



ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ АУҚЫМДЫ ОРТАҚ ІС, ӘР АДАМНЫҢ ЕЛДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ САЯСИ ТАБЫСТАРҒА ТІКЕЛЕЙ ҚАТЫСТЫЛЫҒЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУЫНА ДЕГЕН МАҚТАНЫШ БІРІКТІРДІ
Әр үйдегі экономикалық өсім, игілік қазақстандықтардың жалпы еңбегінің нәтижесі болды. Сондай-ақ бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу міндеті де жалпыұлттық бірігуді нығайтуды талап етті



ЕЛДЕГІ НЕГІЗГІ ЗАҢ РЕФОРМАСЫНАН СОҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙГЕ ДЕЙІН КӨТЕРІЛДІ.
2007 ЖЫЛДЫҢ 20 ТАМЫЗЫ ҚХА ҮШІН ЕРЕКШЕ КҮН БОЛДЫ.
Сол күні Ассамблея тұңғыш рет Парламент Мәжілісіне 9 депутатын сайлады. ҚХА-дан сайланған депутаттардың басынан бастап Ассамблеяның мүддесін елдегі барлық этностардың мүдделерінің жиынтығы ретінде қабылдауы маңызды болатын. Оның үстіне Сенаттағы алты президенттік квота да ҚХА-мен келіскеннен кейін тағайындалатын болды.






2003 ЖЫЛДЫҢ ҚАЗАН АЙЫНДА ӨТКЕН І АЗАМАТТЫҚ ФОРУМ МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР АРАСЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА СЕРПІН БЕРДІ
2005 ЖЫЛДЫҢ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНДА ІІ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫ ҚҰРЫЛДЫ
2007, 2009 жылдары ІІІ және IV Азаматтық форумдар өткізілді. Мемлекеттік органдар басшыларының азаматтық қоғам алдындағы жария есебі тәжірибеге енгізілді. 2011 жылдың қазан айында өткен V Азаматтық форумда тәуелсіздіктің жиырма жылындағы «үшінші сектордың» дамуы туралы ұлттық баяндама қабылданды.
2000 ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНДА БАҚ РӨЛІ КҮРТ ӨСЕ ТҮСТІ.
СОНДЫҚТАН АҚПАРАТ КЕҢІСТІГІН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ ЖӨНІНДЕГІ МӘСЕЛЕ САЯСИ РЕФОРМАЛАР БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІНЕ АЙНАЛДЫ
ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ БАҚ РӨЛІНІҢ АРТУЫ МЕДИАТОПТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНА ЖОЛ АШТЫ
САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ЖАҚСАРУЫНА ЖОЛ АШТЫ
1990 ЖЫЛДАРДАҒЫДАЙ, ТЕК КҮНДЕЛІКТІ НАН ТАУЫП ЖЕУГЕ МҰҚТАЖДЫҚ БІРТЕ-БІРТЕ АЗАЯ БЕРДІ
Жүз мыңдаған қазақстандық азамат өздерінің тұрғын жайын жақсартып, тұрмысын түзеуге, киім-кешегін жаңалауға, автомобиль сатып алуға мүмкіндік алды, жиған-тергенін банкте жинап, шетелдерде демала бастады. Жеке адамдардың жалпы сомасы 1 миллиард долларға тең депозиті әл-ауқаттың артқанын күмәнсіз айшықтады. Елдегі орта таптың өсіп, қанат жайып келе жатқаны айқын еді.






2000 ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚСТАНҒА ӘЛЕМДІК ІРІ КОНФЕССИЯЛАР БАСШЫЛАРЫ БІРНЕШЕ РЕТ КЕЛІП ҚАЙТТЫ. БҰЛ ОЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ҚҰРМЕТІН ЖӘНЕ БІЗДІҢ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ ҮЛГІМІЗДІҢ ТИІМДІЛІГІН МОЙЫНДАУЫН БІЛДІРСЕ КЕРЕК



2001 ЖЫЛДЫҢ 22–25 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ АСТАНАҒА РИМ КАТОЛИК ШІРКЕУІНІҢ БАСШЫСЫ, КАТОЛИК ӘЛЕМІНІҢ РУХАНИ КӨШБАСШЫСЫ – РИМ ПАПАСЫ ІІ ИОАНН ПАВЕЛДІҢ КЕЛУІ ЕЛ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ ОҚИҒА БОЛДЫ





ХХІ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ОНЖЫЛДЫҒЫНДА – 2003, 2006 ЖӘНЕ 2009 ЖЫЛДАРЫ АСТАНАДА ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ ҮШ СЪЕЗІ ӨТКІЗІЛДІ
Қазақстан орындалуы неғайбыл нәрсені жүзеге асырды – дөңгелек үстел басына әлемдік ірі конфессия өкілдерін бетпе-бет жинады.
«МЕН АСТАНАДАҒЫ СЪЕЗДЕР ДІНАРАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫСТАР ҚАУПІН АРТТА ҚАЛДЫРУ ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ РУХАНИ КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУ ЖОЛЫНДАҒЫ БІЗДІҢ ШЫНАЙЫ ҮЛЕСІМІЗ БОЛҒАНЫНА СЕНІМДІМІН. ӨЗ ЖЕРІНДЕ ТҮРЛІ ДІНДЕРДІҢ БЕЙБІТ-ҚАТАР ӨМІР СҮРУІНЕ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДИАЛОГЫНА ЖАҒДАЙ ТУҒЫЗҒАН ҚАЗАҚСТАН ОСЫ ФОРУМҒА ЕРЕКШЕ ЛАЙЫҚ АЛАҢ БОЛА БІЛДІ. БІЗ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАРЛЫҚ КОНФЕССИЯҒА ҚАЖЕТТІ НАЗАР АУДАРДЫҚ. ӨЙТКЕНІ ІШКІ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КЕЛІСІМНІҢ БІР ТІРЕГІ ЕКЕНІНЕ СЕНІМІМ ЗОР»
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ



2003 ЖЫЛЫ АЛМАТЫДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІРІНШІ ИСЛАМ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ – «НҰР» ҚАЗАҚ-ЕГИПЕТ ИСЛАМ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АШЫЛУЫ АЙРЫҚША ОҚИҒА БОЛДЫ.
ЖЫЛ ӨТКЕН САЙЫН ҚАЖЫЛЫҚҚА – БАРЛЫҚ МҰСЫЛМАН ҮШІН ҚАСИЕТТІ МЕККЕ, МЕДИНА ҚАЛАЛАРЫНА ЗИЯРАТ ЕТУГЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МҰСЫЛМАНДАР АРАСЫНАН АТТАНУШЫЛАР САНЫ ДА КӨБЕЙДІ. ЕЛ АУМАҒЫНДА ЖАҢА МЕШІТТЕР МЕН ҒИБАДАТХАНАЛАР САЛЫНДЫ



ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ БАСЫМ КӨПШІЛІГІ ҰСТАНАТЫН ЕКІ ІРІ ДІНГЕ – ИСЛАМ МЕН ХРИСТИАНДЫҚҚА ҚҰРМЕТ РЕТІНДЕ 2005 ЖЫЛЫ МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ ҚҰРБАН АЙТ МЕЙРАМЫ ЖӘНЕ ПРАВОСЛАВТАРДЫҢ РОЖДЕСТВО МЕРЕКЕСІН МЕРЕКЕЛІК ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ДЕП ЖАРИЯЛАНДЫ
