Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Екінші Дүниежүзілік соғыс туралы 9 дерек

5364
Екінші Дүниежүзілік соғыс туралы 9 дерек - e-history.kz
Назарларыңызға Екінші Дүниежүзілік соғыс туралы бұрын-соңды оқымаған деректер ұсынамыз

1. Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдары ССРО-ның бірінші даусы болған, «Говорит Москва» тіркесінің авторы Левитан Гитлердің жеке жауы деп есептелді. Левитанның баяндамаларын тыңдап, оның даусының энергиясы өте жоғары екенін байқаған Гитлер Левитанды тез арада «жою керек» деген бұйрық береді. Тіпті оның басын алып келген солдатқа 250 000 марка сыйақы беретінін де айтқан екен. Бұған көптеген мұрағаттық құжаттар дәлел бола алады.

2. Соғыс жылдарында 11,575 астам жауынгер Совет Одағының Батыры атанды. нақтырақ айтқанда, 8182 орыс, 2072 украин, 311 беларусь, 161 татар, 108 еврей, 96 қазақ, 91 грузин, 90 армян, 69 өзбек, 61 мордвин, 44 шуваш, 43 әзербайжандық, 39 башқұрт, 32 осетин, 19 молдован, 18 мария, 18 түрікмен, 15 литвалық, 14 тәжік, 13 латыш, 12 қырғыз, 10 коми, 10 удмурт, 9 эстон, 9 карелия, 8 қалмык, 7 аудастандық, 6 адыгей, 5 абхазия, 3 якут болды. Оның ішінде 86 әйел және 15 жасқа дейінгі бес бала (Леня Голиков, Валя Котик, Бория Цариков, Марат Казей және Зина Портнова) батыр атанды.

3. Соғыс майданында алпыс мыңнан астам ит болды. Байланыс-иттері шамамен екі жүз мың жауынгерлік хаттар жеткізіп отырған. Соғыс уақытында санитар-иттер ұрыс алаңынан шамамен жеті жүз мыңға дейін ауыр жарақат алған командирлер мен солдаттарды шығарып отырған. Соғыс алаңынан 100-ден астам жарақат алған  майдангерді шығарғаны үшін санитар мен оның көмекшісіне Совет Одағының Батыры атағын берген. Ал сапёр-иттер болса үш жүз үлкен қаладан мина тапқан.

4. Екінші Дүниежүзілік соғыстан соң ССРО-да 43 миллионнан астам адам қаза тапты деген қорытынды жасалды. Бейбіт халық құрбандарының саны ССРО 16,9 миллион адам,  Германия 2 миллион адам екен. Толық мәлімет мына кестеде:

5. Жалпы Әзірбайжан кәсіпорындарында Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери қажеттілікке жетпіс бес тонна мұнай өнімі өңделді.

6. Әйелдер арасында Екінші Дүниежүзілік соғысқа үш полк құрылды. Оларды «түнгі мыстандар» деп атаған. Солардың ішінде Атырау облысының тумасы, күллі қазақтың мақтанышы Хиуаз Доспанова да бар еді. Майдандас құрбылары Х. Доспанованы «Нәзік Катя» деп атаған.

7. Бұл туралы көп жазыла бермейді. Бірақ соғысқа дейін ССРО мен Германия өздерінің «достық» қарым-қатынастарын көрсетуге тырысты. Мысалы, 1939 жылы бір газеттің 21 желтоқсандағы санында Сталиннің алпыс жылдығына арналған Адольф Гитлердің құттықтау сөздері жарияланған. Бірақ, жарты жылдың ішінде екі ел атажауға айналатындығын ешкім болжай алмады.

8. Екінші Дүниежүзілік соғыс атақты қолбасшы Әмір Темірдің мәйітін қазғаннан кейін басталған. Мәйітті қазар алдын діни сенімдегі адамдар ғалымдарды бұл ойдан бас тартуын бірнеше рет сұраған екен. Егер қазатын болса, соғыс басталуы әбден мүмкін дегенді де айта кеткен. Бірақ ғалымдар ешкімнің сөзін ескермей, 1941 жылы 21 маусымда мәйітті қазған екен. Арада бірнеше уақыттан соң Совет-герман соғысы басталып кетті.

9. Соғыс кезінде фашисттік тікұшақтарға Липецк қаласын бомбалау қажет емес деген бұйрық болған. Оның себебі, Липецк қаласында құпия әуе-ғарыш мектебі болған. 20 жылдары бұл жерде неміс ұшқыштары дайындық курстарынан өткен екен. Көбісінің отбасы соғыс жылдарында да сол жерді мекен еткен. Бұл құпияны білген Гитлер бомба тастауға қатаң тыйым салған. 

 ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕК: ӘМІР ТЕМІРДІҢ ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСҚА ҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ БАР ?

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?