МЕН АЙТҚАН БЕРЕКЕЛІ ЗАМАН АҚЫРЫ ОРНАДЫ!

МЕМЛЕКЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

III бөлім. 5.МЕН АЙТҚАН БЕРЕКЕЛІ ЗАМАН АҚЫРЫ ОРНАДЫ!

Халықтың әл-ауқат қамы



НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ

"ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫ МЕН ХАЛЫҚҚА «АСПАНДАҒЫ АЙДЫ АЛЫП БЕРЕМІН» ДЕП ЕМЕКСІТІП, ЖЕҢІЛ-ЖЕЛПІ ПОПУЛИСТІК МӘЛІМДЕМЕЛЕР ЖАСАҒАН ЖОҚПЫН. 1990- ШЫ ЖЫЛДАРЫ БІЗДІ ҚИЫН КҮНДЕР КҮТІП ТҰРҒАНЫН, МЕМЛЕКЕТ ПЕН ХАЛЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫҢ БАР АУЫРТПАЛЫҒЫН БІРГЕ КӨТЕРУІ КЕРЕК ЕКЕНІН АШЫҚ АЙТТЫМ. АЛАЙДА МҰНЫМЕН ҚАТАР, МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІ ҮЗДІКСІЗ ӨСЕТІН УАҚЫТТЫҢ ҚАЛАЙ ДА КЕЛЕТІНІНЕ ДЕГЕН ӨЗІМНІҢ СЕНІМІМ МЕН ЫНТА-ЖІГЕРІМ АРҚЫЛЫ АДАМДАРДЫҢ ЖҮРЕГІНДЕ ҮМІТ ОТЫН ОЯТУҒА КҮШ САЛДЫМ"


Ел басшылығының өнімді еңбегінің нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 8 процентке дейін төмендеді. Жалақы мен зейнетақының орташа мөлшері ТМД-дағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды.

Тіпті Қазақстан – КСРО Жинақ банкіндегі салымдар бойынша халыққа қарызын қайтаруды жөн көрген бұрынғы одақтас республикалар арасындағы жалғыз ел!

III БӨЛІМ. 5.МЕН АЙТҚАН БЕРЕКЕЛІ ЗАМАН АҚЫРЫ ОРНАДЫ!

Денсаулық сақтау реформасы: ел мүддесі



1998 жылы «Халықтың денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасы жасалды: алайда тек 2001 жылдан бастап қана едәуір түзеле түскен қаржылық ахуал денсаулық сақтау саласының шығындарын көбейтуді бастауға мүмкіндік берді.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУ ТӨРТ БАҒЫТ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛДІ:

1. СЫРҚАТТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУ
2002 жылы елімізде бірінші рет азаматтар жаппай скринингтік тексеруден өткізілді, соның нәтижесінде бізде әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау, жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулардың алдын алу мәселелеріне айрықша көңіл аудару қажет екені анықталды. Қазақстан ТМД елдері арасында жаңа туған сәбилерге гепатитке қарсы вакциналауды бірінші болып ендірді. 2005 жылдан бастап дәрігерлер 18 жасқа дейінгі балалардың және бала туатын жастағы әйелдердің денсаулығын жоспарлы түрде тексереді.
2. Денсаулық сақтау саласын басқарудың жаңа үлгісін жасау
Сонымен қатар әр азаматқа тегін көрсетілетін медициналық қызметтердің жеткілікті жиынтығы ұсынылды.
3. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛЕРДІ ЕНГІЗУ ЖӘНЕ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ ЕМДЕУ ОРТАЛЫҚТАРЫН ҚҰРУ
4. ХАЛЫҚТЫ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІН ҚАМТЫДЫ

Осылайша, денсаулық сақтау саласындағы үдемелі мемлекеттік саясат қысқа мерзім ішінде медициналық қызметтер нарығы мен азаматтардың денсаулығын қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыра алды.

III БӨЛІМ. 5.МЕН АЙТҚАН БЕРЕКЕЛІ ЗАМАН АҚЫРЫ ОРНАДЫ!

