Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

22 Наурыз мерекесі туралы ең қызықты деректер

2067
22 Наурыз мерекесі туралы ең қызықты деректер - e-history.kz
22 Наурыз мейрамына арнайы «Qazaqstan Tarihy» порталы құрметті оқырмандарды ең қызықты деректермен таныстырады.

1. Бұрын Наурыз мейрамын тойлау таң атуды қарсы алудан басталды. Бұл ежелгі ғұрыптардың біріне — «Бұлақ көрсең, көзің аш!» деген мәтелге байланысты болды. 

2. Наурыз сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Яғни, Наурыз, (парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн). Орталық Азия халықтары арасында Жаңа жылдың басы болып саналады.

3. Атырау және Маңғыстау облыстарында Наурыз мерекесі 14 наурыздан басталып, «Амал» деп аталады, осы мейрамның дәстүрлі элменті — «Көрісу». Бұл күні адамдар қол алысып қауышады. Сонымен бірге, барлығы «Жаңа жыл құтты болсын!» деп амандасады.

 4. Наурыз мейрамының уақытында дүниеге келген балаларға осы мерекенің атауына түбірлес есімдерді қойған. Біздің заманымызға дейін келесі есімдер сақталды: Наурызбек, Наурызбай, Наурызгүл.

 5. Мереке күні қар жауып тұру жақсы ырым деп саналған. Бізге жеткен қазақ аңыздарында қыздың сұлулығы Наурыздың ақ қарына теңестеріледі. Бұл таңғажайып жайт емес, өйткені наурыздағы қар әдетте жұмсақ, ерекше әппақ болады.

 6. 1926-1988 жылдары Наурыз Қазақстандағы бүкілхалықтық мейрам болып саналған. 2001 жылы Наурыз Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі деп жарияланды. 8 жылдан кейін (2009 ж.) ҚР Президентінің Жарлығымен Наурыз мерекесін тойлауға және қазақстандықтардың демалуына 3 күн қатар беріледі деп жарияланды. 

7. Наурыз Қазақстанда ғана тойланбайды. Жақын шетелдің елдері (Әзірбайджан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ресей) Наурыз мерекесін қарсы алады! Ауғанстан, Иран — алыс шетел елдері мерекенің келуін тағатсыздана күтеді. 

 8. Наурыздың дәстүрлі тағамы — «Наурыз көже». Ол жеті түрлі азықтық заттан тұрады. Жеті деген сан аптаның жеті күнін бейнелейді, бұл санның мағынасы терең. 7 санға байланысты әдет-ғұрыптар бар. Наурыз мерекесін тойлау кезінде ақсақалға наурыз көжеге толы жеті кесе ұсынылады. Наурыз кезінде әр адам өз үйіне 7 қонақты шақырып, өзі-де 7 үйге жолығады.

Оқи отырыңыз: Наурыз көже – ұлыс дәмі

 9. Мерекенің рухани бейнесі ­– Қыдыр ата саналады. 22 наурызға қараған түні бүкіл халық оның келуін күтеді. Бұл түнді «Қыдыр түні» атайды. Қыдыр ата - бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел, жарылқаушы қарт. Ол Ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді, деген сенім бар. Сондықтан әр үй Қыдыр атаның жолын күтіп, өздерінің жанын да, тәнін де, киер киім, ыдысы мен бұйымдарын да таза ұстауға тырысады. Үйдің іші-сыртын, қора-қопсыны тазартып, ағаш егіп, өсімдікке су құяды. Мұсылман қауымы мұндай үйге Қыдыр ата түнеп немесе бата беріп кетеді деп түсінген. «Қыдыр қонған», «Қыдыр дарыған» деген сөздер осындайдан шыққан.

10. Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям тәрізді ұлы ғұламалардың еңбектерінде Шығыс халықтарының Наурыз мейрамын тойлауы туралы деректер бар екен. Наурыз күндерінде мынадай салт-дәстүр, ырымдар жасаған: Әр жерде үлкен от жағып, отқа май құйған. Жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжаған. Жеті, ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалық» ұсынған. Ескі киімдерін тастаған. Ескірген шыны аяқты сындырған. Бір-біріне гүл сыйлаған. Үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою — «күн символын» салған. Үйлеріндегі тіреу, ағашқа гүл ілген. Жамбы ату тәрізді түрлі жарыстар өткізген. Бұл күні кәрі-жас мәз болып, бір-біріне жақсы тілектер айтқан, араздаспаған.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?