МЕМЛЕКЕТТІ НЫҒАЙТАТЫН РЕФОРМАЛАР

САЯСИ ПРОЦЕСТЕР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ

3 бөлім. 3.МЕМЛЕКЕТТІ НЫҒАЙТАТЫН РЕФОРМАЛАР

Халық аманаты: «Тұңғыш Президент туралы» Конституциялық заң



Парламент өз құқығын пайдалана отырып 2000 жылдың 20 шілдесінде «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңды қабылдады. Заң «жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы, Қазақстан халқының көшбасшысы, оның бірлігін, Конституцияны, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен Елбасы ретінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саяси және құқықтық жағдайын анықтайды.


Тұңғыш Президентке, оның бірегей тарихи миссиясына орай, Қазақстан халқына және мемлекеттік органдарға міндетті түрде қарастырылуға тиіс бастамалар жолдауға, Парламент алдында, Үкімет отырыстарында сөз сөйлеуге, Қазақстан халықтары Ассамблеясын басқаруға, Конституциялық кеңес пен Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына енуге өмірлік құқық берілген. Қалыптасқан әлемдік тәжірибеге сәйкес, заң Тұңғыш Президенттің қорын, кітапханасын және архивін құруды белгілейді.

3 БӨЛІМ. 3.МЕМЛЕКЕТТІ НЫҒАЙТАТЫН РЕФОРМАЛАР

2004 жылғы Парламент сайлауы: саяси сана сыналған сәт



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ҮШІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ САЙЛАУЫ 2004 ЖЫЛДЫҢ 19 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ ЖӘНЕ 3 ҚАЗАНЫНДА ДАУЫС БЕРУДІҢ АРАЛАС ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ӨТТІ 

Электоралды процесс елдегі саяси жүйенің либералдануы аясында жүрді. Бұл, әсіресе 2002 жылдың шілдесінде «Саяси партиялар туралы» жаңа заң қабылданғаннан кейін және «Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы» Конституциялық заңға енгізілген өзгерістерден соң (2004 жылдың сәуірі) партиялардың көптеп құрыла бастауынан байқалды. Бұдан бөлек Парламент сайлауының тұңғыш рет қолайлы экономикалық конъюнктура жағдайында және елдің ІЖӨ тұрақты өсімі кезінде өткенін атап көрсеткен жөн.

Мұның бәрі партиялық-саяси ландшафтың сапалық тұрғыдан өзгеруіне ықпал етті, түрлі саяси күштердің пайда болуы да сондықтан еді.

3 БӨЛІМ. 3.МЕМЛЕКЕТТІ НЫҒАЙТАТЫН РЕФОРМАЛАР

2005 жылғы Президент сайлауы



Мемлекеттік институттарды және саяси тұрақтылықты нығайту бағытындағы аса маңызды кезеңнің бірі – 2005 жылғы Президент сайлауы болды. Бұл науқанның айрықша ерекшелігі – саяси партиялардың сайлаудың дайындық кезеңіне де, оның өткізілуіне де белсенді түрде қатысуы болды.

«Отан» партиясымен қатар, тағы жеті саяси партия мен қоғамдық бірлестік өздерінің үміткері ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ұсынды. Орталық сайлау комиссиясының тіркеуінен ресми түрде төрт үміткер өтті. Іс басындағы Президентке 6,1 миллион адам (91,2 процент) дауыс берді. 

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ

«САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН МЕН ХАЛЫҚ СЕНІМІНІҢ КӨРІНІСІ ДЕП ҚАРАСТЫРАМЫН – БҰЛ САЙЛАУДА ӨЗ ТАҢДАУЛЫСЫНА ӘРІ ҚАРАЙ ДА ҚЫЗМЕТ ЕТЕ БЕРУІ ҮШІН СЕНІМ МАНДАТЫН ТАПСЫРҒАН БІРТҰТАС ҰЙЫМШЫЛ ХАЛЫҚ ЖЕҢІП ШЫҚТЫ ДЕП ОЙЛАЙМЫН. БҰЛ САЙЛАУ ОППОЗИЦИЯНЫҢ РЕСМИ БИЛІКПЕН ҰЗАҚ ТӘЖІКЕГЕ ҰЛАСҚАН ПІКІРТАЛАСЫНА НҮКТЕ ҚОЙҒАНДАЙ БОЛДЫ»


3 БӨЛІМ. 3.МЕМЛЕКЕТТІ НЫҒАЙТАТЫН РЕФОРМАЛАР

Саяси диалог: ашық әңгіме



Бастапқыда қиынға соққан, бірақ соңы нақты нәтижеге ұласқан 2002– 2006 жылдардағы саяси диалогтың арқасында саяси реформа жөніндегі елімізге қажетті негізгі қоғамдық мәмілеге қол жетті.