Астана медициналық кластері



НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ

«МЕН ЕЛОРДАДА БАРЫНША ЗАМАНҒА САЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАР САЛЫП, ОЛ ЖЕРЛЕРДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ КАРДИОХИРУРГ ЮРИЙ ПЯ СЕКІЛДІ БІРЕГЕЙ МАМАНДАРДЫ ЖИНАУ ТУРАЛЫ ТАПСЫРМА БЕРДІМ. ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ХОЛДИНГ 2008 ЖЫЛДЫҢ МАМЫРЫНДА ҚҰРЫЛЫП, АЛТЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДЫ БІРІКТІРДІ – АНА МЕН БАЛА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ, ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ»


III БӨЛІМ. 5.МЕН АЙТҚАН БЕРЕКЕЛІ ЗАМАН АҚЫРЫ ОРНАДЫ!

Солтүстік Аралды құтқару



III БӨЛІМ. 5.МЕН АЙТҚАН БЕРЕКЕЛІ ЗАМАН АҚЫРЫ ОРНАДЫ!

Зейнетақы жүйесін жетілдіру



НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ

«2005 ЖЫЛДАН БАСТАП МЕНІҢ БАСТАМАМ БОЙЫНША, БАЗАЛЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІ ЕНГІЗІЛДІ. БҰЛ ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНА ЖЕТКЕН БАРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҮШІН ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫҢ БІРІНШІ, КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ДЕҢГЕЙІ БОЛДЫ. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙ – ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНАН АЛЫНАТЫН ТӨЛЕМДЕР, СОНДАЙ-АҚ 1998 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ҚЫЗМЕТ ӨТІЛІ БАР АДАМДАРҒА БЮДЖЕТТЕН БЕРІЛЕТІН ЗЕЙНЕТАҚЫЛАР. ҮШІНШІ ДЕҢГЕЙ – ЕРІКТІ ЖЕКЕ ЖӘНЕ КӘСІБИ ЗЕЙНЕТАҚЫ АУДАРЫМДАРЫ. ОНЖЫЛДЫҚ ОРТАСЫНДА НАҚТЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ДЕҢГЕЙІ ЖӨНІНЕН ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР АРАСЫНДА ЖЕТЕКШІ ОРЫНҒА ШЫҚТЫ»


III БӨЛІМ. 5.МЕН АЙТҚАН БЕРЕКЕЛІ ЗАМАН АҚЫРЫ ОРНАДЫ!

Әлеуметтік саясаттағы батыл бетбұрыс



ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ НЕГІЗІ ӘУ БАСТАН ҚАЛАНЫП, КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРЫ ЖЕТІЛДІРІЛІП, ТОЛЫҚТЫРЫЛҒАН БОЛАТЫН

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан кедейшілікпен күресуде, елдің барлық азаматтарын бірдей мүмкіндікпен қамтамасыз етуде ғаламат жетістіктерге қол жеткізді.

2000–2001 ЖЫЛДАРЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТА ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛДЫ

Енді ол мемлекеттік бюджет кірістерінің өсімі жағдайында жүргізілді. Оның басты элементтері зейнеткерлерге, ардагерлерге, көп балалы аналарға әлеуметтік қолдау көрсету, кедейшілікпен, жұмыссыздықпен күресу еді. 

2000 жыл Кедейшілікпен, жұмыссыздықпен күресу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың басы болды. Бұл жұмыссыздықты 9 процентке дейін азайтып, 400 мың жұмыс орнын ашуға бағытталған бағдарлама еді

Мемлекеттің, өңірлердің күш-жігері және экономикадағы оң динамика жұмыссыздықтың азаюына әсер етті. Оның ең төменгі деңгейі – 7 процент – Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында болды.

2001 ЖЫЛДЫҢ ШІЛДЕСІНДЕ ТАБЫСЫ КЕДЕЙШІЛІК ШЕГІНЕН ТӨМЕН ТҰЛҒАЛАР МЕН ОТБАСЫЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН БЕРІЛЕР АРНАЙЫ АҚШАЛАЙ ТӨЛЕМДЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН «МЕМЛЕКЕТТІК АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТУРАЛЫ» ЗАҢ КҮШІНЕ ЕНДІ.

2000-шы жылдардағы Жолдауларда тиімді әлеуметтік саясатқа үнемі баса назар аударылды, халықтың әлеуметтік көңіл күйі қашанда мемлекеттік саясаттың алдыңғы легінде қала береді. Білім беру, денсаулық сақтау және жалпы бюджеттік сала қызметкерлерін әлеуметтік қорғауға бөлінетін қаражат көлемі өсіп жатты.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ

«АНА МЕН БАЛАНЫ ҚОРҒАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ НАҚТЫ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ МЕН ҚАШАНДА АЙРЫҚША МАҢЫЗ БЕРУМЕН КЕЛЕМІН. 2003 ЖЫЛДАН БАЛА ТУУҒА БАЙЛАНЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕ БАСТАДЫ»


ТҰРҒЫН ҮЙ САЯСАТЫ – ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КЕЗ КЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ.

