ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН КӨШБАСШЫЛЫҚ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІТІМГЕРЛІК МИССИЯСЫ

III БӨЛІМ. 9.ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН КӨШБАСШЫЛЫҚ

Мемлекеттік шекара: шешімін тапқан аса күрделі мәселе



АЛҒАШЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАНЫ ДЕЛИМИТАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСЫН 2007–2008 ЖЫЛДАР ШАМАСЫНДА ТӘМАМДАУДЫ ЖОСПАРЛАҒАН ЕДІ

Дегенмен біздің жанкешті ерік-жігеріміздің арқасында көп жылға созылған осы ауқымды жұмыс 2005 жылға қарай аяқталды

Қазақстан – Орталық Азия өңірінде делимитациялау мен демаркациялау мәселесін толық шешкен жалғыз мемлекет 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2000-ЖЫЛДАРЫ БЕКІТІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ – ТОЛЫҚТАЙ ЗАҢДЫ ШЕКАРА

Осылайша Қазақстан өзінің мемлекеттік шекарасының бүкіл периметрін заң негізінде рәсімдеуді аяқтады. Тарихта тұңғыш рет біздің мемлекеттік шекарамыз халықаралық-құқықтық тұрғыдан рәсімделді және өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің іс-жүзіндегі нақты құралы бола алды.

Осы кезден бастап дербес Қазақстан заңды түрде рәсімделген 14 мың шақырымдық құрлықтық мемлекеттік шекараға ие болды. Оның 7591 шақырымы – Ресеймен, 2351 шақырымға жуығы – Өзбекстанмен, 1783 шақырымы – Қытаймен, 1242 шақырымы – Қырғызстанмен, 426 шақырымы Түрікменстанмен түйісіп жатыр.

Қазақстан – Қырғыз және Қазақстан – Түрікменстан шекараларын делимитациялауда біз бұрын Қырғыз ССР-імен және Түрікмен ССР-імен келісілген әкімшілік-аумақтық бөліну сызығын негіз етіп алдық. 2001 жылдың 5 шілде және 15 желтоқсан күндері Астанада тиісінше, Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан Республикасы арасында «Қазақстан – Түрікменстан мемлекеттік шекарасы туралы» шартқа, Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасында «Қазақстан – Қырғыз мемлекеттік шекарасы туралы» шартқа қол қойылды. 

Қазақстан – Өзбекстан шекарасын делимитациялау процесі 2000–2002 жылдар аралығында жүргізілді. 2001 жылдың 16 қарашасында Астанада Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында «Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасы туралы» шарт бекітілді. Ол шекара сызығының 96 процентін анықтады. Кейін даулы мәселелерді мұқият реттеген соң, 2002 жылдың 9 қыркүйегінде «Мемлекетаралық шекараның жекелеген бөліктері туралы» шартқа қол қойылды.

Қазақстанның ең ұзақ шекарасы – Ресеймен 7591 шақырымдық шекара. Бұл – әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара. Қазақстан – Ресей келіссөздерінің алғашқы кезеңі 1999 жылдың тамыз айында басталды. Қазақ ССР-і мен РСФСР арасындағы әкімшілік шекара, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан шекараларымен салыстырғанда, бұлдырлау рәсімделгені бірден белгілі болды.  

Мұндай әдеттен тыс жағдайда Ресейдің жаңа басшылығымен арамыздағы сенімнің жоғары деңгейі айрықша рөл атқарды. 2000 жылдың маусым айындағы алғашқы біріккен декларацияда мемлекет басшылары екіжақты делимитациялау процесінің қарқынын арттыру қажеттігін айтты. Мемлекет үшін шекараның маңыздылығын ескере отырып, біз жағдайды ушықтырмай шешу үшін табандылық таныттық. Қазақстан мен Ресей арасындағы келіссөздер 2004 жылдың соңына дейін жалғасты. Шекара сызығын сызу үшін елуден астам келіссөздер кезеңін өткізуге тура келді.

III БӨЛІМ. 9.ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН КӨШБАСШЫЛЫҚ

Каспий– құқықтық мәртебесін анықтау қадамдары



Каспийде көмірсутегі шикізатының аса бай қоры бар. 1990 жылдары Қазақстан мен Ресей арасында жүргізілген келіссөздер ең әуелі Каспийдің солтүстік-шығысындағы Теңіз бен Қашаған кен орындарына қатысты еді. Келіссөздер нәтижесінде Каспий маңының мұнайлы-газды аймағының негізгі, яғни шамамен үштен екі бөлігі біздің елімізге тиесілі болды.

