Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстандық ғалымдардың шетелдік мұрағаттарда жүргізген жұмыстарының алғашқы қорытындылары

2216
Қазақстандық ғалымдардың шетелдік мұрағаттарда жүргізген жұмыстарының алғашқы қорытындылары - e-history.kz
Қазақстандық ғалымдардың шетелдік мұрағаттарда жүргізген жұмыстарының алғашқы қорытындылары туралы Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бөлім меңгерушісі Меруерт Әбусейітова баяндады.

Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының ІІІ отырысында Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бөлім меңгерушісі Меруерт Әбусейітова қазақстандық ғалымдардың шетелдік мұрағат орталықтарындағы жұмысының алдын-ала нәтижелері туралы сөз сөйледі

«Жалпы, қазақстандық ғалымдардың он елдің, атап айтқанда Иран, Үндістан, Қытай, Мысыр, Түркия, Моңғолия, Ұлыбритания, Германия, Өзбекстан, Ресей елдерінің қорларына ғылыми іс-сапарлар ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда 20 ғалым ғылыми іс-сапарларын қорытындылады. Экспедицияларға қатысушылар тарихи естелікті қалпына келтіру, Түркі қағанатының қалыптасуы мен дамуы тарихы бойынша түркі тасжазулары мен қолжазба дерек көздерін айқындау, суретке түсіру және көшіру жөніндегі ауқымды жұмыс атқарды, Шыңғысхан дәуірі кезеңіне дейінгі түркі тайпаларының тарихи сабақтастығы мен бірыңғай этнографиялық байланыстары болғаны туралы мәліметтерді айқындады», деді М.Әбусейітова.

Моңғолиядан, Қытайдан және Германиядан көне дәуір, түркі руналық тасжазба, көнеүнді, қытай дерек көздерінің негізіндегі ежелгі көшпенділер тарихы бойынша тарихи куәліктердің көшірмелері әкелінді, олар түркі (ішінара алғанда, қазақ) халықтарының ата-бабалары тарихының прото-, көне және орта түркілік кезеңдері туралы түсініктер береді.

«Мысыр, Иран, Түркия, Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Ресей және Ұлыбритания елдеріне іс-сапарлар барысында түркі Хорезмшахтары тарихы, моңғолдар, ұйғырлар, барлық мұсылман билеушілері тарихы, Шыңғысхан, Әмір Темір тарихы бойынша құнды мұрағат материалдары, сондай-ақ Бодлеан және Британ кітапханаларында, Қытайдың Тұңғыш тарихи мұрағатында, Үндістанның Рампур қаласындағы Әмір Раз кітапханасында, Хайдарабад қаласындағы Саларджанг мұражайында, Қалмақ Республикасының Ұлттық мұрағатында сақталған шығыс қолжазбалары айқындалып, көшірмелері әкелінді», деді ғалым.

Меруерт Әбусейітованың айтуынша, Қазақстанға Қытайдың Тұңғыш тарихи мұрағатынан қазақ тарихына қатысы бар Цин империясының мұрағат құжаттарының көшірмелері жеткізілді. «Бұл құжаттар 1730 жылдың соңынан 1911 жылдың ортасына дейінгі кезеңді қамтиды және қазақ-қытай саяси, сыртқы саяси және экономикалық өзара қарым-қатынастар тарихын ашып көрсетеді. Қазақ билеушілерінің көрші мемлекеттер билеушілеріне жазған хаттарының ішінде Абылай ханның, сұлтан Болат ханның, Уәли сұлтанның және басқа да қазақ хандары мен сұлтандарының жазысхан хаттары туралы айрықша мәліметтер бар», деп мәлім етті ғалым.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин өз сөзінде, Мемлекет басшысының ғылыми-тарихи қоғамдастықтың алдына ұлттық тарихи жадымызды қайта жандандыру, тарихымызды әлемдік-тарихи процестің бір бөлігі ретінде терең зерделеу және «ақтаңдақтарды» еңсеру жөніндегі ауқымды міндет қойып отырғанын атап өтті.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?