Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Жаңғыртылған жәдігерлер» көрерменге жол тартты

1645
«Жаңғыртылған жәдігерлер» көрерменге жол тартты - e-history.kz
Тарихи жәдігерлер кескіндеме, графика, қыш, киіз және тоқыма бұйымдары, ағаш, сүйек және металдан жасалған мәдени құндылықтарды консервациялау және қалпына келтіру жұмыстарын негізінде жүргізілген

Халықаралық музей күніне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Жаңғыртылған жәдігерлер» атты көрме өтті. Салтанатты шараға Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары, музей қызметкерлері, «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. 

Көрмені салтанатты түрде Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай ашып, барша музей қызметкерлерін халықаралық музейлер күнімен құттықтады.

07644f16a98b9e76261266fdb30c41a9.jpg

«Бүгінгі Халықаралық музейлер күнімен барлықтарыңызды құттықтаймыз. Музей қызметкері болу оңай жұмыс емес. Осындай ұлттық құндылықтарымызды біріктіретін музейдің қиын да күрделі, жауапты да сауапты жұмыстарында талмай еңбек еткендеріңізге алғыс білдіремін. Музей тарихымызды тану үшін ғана емес, тарихымызбен мақтану үшін де қызмет ететін орын»,-деді Д.Мыңбай. 

Сондай-ақ музей басшысы маңызды шарада , озат қызметкерлерге арнайы төсбелгілер мен алғыс хаттар табыс етті. 

«Жаңғыртылған жәдігерлер» көрмесіне қазақтың ұлттық киімдерінің әшекейлері, зергерлік бұйымдар, орта ғасырлардағы қолданыстағы тұрмыстық заттар қойылды. Бір қызығы әрбір тарихи жәдігерлер кескіндеме, графика, қыш, киіз және тоқыма бұйымдары, ағаш, тері, сүйек және металдан жасалған мәдени құндылықтарды консервациялау және қалпына келтіру жұмыстарын негізінде жүргізілген. 

8c4e593b289b85519fd26d7cc58f2488.jpg

Тарихи ескерткіштерді, музейлік құндылықтарды консервациялау және қайта қалпына келтіру (реставрациялау) кәсіби біліктілікпен қатар асқан төзімділікті қажет ететін өте күрделі жұмыс әрі музей ісінің айрықша саласы болып табылады. 

Ұлттық музейдің консервациялау және қалпына келтіру қызметі 2014 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Сол уақыттан бері қарай 500-ден астам құнды жәдігерлер жаңғыртылды. Көрмеге қойылған жәдігерлердің ішінен зергерлік бұйымдарды, ағаштан, былғарыдан және металдан жасалған тұрмыстық заттарды; киім, кілем-киіз, қыш және фарфор бұйымдарын да көруге болады. Атап айтсақ, ж.с.д. XIII-XII ғасырларға жататын білезік, XX ғасырдағы астау, үккіштер, Құран Кәрім кітаптары, белгілі суретшілердің картиналары, зергерлік бұйымдар, аяқ қаптар, басқұрлар мен тұскиіздер т.б. 

46a204ac7066c7a16096c229a65c4271.jpg

«Жаңғыртылған жәдігерлер» көрмесінің экспонат заттарын «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты тарихи құндылықтарға «жан бітіретін» маман иелерінің жұмыс нәтижесінде өңделіп, күрделі де қиындыққа толы жұмыс кестесінен өткен. 

Айта кетейік, «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының археологиялық жәдігерлерді алғашқы қалпына келтіру мен жаңғырту зертханасы Институт тарапынан жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған жәдігерлерді алдын-ала сақтау, қалпына келтіру, құжаттау, фото және графикалық фиксациялау, жаңғырту жұмыстарын жүргізумен айналысады. 

d867739e25e041fb2d11f8dcccc12cf4.jpg

Қалиолла Саматұлы Ахметжансуретші, этнограф, қару-жарақ зерттеушісі, Қазақстан Суретшілер одағының және ҚР Суретшілер академиясының мүшесі: «Бүгінгі Халықаралық музейлер күні ашылып отырған «Жаңғыртылған жәдігерлер» көрмесінің маңызы зор. Бүкіл адамзаттың мәдени қазынасын сақтаушы музей қызметкерлері болып табылады. Солардың бірі біздің ұлттық музейіміздің қызметкерлері. Барлықтарыңызды музей қызметкерлері күнімен құттықтаймын. Сіздер қазақтың ұлттық құндылықтары мен мәдени мұраларын болашаққа сақтаушы, оны халыққа ұсынушы қызметкерлерсіздер. Сондықтан да еңбектеріңіз жана берсін, жұмыстарыңыз табысты болсын. Ал бүгінгі Халықаралық музей күні қарсаңында өтіп отырған «Жаңғыртылған жәдігерлер» көрмесінің маңызы зор. Көрмеге қойылған әрбір жәдігер өзіндік тарихи мәні мен сипаты болады. Тіпті мәдени ескерткіштің музей қорындағы жәдігерге түсу үшін көптеген өңдеуден өту керек. Әсіресе ең маңыздысы реставрация жұмыстары болып табылады. Сондай жұмыстардың нәтижесін бүгінгі көрмеде көрсетіліп отыр. Реставрация бөлімінің қызметкерлерінің жұмыстары көп жағдай да көріне бермейді. Олар жәдігерді сол бұрыңғы қалыпа айналдыруда қаншама төзімділік пен күш-жігерлерін жұмсайды. Ал біз көреремен ретінде оның қаз-қалпында өңделген түрін ғана көреміз. Тарихи жәдігер музей қорына түрлі жағдай түсуі мүмкін. Сондықтан бүгінгі шара сол кісілердің жұмыстарын бағалап, құрметтеуге маңызы зор екендігін байқатады. 

Алтынбек ҚҰМЫРЗАҚҰЛЫ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?