2001 жылдың 29 қарашасында Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасында Каспий теңізі түбін бөлу туралы келісімге қол қойылды (2003 жылдың шілдесінде күшіне енді). Сондай-ақ 2003 жылдың 14 мамырында Қазақстан, Әзербайжан, Ресей арасында Каспий теңізінің түбіндегі шектесетін бөліктер туралы келісім жасалады (2004 жылдың 7 қаңтарында күшіне енді). 

2003 жылдың 4 қарашасында Тегеранда (Иран) Каспий маңындағы бес елдің өкілдері Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау және биологиялық ресурстарын пайдалану жөніндегі негіздемелік конвенцияға қол қойды. Құжат 2006 жылдың тамыз айында заңды күшіне енді.  

III БӨЛІМ. 9.ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН КӨШБАСШЫЛЫҚ

Бітімгерлік миссия: Қазақстанның БҰҰ-дағы рөлі



БҰҰ-МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ – БІЗДІҢ ЕЛІМІЗДІҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАРДЫҢ БІРІ. БҰҰ-ҒА МҮШЕ БОЛҒАН 168-ШІ МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ҰЙЫМНЫҢ ЖҰМЫСЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСАДЫ.

2000-ШЫ ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚСТАН БҰҰ-НЫҢ НЕГІЗГІ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ БӘРІНЕ БЕЛСЕНЕ АРАЛАСТЫ. МЫҢЖЫЛДЫҚТЫҢ ДАМУ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ МЕН МАҚСАТЫ ҚАБЫЛДАНҒАН «МЫҢЖЫЛДЫҚ САММИТІНЕ» ДЕ (2000 ЖЫЛ) ҚАТЫСТЫ. 2005 ЖЫЛҒЫ САММИТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША БҰҰ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ БЕКІТІЛДІ. ҚАЗАҚСТАН ОДАН БАСҚА ДА ІРІ КОНФЕРЕНЦИЯЛАРДЫҢ ОРТАСЫНАН ТАБЫЛДЫ.

2002 жылдың қазан айында БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннанның Қазақстанға ресми сапармен келуі ынтымақтастықтың дамуындағы маңызды қадам болды. БҰҰ басшысының Астанаға миссиясы Қазақстан мен БҰҰ арасындағы онжылдық ынтымақтастық нәтижесін нығайта түсті, сонымен бірге оның әрі қарай дамуындағы жаңа перспективаларды айқындады. БҰҰ мүшесі ретінде Қазақстан терроризммен күресте өзіне бірқатар міндет алды және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің контртерроризм комитетімен тығыз қарым-қатынасты жолға қойды. 2007 жылдың қыркүйегінде БҰҰ-ның жаңа Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесу өтті.

2003 ЖЫЛДЫҢ МАМЫР АЙЫНДА БҰҰ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІ ИРАК ХАЛҚЫНА ЕЛДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ КӨМЕК БЕРУ ТУРАЛЫ ҚАРАР ҚАБЫЛДАДЫ

Қазақстанның бітімгершілік миссиясы 2003 жылдың тамызында басталды


Қазақстандық офицерлер мен солдаттар бес жыл бойы Ирак аумағын минадан тазартумен, жергілікті курсанттарды саперлік жұмысқа үйретумен айналысты, тұрғындарға медициналық жәрдем көрсетті

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПРИНЦИПТІ ҰСТАНЫМЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖӘНЕ ШЫНАЙЫ ҚАДАМДАРЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЯДРОЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДА ҒАЛАМДЫҚ БІТІМГЕРГЕ АЙНАЛҒАНЫН НЫҚТАЙ ТҮСТІ

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ

«ҒАЛАМДЫҚ ЯДРОЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ҮШІН ӨТЕ МАҢЫЗДЫ. ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУЛАНУ ЖАРЫСЫ ҚАЗАҚСТАНҒА ӨТЕ КҮШТІ «КҮЙІК» 298 ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ ІЗІН ҚАЛДЫРДЫ. СОНДЫҚТАН 2009 ЖЫЛДЫҢ 2 ЖЕЛТОҚСАНЫНДА БІЗДІҢ ЕЛДІҢ БАС ТАМАСЫМЕН БҰҰ БАС АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ ЖАБЫЛҒАН КҮНДІ – 29 ТАМЫЗДЫ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚТАРҒА ҚАРСЫЛЫҚ КҮНІ ЕТІП БЕЛГІЛЕУ ТУРАЛЫ ҚАРАР ҚАБЫЛДАУЫ ӘБДЕН ЗАҢДЫ»

