БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН ЗИЯТКЕРЛІК ӨРЛЕУ

БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, МӘДЕНИЕТ, СПОРТ

III Бөлім. 8.БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН ЗИЯТКЕРЛІК ӨРЛЕУ

Мектепке дейінгі және орта білім: мемлекеттің ерекше назарында



МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ ӨТЕ ҚАТТЫ БІЛІНДІ

2000 жылдардың басында ғана мектепке дейінгі тәрбиелеу орындары қайта еңсе көтере бастады. Демографиялық өсім жағдайында мемлекеттің ерекше күш-жігері қажет еді

2010 жылдың қаңтар айындағы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Балапан» бағдарламасы жайлы жария етті. Бұл алға жасалған шешімді қадам еді: 2011 жылдың өзінде мектепке дейінгі мекемелер желісі 500 жаңа ұйымға дейін кеңейді.

2000 ЖЫЛДАРЫ ОРТА БІЛІМ САЛАСЫНА МЕМЛЕКЕТ ИНВЕСТИЦИЯСЫ ҰДАЙЫ ӨСІП ОТЫРДЫ

2004 жылдан бастап Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) енгізілді. Ол мектептегі білімнің қорытынды аттестациясы және жоғары оқу орындарына түсу емтиханы қызметін қатар атқарды. Техникалық және кәсіптік білім берудің 2008–2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Балалардың шығармашылық қабілетін дамытатын және бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған қосымша білім де уақыт талап еткен жаңалық болды.

III БӨЛІМ. 8.БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН ЗИЯТКЕРЛІК ӨРЛЕУ

Қазақстандық оқушылардың табыстары. Назарбаев зияткерлік мектептері – орта білімнің жаңа сапасы



НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ

«МЕН БІЛІМ САПАСЫНА ҰДАЙЫ ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛІП ОТЫРДЫМ. БІЛІМ САПАСЫНЫҢ АРТУЫНА ЖОЛ АШҚАН НЕГІЗГІ ШЕШІМНІҢ БІРІ – ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕҢ ЗАМАНАУИ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ, КӨП ТІЛДІ МОДЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ИДЕЯСЫ БОЛДЫ. 2009 ЖЫЛЫ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ АРНАЛҒАН БІРЕГЕЙ ЖОБА – НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ»

2007 жылы Қазақстан математика мен жаратылыстану пәндері бойынша төртінші сынып оқушыларының білімін бағалауға арналған халықаралық зерттеуге (Third International Mathematics and Science Study) қатысты. Қазақстандық оқушылар жоғары ұпай жинап, 43 ел ішінде бесінші орын иеленді.

III БӨЛІМ. 8.БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН ЗИЯТКЕРЛІК ӨРЛЕУ

Жоғары білімнің жаңа белесі



2007 ЖЫЛДЫҢ ШІЛДЕ АЙЫНДА «БІЛІМ ТУРАЛЫ» ЖАҢА ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ. ЗАҢ БОЙЫНША ЖҮЙЕ ЖЕТІ ДЕҢГЕЙГЕ БӨЛІНДІ: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ, БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА, ОРТА, ОРТАДАН КЕЙІНГІ, ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ

2011 ЖЫЛДЫҢ ШІЛДЕСІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІР ТОП ЖЕТЕКШІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ МӘРТЕБЕСІ БЕРІЛДІ

БІЛІМ САПАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫЛАУЫНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУЫ ДА ӘСЕР ЕТТІ

2001 ЖЫЛЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ БАЗАСЫНДА М.В. ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛИАЛЫН АШУДЫ БАСТАМА ЕТІП КӨТЕРДІ


СОЛ ЖЫЛЫ АЛМАТЫДА ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ Т.БЛЭРДІҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫМЕН ҚАЗАҚ-БРИТАН ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ АШЫЛДЫ

Жоғары білімді кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс ұлғая түсті. Жыл сайын 30 мыңнан астам қазақстандық жас грант иеленіп отырды. 2010 жылдардың бас кезінде жоғары оқу орындарында 600 мың студент білім алып жатты.