2004 жылы Үкімет Тұрғын үй құрылысының 2005–2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қабылдады. Енді тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны ағымдағы бағамға байланысты теңгемен есептегенде орташа есеппен 350 доллардан аспауы керек. Сатып алынатын тұрғын үй үшін төленер алғашқы жарна 50-ден 25 процентке төмендетілді, ал несиені қайтару мерзімі 15-тен 25 жылға ұзартылды. Осы бағдарлама бойынша 2007 жылы 4 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді.

Тұрғын үй мәселелерін шешудің 2000-шы жылдары кең тараған тағы бір тәсілі – өз баспанасының салыну жобасын жеке ақшасымен қаржыландырған азаматтардың (үлескерлердің) қатысуымен жүзеге асатын үлескерлік құрылыс еді (2007 жылы олар шамамен 30 мыңдай адам болатын). Тұрғын үйді салу инвестор несиесінің есебінен жүргізілді. Осы шартты орындау құрылыстың аяқталуына кепіл болады деп болжанды.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ 

«Әлеуметтік саясаттағы жаңа кезең 2005 жылы басталды. Әлеуметтік реформаларды жүргізуге кешенді тәсіл таңдап алынғаны хабарланды. Сол жылы Үкімет Әлеуметтік реформаларды әрі қарай тереңдетудің 2007 жылға дейінгі бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Әлеуметтік қамсыздандырудың тұрақты үш деңгейлі жүйесі жасала бастады»

БІРІНШІ, БАЗАЛЫҚ ДЕҢГЕЙ

мемлекет кепілдендірген әлеуметтік жәрдемақылар.

ЕКІНШІСІ 

жұмысшыларды міндетті әлеуметтік сақтандыру есебінен аударылатын әлеуметтік төлемдер.

ҮШІНШІ, ҚОСЫМША ДЕҢГЕЙ

жеке және кәсіби ерікті аударымдар есебінен өндірілетін әлеуметтік төлемдер.

2007 ЖЫЛҒЫ ЖОЛДАУДА ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ КЕҢІНЕН ҚАМТЫЛҒАН ТОЛЫҚ КӨРІНІСІ АШЫЛА ТҮСТІ:

бала тууға және оның бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне берілетін жәрдемақы мөлшерін көтеру


жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілікті және босануды сақтандыруды енгізу


базалық зейнетақы мөлшерін көбейту


базалық зейнетақы мөлшерін көбейту


еңбек демалысына шыққанда сауықтыру жәрдемақысын енгізу


зиянды еңбек жағдайында өтіл жинаған тұлғаларды әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандыру секілді мәселелерді шешуді


НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ

«ХХІ ҒАСЫРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ОНЖЫЛДЫҒЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІК ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ ДАМУЫН ТАРАЗЫЛАҒАН БҰҰ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІН МОЙЫНДАП, ОНЫ АДАМ ӘЛЕУЕТІНІҢ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ ЕЛДЕРІНІҢ ТОБЫНА ҚОСТЫ. БҰЛ – БІЗ ЖҮРГІЗІП ОТЫРҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ НАҚТЫ САПАСЫН БАЙҚАТАТЫН КӨРСЕТКІШ. АЛҒАШҚЫ ЕҢ АУЫР, 1990-ШЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ КҮНКӨРІС КЕЗЕҢІНЕН ЕСЕН-САУ ӨТІП, ЕС ЖИЫП АЛҒАН МЕМЛЕКЕТ КЕЙІН ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕРДІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ҚАҒИДАСЫНАН ДА АЙНЫҒАН ЖОҚ. ЕЛІМІЗ ЕКІ ЖАҺАНДЫҚ ДАҒДАРЫСТЫ БАСТАН ӨТКЕРДІ, СОНДА ДА БЮДЖЕТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ, ЗЕЙНЕТАҚЫ, ШӘКІРТАҚЫ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАР ТҰРАҚТЫ БЕРІЛІП ҚАНА ТҰРҒАН ЖОҚ, ҮНЕМІ ӨСІП ТЕ ОТЫРДЫ» 


©️ 14.07.2020 «ҚазАқпарат» ХАА