2007 ЖЫЛДЫҢ ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ БҰҰ БАС АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 62-СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСЫП, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰСТАНЫМЫН АНЫҚ АЙТЫП, ЖАЛПЫ ЖАРЫССӨЗДЕРДЕ СӨЗ СӨЙЛЕДІ

III БӨЛІМ. 9.ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН КӨШБАСШЫЛЫҚ

АӨСШК: шындыққа айналған батыл жоба



ОСЫ ЖОБА АРҚЫЛЫ 1990-ШЫ ЖЫЛДАРДЫҢ БАСЫНДА ТӘУЕЛСІЗ ЖАС ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ ӘЛЕМГЕ ҚАДАМ ЖАСАДЫ

АӨСШК ҚҰРУ БАСТАМАСЫН ӘУЕЛДЕН-АҚ РЕСЕЙ, ҚЫТАЙ, АҚШ, ГЕРМАНИЯ, ЖАПОНИЯ, ИРАН, ТҮРКИЯ, АВСТРАЛИЯ ҚОЛДАДЫ

III БӨЛІМ. 9.ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН КӨШБАСШЫЛЫҚ

ШЫҰ-ның халықаралық ұйым ретінде қалыптасуы



ЖАҢА ҒАСЫРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ОН ЖЫЛДЫҒЫ «ШАНХАЙ БЕСТІГІ» ҮШІН ЖАҢА САПАЛЫҚ ДЕҢГЕЙГЕ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМ ДЕҢГЕЙІНЕ ӨТУ УАҚЫТЫ БОЛДЫ

Осы процеске Қазақстан белсене атсалысты

2001 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНДА «ШАНХАЙ БЕСТІГІНЕ» ҚАТЫСУҒА ӨЗБЕКСТАН НИЕТ БІЛДІРДІ

Өзбекстанды қабылдау шешімі маусым айында Қытайдың Шанхай қаласында өткен саммитте қабылданды. 

Бұл халықаралық ұйымды жасақтаудың соңғы нүктесі саналды. 

2001 ЖЫЛДЫҢ 15 МАУСЫМЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ, ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ, ТӘЖІКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАСШЫЛАРЫ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ ҚҰРЫЛҒАНЫН ЖАРИЯЛАДЫ 

III БӨЛІМ. 9.ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН КӨШБАСШЫЛЫҚ

Экономикалық ықпалдастықтың логикасы: ЕурАзЭО – КО – БЭК



2007 жылдың 6 қазанында ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ Н.НАЗАРБАЕВ президенттер В.В. Путин және А.Г. Лукашенкомен бірлесе отырып, құрамында тығыз ынтымақтастыққа дайын үш мемлекет – Қазақстан, Ресей, Беларусь бар – Кеден одағын құру туралы келісімге қол қойды.

ҚАЗАҚСТАН, РЕСЕЙ ЖӘНЕ БЕЛАРУСЬТІҢ КЕДЕНДІК ОДАҒЫ РЕСМИ ЖҰМЫСЫН 2010 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАРЫНАН БАСТАДЫ. КЕЛЕСІ КЕЗЕҢДЕ КЕДЕНДІК «ҮШТІК» МЕМЛЕКЕТТЕРІ БІРТҰТАС ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢІСТІК ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА КӨШТІ

III БӨЛІМ. 9.ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН КӨШБАСШЫЛЫҚ

ҰҚШҰ-дағы Қазақстан. НАТО-мен әріптестік



2000 ЖЫЛҒЫ ШІЛДЕ-ҚАЗАН АЙЛАРЫНДА,

ҚЫРҒЫЗСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАННЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ ҚАЗАҚСТАНМЕН ЖӘНЕ РЕСЕЙМЕН БІРЛЕСЕ ОТЫРЫП, ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕГІ БАТКЕН ОБЛЫСЫ МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ БАСҚА ДА АУДАНДАРЫНДА БАС КӨТЕРГЕН, ҚАРУЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛАҢКЕСТЕР ТОБЫ ТӨНДІРГЕН ҚАТЕРДІ ЖОЙҒАН БОЛАТЫН.

2000 ЖЫЛДЫҢ 11 ҚАРАШАСЫНДА

БІШКЕКТЕ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ СЕССИЯСЫ ӨТТІ. ҰҚК МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫ ЖЫЛДАМ ӨРІСТЕТУ ҰЖЫМДЫҚ КҮШТЕРІН ҚҰРУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.

