ҚИЯҒА КӨЗ ТІККЕН ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ

«ҚАЗАҚСТАН-2030» СТРАТЕГИЯСЫ

2 бөлім. 1.ҚИЯҒА КӨЗ ТІККЕН ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ

Саяси тұрақтылық арқылы ұзақ мерзімді стратегияға



1990-шы жылдардың ортасында жаңа мемлекеттіліктің берік іргетасы қаланды

нұрсұлтан назарбаев

«Президенттік республика құру жөнінде берік байламға келе отырып, мен тек осылай еткенде ғана ел басқару ісін жаңа деңгейге көтере алатынымызды түсіндім. Реформаны жүргізуде Президенттің жеке жауапкершілігі ұлғаюымен бірге, өкілеттік аясы да кеңейе түсері белгілі еді. Ендігі уақытта министрліктер мен ведомстволардың басшыларын Президенттің өзі тағайындайтын болғандықтан, Парламент бұл іске араласпайтын болды. Президенттің ұсынуымен және Парламенттің келісімімен тағайындалатын Премьер-Министрге «елімізді дағдарыстан алып шығушы бас менеджер» өкілеттігі берілді. Мен халықтың қолдауымен, нарықтық реформаларды аяқтау және өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу, жас мемлекеттің іргесін нығайту, мемлекеттік құрылыстың алдағы стратегиясын әзірлеу үшін қажетті саяси мандат алдым».  

Онжылдықтың екінші жартысында саяси тұрақтылықты 1995 жылдың негізгі оқиғасы аталған екі референдум қамтамасыз етті. Сол жылдың сәуір айында қазақстандықтар Президент өкілеттілігі мерзімін ұзартуды бірау ыздан (95,46 проценті) қолдайтындарын ашық білдірді. Ал тамызда дәл осындай басым дауыспен санымен (90 процент) жаңа Конституция жобасы жоғары қолдауға ие болды.

2 БӨЛІМ. 1.ҚИЯҒА КӨЗ ТІККЕН ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ

Стратегиялық жоспарлауға көшу



1997 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы» бірінші Жолдау Алматыда 1996 жылдың қазан айында жасалды

Н.Назарбаев сөзін елдің саяси өмірінің негізгі тенденцияларын және ұлттық экономикадағы ахуалды талдаудан бастады. 

Жас республиканың халықаралық жағдайда өзіне-өзі сенімді болатын реті бар. Өйткені біз қысқа мерзім ішінде орасан зор тарихи маңызы бар іс атқардық – еліміздің ұлан-ғайыр шекара белдеуінде қауіпсіздік орнап, көрші елдермен арадағы татулықты, бейбітшілік пен ынтымақты ту еткен халықаралық-құқықтық іргетасы берік саясат салтанат құрды. 

Мемлекеттік құрылыстағы басты жетістік – Конституция мен айқын да анық мемлекеттік билік жүйесі.

нұрсұлтан назарбаев

«Экономикалық жағдайдың шынайы ахуалын сараптап, реформалар барысында жіберілген жекелеген ағаттықтарды мойындай отырып, мен сол уақытта ұлттық экономиканы сауықтырудың маңызды мәселелерін атап көрсеттім. Елде инфляцияны ауыздықтауға, алтын-валюта қорын құруға, оң сауда теңгеріміне, қаржы тапшылығын төмендетуге, нақты секторда жалақыны көтеруге қол жеткізілді. Әзірге айтарлықтай ауқымды болмаса да, өндірістің ұлғаюы, халықтың банктік салымдарының өсуі байқалды, тұтыну нарығы тауарлармен толтырылды»

Өзінің алғашқы Жолдауында Елбасы Қазақстанның сыртқы саясатының сипаты өзгермейтіндігін, бастапқы кезеңде сондай қажетті позитивті нәтиже берген өмірге икемділік, салмақтылық, теңгерімділік пен көпвекторлылық өзгермейтінін атап өтеді.