3 БӨЛІМ. 3.МЕМЛЕКЕТТІ НЫҒАЙТАТЫН РЕФОРМАЛАР

2007 жылғы Конституциялық реформа. Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі



Билік өкілеттіктерін қайта бөлу және Парламенттің рөлін көтеру бағытында батыл қадамдар жасалынды.


Мәжілістің жеке өзі Үкіметке де, әр министрге де сенімсіздік білдіре алатын болды және бұл рәсім оңайлатылды


Парламент Конституциялық кеңестің, Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) және Есеп палатасының үштен екі бөлігін жасақтау құқығын иеленді. 


Премьер-Министрді төменгі палата депутаттарының басым көпшілігінің келісімін ала отырып, Президент тағайындайтын болды.


Мәжіліс депутаттарын сайлаудан өткен партиялардың өкілдерінен пропорционалды жүйе бойынша сайлау ұсынылды.


Жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуына мүмкіндік туды, мәслихаттар бұл саланың негізіне айналды.


Сот жүйесінің жұмысы жетілдіріле бастады, сот лауазымына үміткерлерді іріктеу міндеті Жоғары Сот Кеңесінің қарауына берілді. 


Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін бұл органға конституциялық мәртебе беріп, Сенат пен Мәжілісте оның өкілеттігін қамтамасыз ету арқылы нығайта түсу шаралары қарастырылды.  


Азаматтық қоғамды әрі қарай дамытуға бағытталған тағы да басқа нақты іс-әрекеттер назарға алынды.


3 БӨЛІМ. 3.МЕМЛЕКЕТТІ НЫҒАЙТАТЫН РЕФОРМАЛАР

2007 жылғы Парламент сайлауы: «Нұр Отан» партиясының айқын жеңісі




2007 ЖЫЛДЫҢ ОН СЕГІЗІНШІ ТАМЫЗЫНДА МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ АЛҒАШ РЕТ ПРОПОРЦИОНАЛДЫ САЙЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ШАРТЫМЕН – ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМ БОЙЫНША ЖҮЗЕГЕ АСТЫ. ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫ ЖЕКЕЛЕГЕН ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ЕМЕС, ПАРТИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРҒА ДАУЫС БЕРДІ. 2007 ЖЫЛДЫҢ 20 ТАМЫЗЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНАН МӘЖІЛІСКЕ САЙЛАУ ӨТКІЗІЛДІ. ТӨРТІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ПАРЛАМЕНТТІҢ ТӨМЕНГІ ПАЛАТАСЫНА БАРЛЫҒЫ 107 ДЕПУТАТ САЙЛАНДЫ, ОНЫҢ 98-І – ПРОПОРЦИОНАЛДЫ ӨКІЛЕТТІК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМ НЕГІЗІНДЕ, АЛ 9-Ы – ҚХА-ДАН ЕДІ. ПАРЛАМЕНТ САЙЛАУЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАЙТЫН ТҮПКІ НӘТИЖЕ БОЛДЫ. 


3 БӨЛІМ. 3.МЕМЛЕКЕТТІ НЫҒАЙТАТЫН РЕФОРМАЛАР

Жаңа кезеңдегі саяси партиялар



ПАРЛАМЕНТТІҢ 2002 ЖЫЛДЫҢ ШІЛДЕСІНДЕ «САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ» ЖАҢА ЗАҢ ҚАБЫЛДАУЫ ЕЛІМІЗДІҢ ПАРТИЯЛЫҚ-САЯСИ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ МЕЖЕ БОЛДЫ.

Бұрынғы, 1996 жылғы заң саяси партияларға айрықша құқық бермеген болатын, сондықтан да олардың қоғамдық бірлестіктер арасындағы рөлі аса мардымды емес еді. Ал жаңа заң саяси бірлестіктерге лайықты мәртебе алып берді.

3 БӨЛІМ. 3.МЕМЛЕКЕТТІ НЫҒАЙТАТЫН РЕФОРМАЛАР

2011 жылғы Президент сайлауы



2010 жылы бүкіл елде Назарбаевты өмір бойы Президент ету туралы референдум өткізуді қолдаған ұсыныстар көп болды. Алайда Тұңғыш Президент Н.Назарбаев Парламенттің бұл ұсынысын қабылдамады.