2006 ЖЫЛЫ

НАТО МЕН ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛІК ҚАУІПСІЗДІКТІ НЫҒАЙТУДЫ, ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСТЕ ЫНТЫМАҚТАСА ЖҰМЫС ІСТЕУДІ, СОНДАЙ-АҚ ШҰҒЫЛ АЗАМАТТЫҚ ЖОСПАРЛАУДЫ НЕГІЗ ЕТКЕН СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІНЕ ӨТТІ

2006 жылдан бастап Қазақстан Қарулы күштері (Қазбат) пен НАТО күштерінің бірлескен «Дала қыраны» бітімгершілік жаттығулары өткізіліп келеді.

III БӨЛІМ. 9.ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН КӨШБАСШЫЛЫҚ

Түркі әлемі мемлекеттерінің бауырластық ынтымақтастығы



ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ТҮРКИЯ, ӘЗЕРБАЙЖАН, ӨЗБЕКСТАН, ТҮРІКМЕНСТАН, ҚЫРҒЫЗСТАН ТӘРІЗДІ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЕЛДЕРІМЕН ТЫҒЫЗ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТА БОЛУ ЕРЕКШЕ МАҢЫЗҒА ИЕ

ТЫҒЫЗ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА БОЛУЫМЫЗҒА ТІЛДІК ЖӘНЕ КОНФЕССИЯЛЫҚ ТУЫСТЫҚ, ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫҢ ҰҚСАСТЫҒЫ НЕГІЗ БОЛДЫ

Сондықтан 1993 жылы түркітілдес мемлекеттер ТҮРКСОЙ түркі мәдениетінің халықаралық ұйымын құрған болатын

III БӨЛІМ. 9.ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН КӨШБАСШЫЛЫҚ

«Еуропаға жол»: Қазақстанның сыртқы саясатының батыс бағдары



2000 ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚ ПЕН ЕУРОПА МОЙЫНДАҒАН ЖАҢА САПАЛЫҚ ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛДІ. ОНЫҢ ЖАРҚЫН ДӘЛЕЛІ – 2007 ЖЫЛДЫҢ ЖЕЛТОҚСАНЫНДА ҚАБЫЛДАНҒАН – ҚАЗАҚСТАННЫҢ 2010 ЖЫЛЫ ЕҚЫҰ-ҒА ТӨРАҒАЛЫҒЫ ЖӨНІНДЕГІ ШЕШІМ ЕДІ

ЕҚЫҰ-ҒА ТӨРАҒАЛЫҚ ТУРАЛЫ ШЕШІМНІҢ ІЗІН АЛА, 2008 ЖЫЛҒЫ ЖОЛДАУЫНДА ЕЛБАСЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІ ДАМЫТУҒА, ТЕХНОЛОГИЯ ТАРТУҒА, ЕЛ ЗАҢДАРЫН ЖЕТІЛДІРУГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН «ЕУРОПАҒА ЖОЛ» АТТЫ АРНАЙЫ БАҒДАРЛАМА ЖАРИЯЛАДЫ

III БӨЛІМ. 9.ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН КӨШБАСШЫЛЫҚ

Көпқырлы сыртқы саясат



НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ 2002 ЖЫЛҒЫ ЖОЛДАУДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГЕОСАЯСИ ТҰРҒЫДАҒЫ ОРНАЛАСУ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІНЕ БАРЫНША САЙ КЕЛЕТІН, КӨПҚЫРЛЫ СЫНДАРЛЫ САЯСАТ ЖҮРГІЗУ МІНДЕТІН АЛҒА ҚОЙҒАН БОЛАТЫН

ЖЕДЕЛ ӨСУ ЖЫЛДАРЫ ДА, 2008–2009 ЖЫЛДАРДАҒЫ ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС КЕЗЕҢІ ДЕ КӨПҚЫРЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚТЫ, ДЕМЕК САЯСИ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ДА ӨРІСТЕТУДІҢ ҚАЖЕТТІГІН ДӘЛЕЛДЕП БЕРДІ 