III БӨЛІМ. 8.БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН ЗИЯТКЕРЛІК ӨРЛЕУ

Назарбаев Университеті: іске асқан батыл жоспар



III БӨЛІМ. 8.БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН ЗИЯТКЕРЛІК ӨРЛЕУ

«Болашақ» бағдарламасы: кемел келешек негізі



2005 ЖЫЛЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ БАҒДАРЛАМАНЫ МЕЙЛІНШЕ КҮШЕЙТЕ ОТЫРЫП, ӘЛЕМНІҢ ЖЕТЕКШІ УНИВЕРСИТЕТТЕРІНДЕГІ ДАРЫНДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТИПЕНДИАТТАРДЫҢ САНЫН ҮШ МЫҢҒА ДЕЙІН ҰЛҒАЙТУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ

2005 жылдың сәуірінде Үкімет «Халықаралық бағдарламалар орталығын» құрды. 1994–2004 жылдар аралығындағы 10 жыл ішінде 800-ге жуық адам стипендиат атанса, 2005–2006 жылдары бакалавриат және магистратура бағдарламасы бойынша «Болашақ» стипендиясы 2,5 мың жас қазақстандыққа табыс етілді 

III БӨЛІМ. 8.БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН ЗИЯТКЕРЛІК ӨРЛЕУ

Қазақстан ғылымы: жаңа үлгіде ілгерілеу



2000-ЖЫЛДАРЫ

ЭКОНОМИКА МЕН МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТІҢ ӨСІМІНЕ ОРАЙ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ДА ЖАҚСАРА ТҮСТІ

Ондаған жылдар ішінде қаржыландыру он еседен де артып, 2000 жылғы 2 миллиард теңгеден 2011 жылы 21 миллиард теңгеге дейін көтерілді.

1990-ЖЫЛДАРДАҒЫ ДАҒДАРЫС КЕЗІНДЕ КҮРТ АЗАЙҒАН ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН ҒАЛЫМДАРДЫҢ САНЫ ҚАЙТА КӨБЕЙДІ.

ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫСЫНДА-АҚ ОЛАРДЫҢ САНЫ 20 ПРОЦЕНТКЕ АРТТЫ

Ғылым салаларындағы жетістіктері үшін ғалымдарға Қ.Сәтбаев, Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, Ы.Алтынсарин, Күлтегін атындағы сыйлықтар тағайындау да ғылыми қызметтің беделін қалпына келтірудегі елеулі қадам болды.

III БӨЛІМ. 8.БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН ЗИЯТКЕРЛІК ӨРЛЕУ

Мемлекеттік тіл. Үш тілдің үйлесімді дамуы



2006 ЖЫЛДЫҢ ҚАЗАН АЙЫНДА НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҮШТІЛДІЛІКТІ ЕНГІЗУ ИДЕЯСЫН ЖАРИЯ ЕТТІ. ОНЫҢ ТҮПКІ ОЙЫНША, ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЖАҢА БУЫНЫ КЕМ ДЕГЕНДЕ ҮШ ТІЛДІ БОЛУҒА ТИІС, ЯҒНИ ҚАЗАҚ, ОРЫС ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІН ЕРКІН МЕҢГЕРУІ ҚАЖЕТ

III БӨЛІМ. 8.БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН ЗИЯТКЕРЛІК ӨРЛЕУ

Қазақ мәдениетінің гүлденуі. «Мәдени мұра» бағдарламасы



НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ

«ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИ ТҰТАСТЫҒЫН НЫҚТАЙТЫН ӨЗЕК ПЕН АРҚАУ ЕКЕНІН МЕН ҮНЕМІ АЙТЫП КЕЛЕМІН»

2003 жылдың сәуіріндегі Жолдауында Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық мәдени мұраны жаңғыртуға, зерттеуге және жинақтауға байланысты арнайы бағдарлама жасауды тапсырды.

