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігі қағидасын пайдалануды ұсынды.

Елбасыының шағын несие беруді көбейту жөніндегі төртінші бастамасы ұсақ және орташа кəсіпкерлікті дамытуға серпін беретіндігі соншалықты маңызды екендігін көп түсіндіріп жатудың қажеті жоқ сияқты, өйткені елімізде бұл бағытты дамыту бойынша тиісті бағдарламалар мен қолдау құралдары жетілдірілу үстінде. Аталған бастамаға сəйкес 2018 жылы шағын несиелердің жалпы сомасы 20 миллиард теңгеге артып, 62 милиард теңгеге жететін  болды. «Нәтижесінде шағын несие алатындардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып, 14 мың адамға жететін болады. Бұл жұмысты одан кейінгі жылдарда да белсенді жалғастыру керек. Бұл, әсіресе, ауыл-аймақтар үшін, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін айрықша маңызды екенін атап өткім келеді», – деді Н.Ә.Назарбаев халыққа арнаған үндеуінде.    

Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында төртінші бастама бойынша жеңілдетілген шағын несие алатындардың санын екі есе арттыру жөнінде Үкіметке тапсырма бергенін айтқан Мемлекет басшысы бұл бағдарламаның ауылдық жерлер үшін маңызы зор екенін тағы да атап өтті. «Атамекен» ұлттық кәсіп­кер­лер палатасы азаматтарымызды бизнестің қыр-сырына үйретіп, маңызды жұмыс атқаруда. Көп­теген адам кәсіпкерлікті меңгеріп шықты. Енді оларға бастапқы капитал қажет. Шағын несиені бірінші кезекте соларға беру керек», – деді Елбасы.

«Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» атты Елбасының бесінші бастамасы елдің миллиондаған тұрғындарын газбен қамтамасыз етумен қатар, шағын жəне орта бизнестің жаңа өндірістерін ашуға мүмкіндік береді. Газға көшу тек Астананың өзінде зиянды қалдықтардың ауаға таралуын                      6 есеге немесе жылына 35 мың тоннаға азайтады. Бұл жобаны жүзеге асыру әрі қарай өзге өңірлерді де газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

Сонымен қатар бесінші бастама – елімізді одан әрі газбен қамту бойынша Орталық және Солтүстік Қазақстанға жаңа газ құбырын тарту жобасы биылғы жылдың шілде айында бастау алатынын айтты. Бұған қоса, Елбасы бес бас­та­маны іске асыру үшін қан­ша қаражат жұмсалатынын мәлімдеді. «Турасын айтқанда, мұның бәрі мемлекет үшін арзанға түс­пей­ді. Бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру үшін жалпы 2,6 триллион теңгеден астам қар­жы бөлуді жоспарлап отырмыз. Бұл – өте үлкен қаражат, біз­дің адамдарымызға, олардың бола­ша­ғына бағытталған тікелей ин­вестиция. Мұндай әлеуметтік саясат жалғаса береді», - деді Мемлекет басшысы. «Ең бастысы: олардың барлы­ғы әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әрі бүкіл қоғамға арналған. Бұл – жалпыұлттық жобалар. Жер­гі­лік­ті жерлерде Ассамблея мүше­ле­рі бұған белсене қатысып, олар­­дың орындалуын «Нұр Отан» партиясымен бірлесе ба­­қы­­лауға алуы керек», - деді Президент.

Сөйтіп, Мемлекет басшысы өзінің тарихи маңыздылығы зор кезекті сөзінде еліміздің əлеуметтік жаңғыру жолында жаңа, ауқымды қадам жасауға дайын екендігін айтты. Негізінен əлеуметтік жаңғыру барлық азаматтардың мұқтаждықтары мен мүдделерін жүзеге асыру барысындағы қоғамның даму құрылымын жетілдіру үдерісі болып табылады. Бұл жаңа мен ескінің, заманауи жəне дəстүрлі ұстанымдар негізінде өзгерістерге ұшырайтын қоғамның оңтайлы жəне тиімді қызметінің көрінісі. Жаңа бағдарламадағы барлық басым бағыттар, міндеттер мен мақсаттар мемлекеттік органдар, тұрғындар, сарапшылар мен ғалымдар үшін транспарентті құбылыс. Сондықтан Елбасының елдің игілігі үшін ұсынған ұтымды, оптимистік жобасы мемлекет тарихындағы маңызды бағдарлама болып қала беретіндігіне сенеміз.

Жоғарыда айтылғанды қорытындылай келе айтайын дегенім, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық және рухани жаңғыру жолындағы алдымызда тұрған үлкен міндеттерге қол жеткізуге бағыттайтын тарихи маңызы зор құжат болып табылады. Ендігі біздің міндетіміз - осы құжатты жан-жақты насихаттап, ғылыми тұрғыдан оның тұжырымдарын бұқаралық құралдар арқылы көпшіліке жеткізуге атсалысумыз қажет деп есептеймін.
        

Талғатбек ӘМИНОВ, Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к.,  қауымдастырылған профессор

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жолдыбай БАЗАР және т.б., Елдігіміздің бойтұмары – ел бірлігі. «Егемен Қазақстан»,  30 апреля 2018 г.

2. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа ҮНДЕУІ. «Егемен Қазақстан»,  06 марта 2018 г.

3. Аминов Т.М. Инициативы Елбасы – забота о благе народа. Портал «История Казахстана», 14 марта 2018 г.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?