Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Атақты Кейкі батырдың басы туған еліне жеткізілді

1657
Атақты Кейкі батырдың басы туған еліне жеткізілді - e-history.kz
Халқының азаттығы үшін басын жауға берген Кейкінің рухы басымен бірге дала төсінде мәңгілік дамылдайтын сәт жақын

Астанаға Мәскеу қаласынан атақты Кейкі батырдың басы сағат 04.50-де арнайы бортпен жеткізіледі екен деген ақпарат жарияланды. Сонда да айтылған мерзімде халықаралық әуежайға жиылған адамның қарасы көп. Батыр баба ұрпақтары, жерлес ағайындарымен бірге елге белгілі азаматтар да болды. 

fa5c2306b667941090066d95565bed05.jpg

Батырдың ұрпағы болып келетін Өтеш Бекішев бізге Кейкінің шын  есімі Нұрмағамбет болғанын, қалай Кейкі атанғаны жайында ел ауызында сақталған аңызды әңгімелеп берді. Баяндауда қыпшақ және найман рулары арасындағы барымташылық сөз болады, жылқы алған ел мен алдырған жұрт келісе алмай, ақырында бір тоқтамға келіп, бұдан кейін жылқы алмауға бекініпті. Кейкінің сол кездегі ісіне сүйсінген  найман жағы Кейкі атапты дейді. 

Кейкінің басын алдырту туралы мәселе Қазақстанда жиі көтерілетін тақырып. Жақында Қазақстан Премьер-Министрі К. Масимов пен Ресей Премьер-Министрі Д. Медведевтің қатысуымен өткен екі жақты кездесуде бұл мәселе көтеріліп, туған еліне қайтару мәселесі пысықталған. Бұл шаруа да осы істің нәтижесі. 

7510404cd99f2b7c9212804b8fc7027a.jpg

Торғай өңірінің азаматтарының жүзінде әлдебір қуаныш табы бар. Халқының азаттығы үшін басын жауға берген Кейкінің рухы басымен бірге дала төсінде мәңгілік дамылдайтын сәт жақын. Астана әуежайында күтіп тұрған ағайынға батыр бабаның басы бұдан біршама уақыт бұрын жеткізіліп қойғаны жайында ақпарат жетті. Бұған бола өкінген ешкім болмады, ең бастысы көптен армандаған даңқты тұлғаның әзиз басы туған халқымен қауышты. Арнайы үкіметтік комиссия құрылып, қайда жерленетіні, қандай рәсімдер атқарылатыны жайында ақпараттар берілетін болады.

bab024072bb18934b825f562dc644e9c.jpg

Бұл туралы Арқалық қаласының бұрынғы әкімі, қоғам қайраткері Берік Әбдіғалиұлы: «Бұл арада қоғам белсенділері мен Кейкі батыр ұрпақтарының көзқарасы екіге жарылды. Егер туыстары бабасын туған жері – Қостанай облысы Амангелді ауданында жерлегісі келсе, қоғам өкілдері – Астанадағы құрметті ел азаматтары жерленетін Ұлттық пантеонға тапсыруды қалайды» деді.

13e01452451fdd8c7fc8ce6e5102bdf3.jpg

Жиын соңында көпшілік фотосуретке түсіп, жылы тарқасты.

Заңғар КӘРІМХАН

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?