Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Генерал Панфиловтың қызы

1895
Генерал Панфиловтың қызы - e-history.kz
1941 жылы маусым айында, соғыс өрті лап ете қалған тұста, Алматы қаласында жергілікті ұлт өкілдерінен 316-атқыштар дивизиясы құрылып, майданға аттанды. 1941 жылы маусым айында соғыс өрті лап ете қалды

Алматы қаласында жергілікті ұлт өкілдерінен 316-атқыштар дивизиясы құрылды. Шұғыл түрде соғысқа аттанған әскери дивизияның жауынгерлері осы жылдың қазан-қараша айларында-ақ Мәскеу түбіндегі қорғаныс кезінде Волоколамск бағытын қорғауда асқан ерлік көрсетті. 

Совет-герман соғысындағы аңызға айналған қазақстандық батырлардың бірі – гвардия генерал-майоры, Қызылтулы 8-гвардиялық атқыштар (бұрынғы 316) дивизиясының командирі Иван Васильевич. 316-гвардиялық атқыштар дивизиясы Панфиловшылар дивизиясы деген атаумен тарихта терең із қалдырды.

Осы айбынды дивизияның құрамында генерал Иван Васильевич Панфиловтың үлкен қызы, Валентина Ивановна Панфилова, генералдың дивизиясы соғысып жатқан алғышепте медбике болған.

– Майданға әкеммен бірге аттандым, – дейді Валентина Ивановна. – Ол көп қарсылық көрсеткен жоқ. Анам да. Мен 18-ге толып қойған едім ғой. Тек бір ғана келісім болды: біздің туыстық қатынасымызды ешкімге көрсетпеу. Біз көрсеткеміз де жоқ.

Осының арқасында мен әкем туралы көп нәрсе білдім. Санбатта қызмет еттім, ал жаралылар еш қысылмастан өз комдивтерін талқыға салатын. Олардың оны жақсы көретіні сезілетін, «Батя» деп атайтын. 1941 жылдың 16 қарашасында немістер Мәскеуге қарай екінші басты шабуылын бастады. Ал 17 қараша таңертең миномет әскерінің жаралы жауынгерлеріне көмек көрсету туралы санитарлық нұсқаушыларға бұйрық берілді. Біздің жолымыз дивизияның командалық пункті арқылы өтетін, сол сәтті пайдаланып мен асығыс әкеме кіріп шықтым. Бұл кездесуге ол қалай қуанды десеңізші!

Үйден келетін хаттар туралы сұрады да, генерал бірден өз дивизиясының солдаттарын мақтауға кірісті: «Елестетіп көрші: окоптарға қарай темір құрсанған елу құбыжық ентелеп келеді, ал біздің азғантай ғана батырларымыз олармен жекпе-жекке шығады. Сөзсіз жеңеді!»

Әкемнің көзі оттай жанып тұрды, бірақ сол кезде мен бұл біздің соңғы кездесуіміз екенін біле алдым ба?!

Ертесі таңға қарай жаралылар саны сағат санап өсе берді. Таңу пунктісі жаралылардың ыңырсыған даусына толы болды. Шаршап-шалдығусыз жұмыс істеуге тура келді. Боздап жылаған кезекті бір ауыр жараланған жауынгерді таңып жатып, мен кездейсоқ әкемнің қаза тапқанын естідім. Жауынгер өз жарасына бола емес, Батяның өлгені үшін жылап жатыр екен! Әкемді Мәскеуде жерледік. Біздің үлкен әулетімізден жерлеуге мен ғана қатыстым.

Жеңіске дейін соғысу үшін мен бірден өз бөліміме қайтып келдім. Ал 6 желтоқсан таң ата құлақ тұндырған канонада басталды. Кей кезде жер төңкеріліп жатқандай сезілетін. Жүгіріп далаға шыққанда бірінші көзімізге түскені – «ястребтармен» ілесе жау шебіне қарай ұшып бара жатқан ауыр бомбалаушы ұшақтар болды. Тасжолмен кетіп бара жатқан техника мен әскерлер. Бұл дегеніңіз шабуыл ғой! Жүрегіміз қуаныштан дүрсілдей соғып: «Ура! Біз шабуылға шықтық» деп бөркімізді аспанға атып мәзбіз.

Сол күні Крюково станциясы екі жақтың қолына алма-кезек өтумен болды, жау қиян-кескі қарсылық көрсетті. Жаралыларымыз көп, бірақ ешкім эвакуацияға кеткісі келмейді. Бомбалау кезінде менің беті мен басыма ұсақ жарықшақтар тиіп, жараландым. Бірақ жарамды таңа салып, жұмысымды жалғастыра бердім. Әйтеуір майдан шебі бұзылды!

Біздің бөлімдер Подмосковье, Тула, Рязань облыстарын азат ете отырып, алға қарай жылжыды. Жол бойында күл паршасы шыққан фашисттер техникасы, сұрғылт-сұр шинельдегі солдаттарының мәйіттері жатыр. Бізге қарсы тұтқындалған фашисттер колоннасы келе жатыр. Ызалана, орыс сөздерін бұрмалай: «Мы уходить.. Генераль Панфилоф.. Его дивизия ошень дикая..», – дейді. Тіпті өлгеннен кейін де фашисттер әкемнің аруағынан қорықты!

...Мен гвардиялық мотоатқыштар Режицалық, Ленин орденді, Қызыл Тулы, Суворов орденді Совет Одағының Батыры генерал-майор И.В. Панфилов атындағы дивизия құрамында Ұлы Отан соғысы жолдарымен жүріп өткенім үшін бақыттымын»

деген өз естелігінде Валентина Ивановна Панфилова.

В.И. Панфилова Қызыл Жұлдыз, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Мәскеуді қорғағаны үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдерімен марапатталған. 

Генерал Панфиловтың қызы, Совет-герман соғысының қатысушысы Валентина Ивановна Панфилова – қазақтың әйгілі композиторы Бақытжан Байқадамовтың аяулы жары. Валентина Ивановна 1944 жылы Рига түбінде ауыр жараланып, контузия алып, ІІ топтағы мүгедек болып елге оралып келе жатқанда пойызда болашақ жары Бақытжан Байқадамовпен танысады. Тағдыр қосқан екі жан отау құрып, 33 жыл тату-тәтті өмір сүрген. Үш қыз тәрбиелеп өсірген.

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?