Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Мәңгілік елдіктің еңселі ескерткіші

1699
Мәңгілік елдіктің еңселі ескерткіші  - e-history.kz
Бүгін киелі Тараз қаласында Елбасы Нұлсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Мәңгілік Ел» тарихи монументінің ашылу рәсімі болып өтті

Аталған шараға Мемлекет және қоғам қайраткерлері, шетел қонақтары мен тарихшы ғалымдары, ЖОО басшылары мен ведомства өкілдері, ҚХА «Ұлы Дала Елі» экспедициясының мүшелері және қала тұрғындары қатысты. 

Қаланың жаңа орталығындағы «Тараз-Арена» спорт сарайына қарама-қарсы ораласқан отыз метрлік тарихи кешеннің алдында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеп, барша Қазақстан халқы мен тараздықтарды Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойымен құттықтады. 

«Құрметті отандастар! Қымбатты жамбылдықтар! Баршаңызды Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтаймын. Елордамыз Астана да басталған қазақ хандығының мерейтойы киелі Тараз жерінде жалғасуы біздің халқымыз үшін маңызды. Біз кезінде өз тарихымыздан ажырап қалған халықпыз. Біздің тарихымыз тереңнен екенін жастарға көрсетпесек, «Мәңгілік Ел» идеясы орындалмайтын болады. Сондықтан көне тарихымызды жер-жерден іздестіруіміз керек», – деді мемлекет басшысы. 

9a3743f6ff384b6121e7ce39f4782505.jpg

Сондай-ақ салтанатты жиында Елбасы Тараз қаласындағы ұлт тойының өткізілуіне барынша қолдау көрсетіп, қала көркін абаттандыруға үлестерін қосқан өзге облыс тұрғындарына рахметін айтты. «Мерейтойлық шараға байланысты ежелгі қаланы жаңғыртып, келбетін тағы да бір өзгерттік. Тараздың 2000 жылдығын атап өтеміз деп бір жаңартқан болатынбыз. Енді хандықтың 550 жылдығына байланысты Тараз қаласының іші де, сырты да абаттандырылды. Оған Қазақстанның барлық облыстары атсалысты. Оларға зор рахметімізді айтайық». 

Елбасы баяндамасында Жамбыл облысының бүгінгі қарқынды дамып келе жатқан облыс екенін тілге тиек етіп, ел экономикасының табыс кіргізіп отырғаны баса айтты. Қазіргі дүние жүзіндегі жалпы экономикалық дағдарыстың салдарына қарамай облыс орталығында заманауи құрылыс нысандары, тұрғын үй кешендерінің салынып, халық игілігіне жаратылып жатыр деді. 

«Жамбыл облысының бүгінде қарқынды дамып келе жатқанын білемін. Қазір жалпы экономика дүние жүзінде де, бізде де оңай емес. Ресей мен Батыстың арасындағы санкция, текетірес, біздің экспорттық тауарлар бағасының төмендеуі біраз қиындықты көрсетіп отыр. Бірақ та тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, тамыры терең болғаннан кейін бұл қиындықтан да өтетін боламыз», – деді ҚР Президенті. 

Елбасы осындай қиындықтарға қарамастан биылдың өзінде облыста 170 мың шаршы метр үй пайдалануға берілгеніне, жыл басынан бері 7 мектеп, үш балабақша, ауруханалар салынғанына ерекше тоқталып өтті. «Мұның барлығы да халықтың игілігіне жасалуда. Тараз арқылы Ұлы Жібек жолымен өтетін «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» даңғылы салынып, бұрын-соңды болмаған жолмен жүріп жатқандарыңызды білесіздер. Бұл қала арқылы, облыс арқылы темір жол өтеді, бұл қала арқылы газ құбыры өтеді. Барлық жағдай жасалып жатыр», – деді Елбасы. 

Қысқаша айта кетер болсақ, «Мәңгілік Ел» тарихи монументі қаланың жаңа орталығындағы Тәуке хан көшесі бойында іргесі қаланды. Монумент аумағы 3,5 гектар, бұл жерде гүлзар және көлік тұрағы болады. Құрылысты «Жамбылхимстрой-инжениринг» ЖШС жүргізді. Сондай-ақ ескерткіштің өзін жасау және орнату үшін «Арт-систем» ЖШС-мен 350 млн теңгеге келісім жасалған. Аумақты абаттандыру және көлік қоятын жұмыстар құны – 177 млн теңгеге бағаланған. 

Алтынбек Құмырзақұлы

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?