3 БӨЛІМ. 3.МЕМЛЕКЕТТІ НЫҒАЙТАТЫН РЕФОРМАЛАР

2012 жылғы Парламент сайлауы



2012 жылы Парламент Мәжілісінің ғана емес, мәслихат депутаттарын да сайлау мерзімі таяп қалған болатын. Осыған орай, Парламент мүшелері биліктің заң шығарушы тармағының барлық деңгейіндегі сайлауларды біріктіре қатар өткізіп жіберуді жөн деп табады.

Бұл шешім әлемдік дағдарыс жағдайында сайлау циклын ұзақ кезеңге созып жіберместен, мұндай ауқымды шараларды ұйымдастыруға, өткізуге жұмсалатын бюджет қаражатын едәуір үнемдеуге мүмкіндік берер еді. Мәжіліс сайлауы 2012 жылдың 15 қаңтарында болды, оған сайлаушылардың 75 пайызыдан астамы қатысты. Келесі күні, 2012 жылдың 16 қаңтарында, Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депутат сайланды.  

3 БӨЛІМ. 3.МЕМЛЕКЕТТІ НЫҒАЙТАТЫН РЕФОРМАЛАР

Мемлекеттік басқару: қызметтік міндеттер аясын нақтылау



2003 ЖЫЛДЫҢ АҚПАНЫНДА ҮКІМЕТ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ДЕҢГЕЙЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ӨКІЛЕТТІКТЕРДІ БӨЛУ ЖӘНЕ БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН БЕКІТТІ

Мемлекеттік функциялардың оңтайлы тізімі әзірленді, содан соң ол функциялар орталық пен өңірлерге бөліп берілді. Содан бергі жылдарда қаражатты орталық пен өңірлерге үлестірудің жаңа үлгісі қалыптасты.

3 БӨЛІМ. 3.МЕМЛЕКЕТТІ НЫҒАЙТАТЫН РЕФОРМАЛАР

Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру



2000 ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫЛАРДАН ЖОҒАРЫ БАҒА АЛҒАН ҮЛГІСІ ҚАЛЫПТАСТЫ

Алайда уақыт өте келе, комиссиялардың жеткілікті дәрежеде әділдік танытпауы, конкурстар нәтижесінің алдын ала белгілі болуы, тағайындаудың заңды тәртібінің кадрлық резервінен «айналып өту», «команда боп көшіп жүру» әдеті секілді бірқатар мәселелер анықтала бастады.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ

«МЕН МҰНДАЙ КЕМШІЛІКТЕРГЕ ПРИНЦИПТІ ТҮРДЕ ТӨЗБЕЙТІНІМДІ БІЛДІРІП, МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЖҮЙЕСІН ЖАҢАРТУҒА ШЫНДАП КІРІСТІМ. 2011 ЖЫЛДЫҢ ШІЛДЕСІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАҢА ҮЛГІСІНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ БЕКІТІЛДІ, ОЛ «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ» ҰҒЫМЫНЫҢ ӨЗІН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫП, «ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ» СИНОНИМІНЕ АЙНАЛДЫРУДЫ ҰСЫНДЫ»


3 БӨЛІМ. 3.МЕМЛЕКЕТТІ НЫҒАЙТАТЫН РЕФОРМАЛАР

Сот жүйесін реформалау. Соттардың тәуелсіздігін нығайту



2000 ЖЫЛДАРЫ ЕЛІМІЗДЕГІ СОТ ЖҮЙЕСІНДЕ ЕДӘУІР ӨЗГЕРІСТЕР БОЛДЫ

Бұл саланы мемлекеттің басым міндеттеріне және қоғам қажеттіліктеріне сәйкестендірді. Соттардың мәртебесінің артуы, оларды мамандандыру, сот жүйесін атқарушы органдардың ықпалынан алып шығу мәселелері жаңару процесінің басты бағыттарына айналды.

3 БӨЛІМ. 3.МЕМЛЕКЕТТІ НЫҒАЙТАТЫН РЕФОРМАЛАР

Әскери шыңдалу. Қарулы күштерді кәсібилендіру



2000 ЖЫЛДЫҢ АҚПАНЫНДА ЖАҢА КЕЗЕҢДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ПЕН ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ МІНДЕТІН АЙҚЫНДАЙ ТҮСЕТІН ЖАҢА ӘСКЕРИ ДОКТРИНА БЕКІТІЛДІ

Сол жылдың шілде айында Әскери реформа тұжырымдамасы мен Әскери құрылымның мемлекеттік бағдарламасы (2005 жылға дейін) қабылданды. Әскери реформа – еліміздегі барлық салада: саяси, экономикалық, әлеуметтік салаларда болып жатқан кешенді өзгеріс тердің ажырамас бөлігі саналады.

©️ 13.07.2020 «ҚазАқпарат» ХАА