III БӨЛІМ. 9.ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН КӨШБАСШЫЛЫҚ

Қазақстан – Ресей: нақты істерге толы одақтастық



ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ АРАСЫНДА ШЕШІЛМЕЙТІН МӘСЕЛЕ ЖОҚ. БАРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КЕЛІСІМГЕ КЕЛУ МЕН УАҒДАЛАСТЫҚ АРҚЫЛЫ ШЕШІЛІП ОТЫРДЫ. СОНДЫҚТАН ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ АРАСЫНДАҒЫ МҰҚИЯТ ҮЙЛЕСТІРІЛГЕН МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР – ӘЛЕМНІҢ БАРЛЫҚ ЕЛДЕРІ ҮШІН ҮЛГІ ЖӘНЕ ӨЗЕКТІ

III БӨЛІМ. 9.ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН КӨШБАСШЫЛЫҚ

Қазақстан мен Қытайдың жан-жақты стратегиялық әріптестігі



2000-ШЫ ЖЫЛДАР ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ ТҰРАҚТЫ БАЙЛАНЫС ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ОҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСТЫ МӘНІ БОЛҒАНЫН КӨРСЕТТІ.

Жаңа ғасырдың бірінші онжылдығының ортасында қазақстан – қытай қатынастары стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілсе, ол қытай халық республикасы басшыларының үшінші және төртінші буыны – Цзян Цзэминь мен Ху Цзиньтао алдындағы Қазақстан Республикасының беделіне байланысты болғаны даусыз. 

III БӨЛІМ. 9.ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН КӨШБАСШЫЛЫҚ

Қазақстан – АҚШ: жаһандық бейбітшілік жолындағы стратегиялық әріптестік



ҚАЗАҚСТАН – АМЕРИКА ҚАТЫНАСТАРЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ПРИНЦИПТЕРІ НЕГІЗІНДЕ ҚАРҚЫНДЫ ДАМИ БЕРДІ

2000 ЖЫЛДАРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДА АМЕРИКАЛЫҚТАР ЖАҒЫ «ҮЛКЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУҒА ТАЛПЫНЫС ЖАСАП КӨРДІ. АЛАЙДА БҰЛ ОРЫНДАЛУЫ ҚИЫН ШАРУА ЕДІ

Сөйте тұрса да, Қазақстан АҚШ үшін осы өңірдің негізгі мемлекеттерінің бірі болып қала берді

2009 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР АЙЫНДА Б.ОБАМА АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСТІ. АҚ ҮЙДІҢ ЖАҢА БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫ АЗАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАРЫНА ҚАЗАҚСТАН ТҮСІНІСТІКПЕН ҚАРАДЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАДЫ.

2009 жылдың сәуірінде Парламент Сенатының төрағасы Қ.Тоқаевпен әңгіме барысында Б.Обама Қазақстан «АҚШ-тың досы және сенімді әріптесі» екенін атап өтті.

III БӨЛІМ. 9.ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН КӨШБАСШЫЛЫҚ

Қазақстан мен Еуропаның алпауыт елдері: қарым-қатынастың кеңеюі



ЖАҢА ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ОНЖЫЛДЫҒЫНДА ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ ҚАЗАҚСТАН – БРИТАН САЯСИ ДИАЛОГЫ БЕЛСЕНДІ ДАМИ БЕРДІ

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҰЛЫБРИТАНИЯҒА 2000 ЖӘНЕ 2006 ЖЫЛДАРЫ ЕКІ САПАР ЖАСАДЫ

ГЕРМАНИЯ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҚЫҰ ТӨРАҒАЛЫҒЫНА КАНДИДАТУРАСЫН ҚОЛДАДЫ

ӨЗ КЕЗЕГІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ГЕРМАНИЯНЫҢ БҰҰ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНЕ ТҰРАҚТЫ МҮШЕ БОЛУҒА ТАЛПЫНЫСЫН ҚОЛДАЙТЫНЫН МӘЛІМДЕДІ

2007 ЖЫЛЫ ГЕРМАНИЯ ЕО КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРНЫН ИЕЛЕНДІ. СОНДЫҚТАН НЕМІС СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ӨҢІРІНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ АРТА ТҮСКЕНІ ТҮСІНІКТІ ЕДІ

Еуропалық одақ және Орталық Азия: жаңа әріптестік стратегиясы» құжатын қабылдауға Германия зор еңбек сіңірді. 

2009 жылдың ақпан айында А.Меркельмен бірге 2011 жылға дейінгі кезеңді инновациялық-инвестициялық әріптестік жөніндегі бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.  