III БӨЛІМ. 8.БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН ЗИЯТКЕРЛІК ӨРЛЕУ

Дүниежүзі қазақтарының құрылтайлары



ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙЛАРЫ МАҢЫЗДЫ ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ОҚИҒАҒА АЙНАЛДЫ ________________________________________


2002 ЖЫЛДЫҢ ҚАЗАНЫНДА

Түркістанда Дүниежүзі қазақтарының ІІ құрылтайы өтті. Қатысушылар алдында сөз сөйлеген Елбасы қазақ тілі мен қазақ мәдениетін жаңғырту ісінде жеткен елеулі жетістіктеріміз туралы әңгімеледі..

III БӨЛІМ. 8.БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН ЗИЯТКЕРЛІК ӨРЛЕУ

Мәдени өрлеу: әдебиет пен өнер



ҚАРЖЫЛЫҚ МҮМКІНДІГІМІЗ АРТА ТҮСІП, ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АЛҒАШҚЫ ЖЫЛДАРЫНДА МЕЖЕ ЕТІЛГЕН МӘДЕНИЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІН ІСКЕ АСЫРУҒА ЖОЛ АШЫЛДЫ.

НЕГІЗГІ ҚАРЖЫ ЕЛ АУМАҒЫНДАҒЫ ҒАНА ЕМЕС, ШЕТЕЛДЕРДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕРДІ ДЕ ҚОЛДАУҒА, АЛҒА БАСТЫРУҒА ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ОШАҚТАРЫН САЛУҒА ЖҰМСАЛДЫ

III БӨЛІМ. 8.БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН ЗИЯТКЕРЛІК ӨРЛЕУ

Дене шынықтыру мен бұқаралық спорттың дамуы



2001 жылы Дене шынықтыру мен спорттың 2005 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы қабылданды 

САЛАМАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕ ҰМТЫЛЫСЫН МЕМЛЕКЕТ ЕКІ БАҒЫТҚА ШОҒЫРЛАНДЫРДЫ

БІРІНШІСІ

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУДЫ ДАМЫТУ, БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ ШАРАЛАРЫНЫҢ САНЫН АРТТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ НЫСАНДАРДЫ КӨБЕЙТУ

ЕКІНШІСІ

ШЫЛЫМҚОРЛЫҚ, ІШІМДІК ПЕН ЕСІРТКІНІ ШЕКТЕН ТЫС ҚОЛДАНУ СИЯҚТЫ ҚАТЕРЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫМЕН КҮРЕС

2000-шы жылдардың орта шенінен бастап салалық спартакиадаларды, оқушылар спартакиадасы мен студенттер жарысын өткізу дәстүрі қайта жаңғырды. Спорт нысандарының саны 32 мыңға жетті. Олимпиялық даярлық және олимпиялық ізбасарлар орталықтарының ашылуы спортты дамытуға елеулі үлес қосты. 

III БӨЛІМ. 8.БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН ЗИЯТКЕРЛІК ӨРЛЕУ

Қазақстан спортының жеңістері



ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДА ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИГІЛІККЕ АЙНАЛЫП ҮЛГЕРГЕН ҮЗДІК СПОРТТЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

СПОРТ САЛАСЫНДА ТАБЫСТАРҒА ЖЕТІП ҚАНА ҚОЙМАЙ, СПОРТ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАРЫН ДАМЫТУДА ДА АЛҒА ҚАДАМ ЖАСАДЫҚ. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҰДАЙЫ ҚОЛДАУЫ МЕН СПОРТШЫЛАРДЫҢ ЫНТА-ЖІГЕРІ ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕЛЕРДІҢ КЕПІЛІ БОЛДЫ

2000 ЖЫЛЫ СИДНЕЙДЕ (АВСТРАЛИЯ) ОЛИМПИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТТІ

Қазақстан құрама командасы үлкен табысқа жетіп, командалық есепте 199 елдің ішінен 22-орынды иеленді.

Қазақстандық үш спортшы – боксшылар Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ыбырайымов және жеңіл атлет Ольга Шишигина Олимпиада чемпионы атанды 

Қазақстан туы астындағы спорттық жеңістер синергетикалық әсер берді: отаншылдықты мығымдады, жастарды саламатты өмір салтына бейімдеді, Қазақстанның табысты өркендеп келе жатқан ел ретіндегі халықаралық беделін арттыра түсті.

©️ 15.07.2020 «ҚазАқпарат» ХАА