Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Атадан ұрпаққа мирас

2302
Атадан ұрпаққа мирас - e-history.kz
Шара ҚР Ұлттық музейі мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Ақмола облыстық филиалымен бірлесіп ұйымдастырылды

2016 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесіне арналған «Атамұра ұрпаққа мирас» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

ccd638b6c544bd88fb5e52456f765f0d.jpg

Шара ҚР Ұлттық музейі мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Ақмола облыстық филиалымен бірлесіп ұйымдастырылды. Жиында сөз алған Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отырған конференция мен шетелден келген қазақтардың қолөнер бұйымдарынан құрылған көрменің маңызына тоқталып өтті.

7ed817655469d8c33fbc7eb7771092b1.jpg

«Биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Біз осы ширек ғасыр ішінде талай игілікті істер тындырып, ел мен жердің тарихын, мәдениетін танып-білуде кешенді жұмыстар атқардық. Тәуелсіздік игіліктерінің ең бір үлкен жетістігі – тағдырдың жазмышымен, әртүрлі жағдайларда, әртүрлі кезеңде шетелдерде қалып қойған 5 миллиондай қазақпен байланыс орнатып, олардың алдыңғы легінің ата жұртқа қоныс тебуіне мүмкіндік туғызылды. Бұл тәуелсіздіктің бізге берген үлкен сыйы», – деді Д.Мыңбай.

b5a57eb05feed4dcec87c911554a02cd.jpg

Жиын барысында ел тәуелсіздігімен қатар Қазақ көшінің басталуының 25 жылдығына орай шетел қазақтары ата-бабамыздан қалған жәдігерлерді, бір ғасырдан аса сақталған күміс ер, алаша, сәукеле, кимешек және қолөнер бұйымдарын Ұлттық музейге сыйға тартты, сонымен қатар ұлтымыздың этнографиялық асыл қорын молайтуға үлес қосты. 

6083878a06898d6a82a6ea5a3562852e.jpg

Филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов өз баяндамасында шешендік пен шеберліктің астасып жатқан өнер екендігіне тоқталды. «Ел болу үшін 5 шарт бар екен: территориясы, қорғаныс қабілеті, ата кәсібі, ата дәстүрі, ұлы тұлғалары. Ежелден-ақ бабаларымыз қолөнерге аса көңіл бөлген, оны ары қарай дамытқан. Қазақстанның 25 жылдығына орай арнайы жиын жасап, жүректерімен бірге жанұя мұрасын Ұлттық музейге сыйға тартып, қолөнер дәстүрін жалғастырам, үйретем деп келіп тұрған азаматтардың қатары көп болсын», – деді С.Негимов. 

Айтыскер ақын Сырым Әуесхан жырдан шашу шашты.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?