2 БӨЛІМ. 1.ҚИЯҒА КӨЗ ТІККЕН ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ

Стратегиялық жоспарлаудың маңызы: 1997 жылғы Жолдау және «Қазақстан-2030» стратегиясы



тәуелсіз Қазақстанды заманауи, тұрақты, өркениетті мемлекет ретінде құрудың ұзақ мерзімді экономикалық және саяси стратегиясын әзірлеу жөніндегі шешім 1995 жылдың соңында қабылданды

1996 жылдың сәуір айында Нұрсұлтан назарбаев құрамына ғалымдар, мемлекеттік органдардың басшылары, сарапшылар кірген Жоғары экономикалық кеңес құрды

Олардың алдына Қазақстан экономикасының жай-күйін бағалау және оны қайта құру жолдарын ұсыну міндеттері қойылды.

Кеңес мүшелері 1996–1997 жылдары шетелдік жұмыс сапарлары кезінде стратегиялық жоспарлау мен құрылымдық реформаның халықаралық озық тәжірибелерін зерттеді. Қазақстандық сарапшылар өзім ынтымақтастыққа тартқан шетелдік әріптестерімен тығыз байланыста еңбек етті.

1997 жылдың наурыз айында арнайы құрылған Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттік жұмысқа кірісті.

Қажетті ақпарат жинақталғаннан кейін ұзақ мерзімді стратегия құруға арналған методологиялық база жасау қажет болды

Халықаралық тәжірибені зерделеу керек болды

Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының қолдауы арқасында Гарвард университетімен байланыс орнатып, стратегия лық жоспарлау бойынша семинар өткізудің мүмкіндігі туды.

1997 жылдың сәуірінде Президент Н.Назарбаев қазақстандық мамандар тобын Гарвард университетіне жоғары лауазымды қызметкерлерге арналған семинарға аттандырады. Осы семинар материалдары және әлемдік деңгейдегі жекелеген сарапшылардың көмегіне сүйеніп, болашақ стратегияның әдістемелік негізі қаланды.

1990-жылдың екінші жартысында, ел енді ғана ұзаққа созылған дағдарыстан шыға бастаған шақта, тұрақты экономикалық даму белгілері де, ұзақ мерзімге жоспарлаудың нақты негіздері де әлі байқалмаған болатын. Мемлекет кірістері мардымсыз болатын: Қазақстан мұнайы ның жыл сайынғы экспорты небәрі 3,5 миллион тоннаны құрады, 1996–1997 жылдары мұнайдың бір баррелі 19–20 доллар еді, 1998 жылы тіпті 12 долларға дейін түсті.

1997 жылдың маусым айында, енді ғана астана болуға дайындалып жатқан Ақмола қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессия сында сөйлеген сөзінде ел дамуының алдағы жиырма-отыз жылға арналған бағдарламасын құруға тапсырма бергенін алғаш рет ресми түрде жариялайды және жуық арада осы бағдарламаны Қазақстан халқы назарына ұсынуға уәде береді.

Қоғам стратегияны үлкен үмітпен күтті. 1997 жылдың 10 қазанында Елбасы «Қазақстан-2030: барша қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты бағдарламалық Жолдауын жасады.

Ол уақытта бүкіл әлем экономикалық даму жолында үлкен секіріс жасаған «азиялық жолбарыстар» – Оңтүстік Корея, Тайвань, Сингапур, Малайзияның табыстарына қайран қалып жатқан еді. Мен бейнелік қуаты солардан кем түспейтін теңеу тауып, елімізді қазақы ұғымға сәйкес, аспантаулардың қарлы шыңдарын мекендейтін текті, есті, қуатты, әбжіл, киелі тау барысына баладым.

