Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Кастро пір тұтқан қазақ

3445
Кастро пір тұтқан қазақ - e-history.kz
1963 жылы испан тілді газеттерде Фидель Кастро туралы сұхбат шықты. Сұхбатта көп сұрақтардың ішінде ерекшесі: «Екінші Дүниежүзілік соғыста пір тұтатын тұлға сіз үшін кім?»

Журналист басқа жауапты күткені болу керек, Ф. Кастроның жауабына таңырқай қарады

Атағы жер жарған Че Гевара сияқты Ф. Кастро кітап оқығанды жақсы көретін. Бір күні оның қолына Александр Беканың  «Волоколам тас жолы» атты кітабы түседі. Кітапта Панфиловшылар дивизиясы туралы және совет офицері Бауыржан Момышұлы туралы айтылады. Ф. Кастроның журналистке берген жауабы да осы қазақ батыры Б. Момышұлы туралы еді. Әйтсе де, Б. Момышұлы Ф.Кастроны қандай ерлігімен баурап алды екен?

Жас офицер әскер құрамына Екінші Дүниежүзілік соғысқа дейін барған болатын. Осы уақыттың ішінде Б. Момышұлы офицер-артиллеристке оқып, Қиыр Шығыста жапон әскерімен Бессарабия жорығында болған екен. Одан соң Алматы қаласына келіп, Екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысады.

1941 жылы Б. Момышұлы өз еркімен майдан шебіне сұранып, сол уақытта 316-атқыштар дивизиясы құрылып жатқан. Дивизия құрамына сұрапыл соғыстың не екенін білетін ер адамдармен жасақталатын болып жоспарланған. Б. Момышұлыны батальон командирі болып тағайындады. Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында екі қазақ қана дивизия басқарған. Оның біріншісі Бауыржан Момышұлы болса, екіншісі Әбілқайыр Баймолдин.

Мәскеу үшін көрсеткен ерліктері ұшан-теңіз. 1941 жылы Б. Момышұлы батальон командирі кезінде оң жақ қапталда болған ұрыстардан кейін, қоршаудан шығып, Волоколамск қаласына 690 адамды, 18 артиллерия жегінін, 30 пәуескені аман-есен алып келеді. Сөйтіп, 35 шақырымға созылған аралық қапталда ұйымдасқан түрде ұрыс жүргізе отырып, жау қоршауын бұзып өтіп, дивизияға келіп қосылады. Содан 1941 жылы 16-20 қараша айының аралығында Момышұлының батальоны Волоколамск тасжолының бойындағы Горюны деревнясы ауданында, Матренино теміржол стансасында тағы да жау әскерінің қоршауында қалып, қиян-кескі ұрыс жүргізеді.

Дұшпанның Мәскеу қаласына бара жатқан әскерін тас талқанын шығарады. Осы жағдайды пайдаланған дивизияның бөлімдері келесі бекініске барып бекінеді. Момышұлы батальонының бұл қимылы тағы да дивизияның негізгі күшін шабуылдап келе жатқан жаудың соққысынан аман сақтап қалды. Осы ұрыстарда батальон 600-дей гитлершілерді жер жастандырды, 6 танкіні құртады.

Тағы бір ерен ерлігі, он үйі бар Лопастино деген деревняда 1941 жылы 25 қарашада Баукең бір ПТО, екі миномет, екі станокты пулеметпен қаруланған жарты взвод жауынгерлерді бастап, жау тұрағына түнде шабуыл жасап, 200 неміс солдатын жояды.

Соғыс жылдарынан кейін Б. Момышұлы көптеген лайық делінген атақтары табысталмады. Майдангерлердің айтуы бойынша Б. Момышұлы өміршең, көңілді бірақ, ешқашан өтірік айтпайтын тура адам болды десе керек. Сол себепті басшыларымен сөзге келісіп қала беретін.

Б. Момышұлының көзін көргендердің айтуы бойынша, ол біреуден көмек сұрағанды ұнатпаса керек. Ол өзі туралы газет беттерінен оқығанды жақсы көретін. Ол Фидель Кастро мен Че Гевараның ерліктертері туралы жоғары бағалағаны туралы біліп, оларға дереу шақырту хат жібереді. Көпшілік күтпеген жерден Кубалық революционер шақыртуды қабылдап, Б. Момышұлымен кездесуге ниет білдіреді.

Қаланың әкімшілігі қос елдің батырларының кездесін ұйымдастыруды дереу бастап кетті. Бірақ, Б. Момышұлы тұрған үй өте нашар жағдай да еді. Әкімшілік ұсынған үйден Б. Момышұлы бірден бас тартты. ҚаҺарманның айтуы бойынша «қонақтарды өзімнің үйімде қабылдау ешқандай да ұят емес, егер біреу мен үшін ұялатын болса өзі білсін» деген екен. Көптеген келіссөздерден кейін екі жақ бітімге келіп,  Б. Момышұлының үйіне жөндеу жұмыстарын жасауға келісті.

Қонақтар үлкен делегация болып келді. Ф. Кастро Б. Момышұлы туралы кітаптарды тастамай оқып жүрген екен. Әртүрлі тақырыпта сөз байласып, соңында Ф. Кастро Батыр Бауыржанды Куба еліне қонаққа шақырады. 1963 жылы бұл шақыру жүзеге асты.

Қазақ елінің батырын қарсы алу, Юрий Гагариннің құрметіне арналған мерекелік шарамен ғана салыстыруға болатын еді. Б. Момышұлына Куба Революциялық қарулы күштері 51-полкінің құрметті командирі атағы берілді.

XX ғасырдың күлтегіні Куба еліне сапары барысында жауынгерлік ұрыс туралы лекция оқыды. Бір қызығы, Момышұлы оқыған дәрістерді Куба әскерилері арнайып пән ретінде оқу бағдарламасына енгізді. Кейіннен бұл бағдарламаны Кубаның көршілер мемлекеттері өз тілдеріне аударып, білім бағдарламаларына енгізді.

1982 жылы 71 жасында Совет одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик, тек ССРО емес, мұхиттың ар жағына танымал Бауыржан Момышұлы қайтыс болды. Өкінішке қарай «Совет Одағының Батыры» атағы тек 1990 жылы берілді. Шешім 1990 жылы 11 желтоқсан күні шықты.

Көре отырыңыздар: Қызықты дерек  БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?