2010 ЖЫЛДЫҢ ҚАЗАНЫНДА БРЮССЕЛЬДЕГІ ЕО ШТАБ-ПӘТЕРІНЕ САПАРМЕН БАРЫП, ЕУРОПАЛЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ Х.В. РОМПЕЙМЕН ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ Ж.М. БАРРОЗУМЕН КЕЗДЕСТІМ

2011 жылы Еурокомиссия және Еуропалық Кеңес төрағаларымен тағы да кездестім. ЕО-мен өзара тиімді серіктестік қанатын жая түсті.

Қазақстан мен Францияның ынтымақтастығы қарқынды дамыды 

Екі ел арасында ерекше саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынас қалыптасты. 

2008 жылдың шілдесінде екі ел арасындағы мемлекетаралық өзара әрекеттестіктің кең ауқымын қамтитын Стратегиялық әріптестік туралы шартқа қол қойылды. 

III БӨЛІМ. 9.ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН КӨШБАСШЫЛЫҚ

Қазақстан мен Түркия: қарым-қатынастың жаңа деңгейі



Екі елдің ынтымақтастығын дамыту мен түркітілдес елдердің көшбасшылығына қосқан үлесі үшін А.Гүл Нұрсұлтан Назарбаевты жоғары мемлекеттік марапат – Түркия Республикасының орденімен марапаттады

Астанада жалғасқан келіссөздер барысында Нұрсұлтан Назарбаев түрік инвесторларының нақты жобаларын қамтитын бірлескен экономикалық бағдарлама әзірлеуді ұсынды. Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінің Кеден одағы қосымша мүмкіндік туындататынын да айтып өтеді.

2010 жылы кездесулер Астанада – Астана күні мерекесінде (6 шілдеде), ЕҚЫҰ саммитінде (1–2 желтоқсанда) және Ыстанбұлда – III АӨСШК саммитінде (маусым), Түркітілдес мемлекеттер басшыларының Х саммитінде (қыркүйекте) жалғасты. 2011 жылдың қазан айында Қазақстанда бірлескен экономикалық аймақтар құру жөніндегі меморандумға қол қойылды.

III БӨЛІМ. 9.ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН КӨШБАСШЫЛЫҚ

Орталық Азиядағы бауырлас мемлекеттермен қарым-қатынастар



ОСЫ КЕЗЕҢДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ БАУЫРЛАС ЕЛДЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ НЫҒАЯ ТҮСТІ

Нұрсұлтан Назарбаев әріптестерімен – Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан басшыларымен тұрақты кездесіп тұрды.

ӨҢІРЛІК КӨШБАСШЫ РЕТІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ТҮРЛІ ҚИЫНДЫҚТАРҒА ҚАРАМАСТАН, 2000-ШЫ ЖЫЛДАРЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ӨҢІРІНІҢ БАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕРІМЕН ӨЗАРА ТИІМДІ, ЖЕМІСТІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ЖАЛҒАСТЫРА БІЛДІ

III БӨЛІМ. 9.ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН КӨШБАСШЫЛЫҚ

Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы: еуразиялық қауіпсіздік қоғамдастығына барар жолда



2010 жылдың тамызында ЕҚЫҰ бас хатшысы М. Бришамбо біздің еліміздің жаһандық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға қосқан маңызды үлесін бағалай келіп: «Кең ойластырылған саясатының арқасында Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың жаңа қадірлі мүшесіне айналды», – деп атап өтті. 

Қазақстанның бүгінгі жетістігі – үлгі етуге тұрарлық мысал.

НеЕЛБАСЫ ЕҚЫҰ САММИТІН АСТАНАДА ӨТКІЗУДІ ҰСЫНДЫ. БҰҒАН ДЕЙІН МҰНДАЙ ЖИЫН ОН БІР ЖЫЛ БОЙЫ ӨТКІЗІЛМЕГЕН ЕДІ  


ЗОР ЖҰМЫС АТҚАРЫЛДЫ, 2010 ЖЫЛДЫҢ 1–2 ЖЕЛТОҚСАНЫНДА АСТАНА ЕҚЫҰ САММИТІН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚАРСЫ АЛДЫ.


Қазақстанның басты жетістігі – салмақты саяси жүк көтеріп тұрған «Қауіпсіз қоғамдастыққа барар жолда» деп аталатын Астана декларациясының өзі болды. Онда бірінші рет «Еуроатлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздік қоғамдастығы» ұғымы.

«ҚАЗАҚСТАН-2030» СТРАТЕГИЯСЫН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ОРЫНДАУ. 25 БАСТЫ НӘТИЖЕ



©️ 16.07.2020 «ҚазАқпарат» ХАА