 

«Қазақстан-2030» стратегиясының басты мақсаты – халқының әл-ауқаты жақсы, ынтымағы мықты, саяси тұрақтылығы мығым тәуелсіз мемлекет құру болатын

Стратегия қабылданған жылы азиялық қаржы дағдарысының күрмеуі де шешілді. Бұл жағдай – ұзақ мерзімге жоспарланған стратегияның құндылығын арттыра түсті. Міне, осылайша жаңа стратегия қоғамға, бизнеске дем берді, сондай-ақ әлемдік нарық сәт сайын құбылып тұрған кезде мемлекеттік сектордың өз бағыт-бағдарын айқындауына жәрдемдесіп, дағдарысқа қарсы тиімді құралға айналды.

2030 стратегиясында ұзақ мерзімге жоспарланған жеті негізгі бағыт бөліп көрсетілді. Олар: ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның тұтастығы; қазіргі нарықтық қағидаларға сәйкес шетел инвестицияларының жоғары қарқыны және ішкі қорлардың көмегімен экономиканы одан әрі көтеру; денсаулық, білім беру мен қазақстандықтардың әл-ауқаты; инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс; кәсіби мемлекетті нығайту.

Зейнетақы, жәрдемақы мен бюджеттік қызметкерлердің жалақысын уақытылы төлеу; шағын және орта бизнес, шаруа қожалықтары мен фермерлік қожалықтар үшін үстемақы мөлшерлемесін төмендете отырып, 100 миллион долларға несиелендіру; мектептерді, соның ішінде алдымен ауыл мектептерін, компьютерлендіру сияқты мәселелер алдағы 1998 жылдағы ел мен қоғамның таяудағы міндеттері болып белгіленді.

 

2 БӨЛІМ. 1.ҚИЯҒА КӨЗ ТІККЕН ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ

Жаңа ғасыр табалдырығында: 1998 және 1999 жылғы Жолдаулар



1998 жылдың 29 қыркүйегінде «Елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары: қоғамды демократияландыру, жаңа ғасырдағы экономикалық және саяси реформа туралы» Жолдауымды халыққа жария еттім. Бұл еліміздің жаңа орталығы – Астанада жарияланған алғашқы Жолдау еді

1998 жылғы Жолдауда жарияланған бағдарламаға «Қазақстан-2030» стратегиясының басым бағыттарын ескере отырып, экономиканы дамыту үшін алғышарттар жасау және ынталандыру сияқты стратегиялық міндеттермен қатар, тактикалық міндеттер де кірді.

Қазақстандықтар үшін өмірлік маңызы бар салаларды апатты жағдайға ұрындырмау үшін алдын алу шараларын жасау керек болды

Алдағы уақытта зейнетақы мен жалақы бойынша берешектерді жою, жұмыспен қамту мәселесін шешу мақсатында халықты ауқымды қоғамдық жұмыстарға тарту, қысқы уақытта жылу мен электр энергиясын берудегі іркілістерді жою, ауыл тұрғындарынан әділ бағамен кемінде бір миллион тонна астық сатып алу мәселелері тұрды

нұрсұлтан назарбаев

«Ғаламды тітіреткен бұл алапат қауіп-қатерге тек жария түрде, бірлесіп қана қарсы тұруға болатын еді. Менің осы сөздерім қазақстандықтарға үлкен жауапкершілік жүктеп, Қазақстан барысы бойына қуат жиып, рухына күш қосып, XXI ғасырға қарымды секіріс жасай алатынына кәміл сенсе екен дедім»

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ халқының мыңжылдық тарихының негізгі кезеңдерін еске ала отырып, қазақтың өз мемлекеті болғанда, халқымыз ХХ ғасырда дәл осындай қайғы-қасіреттерді бастан кешпейтініне сенімді екенін ашық айтады. Егер бүкіл халық ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылып, егемендігіне құрыштай қорған болса, енді Қазақстанды ешқандай тарихи дауыл шайқай алмайды.

©️ 07.07.2020 «ҚазАқпарат» ХАА